"Қазақстан Республикасында бақылауға жататын есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар тізімін, Заңсыз айналымда жүргені анықталған есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестер мен прекурсорларды шағын, ірі және аса ірі мөлшерге жатқызу туралы жиынты

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 27 қыркүйектегі № 677 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 10-1-бабының 8) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабының 1-тармағына сәйкес және Келес ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2021 жылғы 17 қыркүйектегі № 08-02-03/228 ұсынысы негізінде, ШЕШТІМ:

      1. Келес ауданы Бірлік ауылдық округінің (кадастрлық нөмірі № 19-326-087-199) жер учаскесінде орналасқан У.Сергалиевтің мал шаруашылығы кешенінің аумағында бруцеллез ауруын жою бойынша кешенді ветеринариялық іс-шаралардың жүргізілуіне байланысты белгіленген шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.

      2. Келес ауданы Бірлік ауылдық округ әкімінің 2021 жылғы 12 шілдедегі №13 "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23526 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Бірлік ауылдық округ әкімі А. Серикбаев