Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 21 қыркүйектегі № 650 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2021 жылғы 21 қыркүйектегі
№ 650 қаулысына
қосымша

Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі

      1. "Жылу электр станцияларының қазандық қондырғыларына отынның әр түрін жағу кезінде қоршаған ортаға шығарылатын эмиссияларға қойылатын талаптар" техникалық регламентін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 14 желтоқсандағы № 1232 қаулысы.

      2. "Ферроқорытпаларды өндіру кезінде қоршаған ортаға шығарылатын эмиссияларға қойылатын талаптар" техникалық регламентін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 қаңтардағы № 46 қаулысы.

      3. "Байер-күйдіру әдісімен сазбалшық өндіру кезінде қоршаған ортаға шығарылатын эмиссияларға қойылатын талаптар" техникалық регламентін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 6 тамыздағы № 1207 қаулысы.

      4. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 14 желтоқсандағы № 1232 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 21 шілдедегі № 747 қаулысы.

      5. "Электролиз әдісімен алюминийді өндіру кезінде қоршаған ортаға шығарылатын эмиссияларға қойылатын талаптар" техникалық регламентін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 10 қыркүйектегі № 925 қаулысы.