Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 03.06.2022 № 361 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Базалық қаржыландыру субъектілері болып табылатын ұйымдардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 13 мамырдағы № 511 қаулысына мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген базалық қаржыландыру субъектілері болып табылатын ұйымдардың тізбесінде:
"Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі" деген бөлімде:
"Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму комитеті" деген кіші бөлім:
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 189-1-жолмен толықтырылсын:
"
189-1 | "Инфекцияға қарсы препараттардың ғылыми орталығы" акционерлік қоғамы |
".
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
А. Мамин |