"Жылумен, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін реконструкциялауға және салуға 2019 жылы республикалық бюджеттен Нұр-Сұлтан қаласы мен Маңғыстау облысына берілген бюджеттік кредиттерді қайта құрылымдау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 31 тамыздағы № 581 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Жылумен, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін реконструкциялауға және салуға 2019 жылы республикалық бюджеттен Нұр-Сұлтан қаласы мен Маңғыстау облысына берілген бюджеттік кредиттерді қайта құрылымдау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 18 ақпандағы № 71 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      1-тармақтың 3) тармақшасы алып тасталсын;

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2020 жылғы 3 желтоқсаннан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин