Ескерту. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 21.06.2023 № 492 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Үкіметтік борыштың және жергілікті атқарушы орган борышының лимитін, мемлекеттік кепілдіктер мен мемлекет кепілгерліктерін беру лимиттерін айқындау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 маусымдағы № 906 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Үкіметтік борыштың және жергілікті атқарушы орган борышының лимитін, мемлекеттік кепілдіктер мен мемлекет кепілгерліктерін беру лимиттерін айқындау ережесінде:
3-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3-1. Үкіметтік борыш лимитін нақтылау жоспарланатын қаржы жылына белгіленген республикалық бюджет тапшылығының көлемі немесе валюталарды айырбастаудың есептік бағамы өзгерген жағдайларда республикалық бюджетті тиісті қаржы жылы ішінде нақтылау кезінде жүргізіледі.
Бұл ретте тиісті жыл ішінде бюджет параметрлері нақтыланған жағдайда есептеулерде тиісті қаржы жылының басындағы үкіметтік борыштың нақты көлемі қолданылады.";
көрсетілген Ережеге 1-қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
А. Мамин |
Үкіметтік борыш лимитін айқындау формулалары
Lgov = Lgov1 + Вdеf + (Dgov * Е), мұндағы
Lgov – жоспарланатын қаржы жылына арналған, теңгемен есептелетін үкіметтік борыш лимиті;
Lgov1 – жоспарланатын қаржы жылының алдындағы жылдың соңындағы үкіметтік борыш лимиті.
Бұл ретте тиісті қаржы жылы ішінде бюджет параметрлері нақтыланған жағдайда Lgov1 деп жоспарланып отырған қаржы жылының алдындағы жылдың соңындағы үкіметтік борыштың нақты көлемі қолданылады;
Вdеf – жоспарланатын қаржы жылында республикалық бюджет тапшылығын ішкі нарықта ұлттық валютамен үкіметтік қарыз алу есебінен қаржыландырудың жалпы көлемі;
Dgov – жоспарланатын қаржы жылында республикалық бюджет тапшылығын сыртқы нарықта үкіметтік қарыз алу есебінен қаржыландырудың АҚШ долларындағы кросс-бағамды ескере отырып келтірілген жалпы көлемі;
Е – жоспарланатын қаржы жылына арналған республикалық бюджетті әзірлеу барысында көзделген теңгенің АҚШ долларына есептік бағамы.
Жоспарланатын қаржы жылына арналған үкіметтік борыш лимитін айқындау кезінде мынадай талаптар орындалуға тиіс:
В1< (ExGB * 0,15) - В2, мұндағы
B1 – жоспарланатын қаржы жылына арналған үкіметтік борышқа қызмет көрсетуге арналған шығындардың көлемі;
ExGB – жоспарланатын қаржы жылына арналған республикалық бюджет шығыстарының көлемі;
B2 – жоспарланатын қаржы жылына арналған мемлекеттік кепілдіктер мен мемлекеттің кепілгерліктері бойынша міндеттемелерді орындауға байланысты шығындардың көлемі.