"Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың резервтерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 2

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 6 тамыздағы № 533 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың резервтерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 25 сәуірдегі № 325 қаулысына мынадай толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың резервтерін пайдалану қағидалары:

      мынадай мазмұндағы 18-2-тармақпен толықтырылсын:

      "18-2. COVID-19 коронавирус инфекциясының одан әрі таралуына жол бермеу мақсатында Қазақстан Республикасына ресми ізгілік көмек көрсету үшін шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдар Қазақстан Республикасына ұсынған тауарларды тасымалдау жөніндегі көлік ұйымдарының шығыстарын өтеу Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасының ресми ізгілік көмекті қабылдауы туралы шешім қабылдаған күннен бастап он сегіз ай ішінде жүзеге асырылады.".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин