"Акцияларының бақылау пакеттері мемлекетке тиесілі мемлекеттік кәсіпорындарды, акционерлік қоғамдарды және олардағы мемлекеттік қатысу үлестерінің мөлшері қатысушылардың жалпы жиналысының шешімін анықтауға мемлекетке мүмкіндік беретін жауапкершілігі шекте

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 5 тамыздағы № 522 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Акцияларының бақылау пакеттері мемлекетке тиесілі мемлекеттік кәсіпорындарды, акционерлік қоғамдарды және олардағы мемлекеттік қатысу үлестерінің мөлшері қатысушылардың жалпы жиналысының шешімін анықтауға мемлекетке мүмкіндік беретін жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерді оңтайландыру мақсатымен олардың әкімшілік шығыстарының мониторингін жүргізу тетігін анықтау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 10 ақпандағы № 145 қаулысына мынадай толықтыру енгізілсін:

      1-тармақтың 3) тармақшасы үшінші абзацтан кейін мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:

      "ескертпе: акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің (мемлекеттік кәсіпорындар) әкімшілік аппараттарын орналастыруға арналған алаңдардың нормалары "Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Ақпараттық-есептеу орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Ұлттық талдауды қалыптастыру департаментіне (Талдау орталығы) қолданылмайды;".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин