"Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 13 қарашадағы № 746 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу тур

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 4 маусымдағы № 382 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 13 қарашадағы № 746 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      "5.2. Екінші бағыт: жаппай кәсіпкерлікті дамыту" деген кіші бөлімде:

      "5.2.2. Кәсіпкерлік бастамаларды қолдау" деген тармақ мынадай мазмұндағы бірінші және екінші бөліктермен толықтырылсын:

      "Жұмыссыз және өзін-өзі жұмыспен қамтыған халықтың, микро-, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің (оның ішінде заңды тұлғалардың) қаржы ресурстарына қолжетімділігін кеңейту мақсатында төмендетілген сыйақы мөлшерлемелері бойынша микроқаржыландыруға қолжетімділікті оңайлату және арттыру есебінен мемлекеттің және "Атамекен" ҰКП-ның қатысуымен қызметін өңірлерде жүзеге асыратын микроқаржы ұйымдарын құру көзделеді.

      Микроқаржы ұйымдарының (бұдан әрі – МҚҰ) орнықты жүйесінің қалыптасуы мынадай іс-шараларды іске асыру есебінен жүзеге асырылады:

      барлық өңірде үлестердің тиісінше 49 % және 51 % арақатынасымен мемлекет (ӘКК) және "Атамекен" ҰКП қатысатын МҚҰ құру;

      мемлекеттің қатысуымен құрылған/құрылатын МҚҰ үшін "Атамекен" ҰКП-ның (келісу бойынша) кәсіпкерлікті дамыту мен қолдау және қаржы нарығын дамыту мен реттеу саласындағы уәкілетті органдармен келісу бойынша:

      микрокредит берудің бірыңғай әдіснамасын (кредит саясаты, кепіл саясаты, кредиттік комитеті туралы ереже, тәуекел-менеджмент туралы ереже);

      үлгілік ішкі нормативтік құжаттарды (менеджменттің, байқау кеңесінің, кредиттік комитет мүшелерінің жауапкершілігі), бизнес-процестердің, постмониторингтің, есептіліктің регламенттерін әзірлеуі;

      "Атамекен" ӨКП аудандық филиалдары арқылы аудандық деңгейде өтініш берушілер құжаттарының толық топтамасын (кредиттік өтінімді) қабылдауды қамтамасыз ету;

      "Атамекен" ҰКП-ның қарыз алушылардың жобаларын сүйемелдеуді ұйымдастыруға, оның ішінде рұқсат құжаттарын алу, мемлекеттік органдармен және ұйымдармен өзара іс-қимыл, өндірілген өнімді өткізуді жолға қоюға жәрдемдесу бойынша консультациялар беру және қарыз алушы кәсіпорнының тиімді қызметіне ықпал ететін өзге де шаралар арқылы жәрдемдесуі;

      "Атамекен" ҰКП-ның мемлекет және ҰКП қатысатын МҚҰ кредит берген қарыз алушыларға постмониторингті ұйымдастыруға жәрдемдесуі;

      өтініш беруші туралы ақпаратты автоматтандырылған түрде жинау үшін кейіннен мемлекеттік деректер базасымен интеграциялай отырып, кредиттік өтінімді қараудың бизнес-процестерін автоматтандыруды көздейтін заманауи цифрлық технологияларды пайдалана отырып, мемлекет және "Атамекен" ҰКП қатысатын МҚҰ қызметінің ақпараттық-талдамалық инфрақұрылымын қалыптастыру;

      мемлекет және "Атамекен" ҰКП қатысатын МҚҰ-ның өзін-өзі өтеуін қамтамасыз ету, теріс қаржылық үрдістердің туындауының, сондай-ақ банкроттық белгілердің пайда болуының (операциялық шығыстарды, пруденциялық нормативтердің сақталуын, провизиялардың құрылуын, қамтамасыз етуді, пайданың ең төменгі нормасын ескере отырып) алдын алу;

      мемлекет және "Атамекен" ҰКП қатысатын МҚҰ қызметінде қаржылық және бюджеттік тәртіпті күшейту;

      қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру жөніндегі құқыққа қарсы қызметке мемлекет және "Атамекен" ҰКП қатысатын МҚҰ-ның тартылуының алдын алу;

      мемлекеттің және "Атамекен" ҰКП қатысатын МҚҰ қызметінің мониторингін ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын талаптарды айқындау (пруденциялық нормативтерге сәйкес);

      мемлекет және "Атамекен" ҰКП қатысатын МҚҰ жарғылық капиталдарын жергілікті бюджет қаражаты есебінен қалыптастыру/толықтыру;

      пруденциялық нормативтерге сәйкес қажет болған жағдайда МҚҰ қосымша капиталдандыру;

      микрокредит беру ұйымдарын қорландыру және мемлекет пен "Атамекен" ҰКП қатысатын МҚҰ-ны кейіннен жеңілдікті қайтарымды қорландыру үшін республикалық бюджеттен жергілікті бюджеттерге 6 %-дан аспайтын мөлшерлеме бойынша МҚҰ-ға одан әрі бюджеттік кредит беруді қамтамасыз ететін мөлшерлемелер бойынша бюджеттік кредиттер бөлу, бұл ретте мемлекет қатысатын МҚҰ қорландыру мынадай шарттарда жүзеге асырылады:

      кәсіпкерлік субъектілері үшін қаржыландырудың қолжетімділігін арттыру жөніндегі міндеттерді шешу үшін ЖАО "Аграрлық кредит корпорациясы" акционерлік қоғамын (бұдан әрі – "АКК" АҚ) кредит беру жөніндегі өңірлік ұйым ретінде айқындайды.

      Микрокредит беру мақсатында ЖАО мынадай шарттарда бюджеттік кредит береді:

      1) жылдық 0,01 % (нөл бүтін жүзден бір) сыйақы мөлшерлемесімен қайтарымдылық, мерзімділік және ақылылық қағидаттарында 10 (он) жылға;

      2) бюджеттік кредиттің нысаналы мақсаты – "Бастау Бизнес" жобасы түлектерінің бизнес-жоспарларын микрокредиттеу;

      3) негізгі борышты өтеу бойынша бюджеттік кредит мерзімі ұзақтығының үштен бірінен аспайтын мерзімге жеңілдікті кезең;

      4) бюджеттік кредитті игеру кезеңі 12 (он екі) айды құрайды және ЖАО бюджеттік кредитті аударған күннен бастап есептеледі.

      "АКК" АҚ-ның кредиттеу бойынша қатысуы, сондай-ақ бөлінетін сомалар туралы шешім облыс әкімдігінің қаулысымен қабылданады. Кәсіпкерлік немесе ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі ЖАО кредит беру бойынша "АКК" АҚ-ға кредиттік келісімдер бойынша бюджеттік кредит қаражатын ұсынады.

      "АКК" АҚ-ға бюджеттік кредиттер беру шарттары:

      1) кредит беру мерзімі – он жылдан аспайды;

      2) сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 0,01 % (нөл бүтін жүзден бір);

      3) игеру кезеңі – 12 (он екі) ай;

      4) нысаналы мақсаты – "Бастау Бизнес" жобасы түлектерінің бизнес-жоспарларына микрокредит беру үшін мемлекет қатысатын микроқаржы ұйымдарын (бұдан әрі – МҚҰ) қорландыру.

      МҚҰ қорландырудың шарттары:

      1) қорландыру мерзімділік, қайтарымдылық, ақылылық және нысаналы пайдалану шарттарында жүзеге асырылады;

      2) кредит беру мерзімі – 10 (он) жылға дейін;

      3) сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 2 % (екі) дейін;

      4) игеру кезеңі – 12 (он екі) ай, бірақ келесі қаржы жылының 1 наурызынан кешіктірмей;

      5) нысаналы мақсаты – "Бастау Бизнес" жобасы түлектерінің бизнес-жоспарларын микрокредиттеу.

      Кредит беру бойынша "АКК" АҚ /МҚҰ негізгі борышты өтеу бойынша кредит беру мерзімі ұзақтығының үштен бірінен аспайтын мерзімге жеңілдікті кезең ұсынылады.

      Бюджеттік кредитті кредиттерге, қарыздарға немесе лизинг шарттарына қызмет көрсету бойынша ағымдағы төлемдер бойынша есеп айырысуды жүргізу мақсаттарына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 171-бабының 3-тармағында көзделген мақсаттарға жіберуге жол берілмейді.

      Сондай-ақ, тұтынушылық мақсаттарға, акцизделетін өнім өндіруге, жылжымайтын тұрғын мүлік сатып алуға және салуға, жер учаскелерін мұндай жер учаскелерінің/жылжымайтын тұрғын мүліктің нысаналы мақсаты кредит беру туралы шарт жасалған күннен бастап бір жыл ішінде бизнес мақсаттарға өзгертілетін жағдайларды қоспағанда, сатып алуға (нысаналы мақсаты кәсіпкерлік қызметпен байланысты емес) бюджеттік кредит берілмейді.";

      "Түпкілікті қарыз алушыларға кредит беру тәртібі мен тетігі":

      "Түпкілікті қарыз алушыларға кредит беру тәртібі мен тетігі "Бастау Бизнес" жобасының түлектеріне микрокредиттер беру шарттары:

      1) микрокредит мерзімі – 5 (бес) жылға дейін, мал шаруашылығы саласындағы жобалар үшін микрокредит мерзімі – 7 (жеті) жылға дейін;

      2) микрокредиттің ең жоғары сомасы:

      ауылдық елді мекендерде (олардың әкімшілік бағыныстылығына қарамастан) және шағын қалаларда – тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленетін 2,5 мың айлық есептік көрсеткішке (бұдан әрі – АЕК) дейін);

      қалаларда, моноқалаларда – (Шымкент, Ақтау, Атырау қалаларынан басқа) – 6,5 (алты жарым) мың АЕК-ке дейін;

      Шымкент, Ақтау, Атырау қалаларында – 8,0 (сегіз) мың АЕК-ке дейін;

      3) сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 6 % (алты) аспайды;

      4) "Еңбек" бағдарламасына қатысушының микрокредит бойынша міндеттемелерін бұзуы себебінен алынатын комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді қоспағанда, МҚҰ "Бастау Бизнес" жобасы түлектерінің микрокредитіне байланысты қандай да бір комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді алмайды, бұл ретте мұндай комиссиялардың, алымдардың және/немесе өзге де төлемдердің мөлшері "АКК" АҚ-мен алдын ала жазбаша келісілуге тиіс;

      5) кредитордың шешімі бойынша микрокредит беру мерзімі ұзақтығының үштен бірінен аспайтын мерзімге негізгі борышты және сыйақыны өтеу бойынша жеңілдікті кезең алу мүмкіндігі;

      6) қарыздардың мерзімдері мен сомалары агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті орган бекітетін шағын қалаларда және ауылдық елді мекендерде кредит беру/микрокредит беру қағидаларына (бұдан әрі – Микрокредит беру қағидалары) сәйкес "Еңбек" бағдарламасына қатысушы қызметінің бағытына сәйкес айқындалады.

      МҚҰ ұсынылған құжаттар тізбесі негізінде бизнес жобаға бағалау жүргізеді, содан кейін микрокредит берудің мүмкіндігі немесе мүмкін еместігі туралы шешім қабылдайды.

      МҚҰ түпкілікті қарыз алушыларға кредит беру туралы шешімді дербес қабылдайды.

      МҚҰ кредит беру туралы оң шешім қабылдағаннан кейін түпкілікті қарыз алушымен Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес микрокредит беру туралы шарт жасасады.

      Микрокредит шарттары, қарыз алушының кредитті қамтамасыз ету тәсілдері, қарыз алушылардың санаты, қарыз мерзімдері мен сомалары кредитордың шешімімен белгіленеді және кредит шартында көрсетіледі.

      Көрсетілген мерзімдер өткенге дейін кредит қаражаты игерілмеген жағдайда, "АКК" АҚ/МҚҰ олардың жергілікті бюджетке қайтарылуын қамтамасыз етеді, өз кезегінде ЖАО республикалық бюджетке қайтаруды жүзеге асырады.";

      микрокредит беру ұйымдарының МҚҰ-ны мемлекеттің және "Атамекен" ҰКП қатысуымен меншікті капиталға, тиісті пруденциялық нормативтерде белгіленген шектерде үшінші тұлғалар мен түпкілікті қарыз алушылардың кепіліне қорландыруы;

      "Атамекен" ҰКП "Бастау Бизнес" жобасын іске асыруы арқылы ШОБ субъектілері арасында қаржылық сауаттылық пен мәдениетті арттыру.";

      "5.2.3. Ауылдық елді мекендер мен шағын қалалардағы, қалалар мен моноқалалардағы кредиттерге/микрокредиттерге кепілдік беру" деген тармақта:

      үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "Кредиттерге/микрокредиттерге кепілдік бергені үшін ЖАО-дан алынатын комиссиялардың мөлшері ауылдық елді мекендерде, шағын қалаларда, қалалар мен моноқалаларда кепілдік мөлшерінің 30 %-ын құрайды.";

      бесінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "Ісін жаңа бастаған / ісін жаңа бастаған жас кәсіпкер үшін кепілдіктердің мөлшері кредит/микрокредит сомасының 85 %-ынан аспайды (Жұмыспен қамтудың 2020 – 2021 жылдарға арналған жол картасы шеңберінде кредит/микрокредит сомасының 50 %-ынан аспайды), ал табысы аз және/немесе көпбалалы отбасылардың мүшелері үшін кредит/микрокредит сомасының 95 %-ынан аспайды.".

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі А. Мамин