Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің кейбір мәселелері

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 20 мамырдағы № 331 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Әлеуметтік көмек көрсетілетін азаматтарға әлеуметтік көмектің мөлшерін, көздерін, түрлерін және оны беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 наурыздағы № 320 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетілетін азаматтарға әлеуметтік көмек беру қағидаларында:

      6-тармақтың 1), 2) және 3) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) көп балалы отбасылардан шыққан балалар үшін – туу туралы куәліктің түпнұсқасы мен көшірмесі;

      2) жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, отбасыларда тәрбиеленетін балалар үшін – қамқоршылықты (қорғаншылықты) және патронаттық тәрбиені бекіту туралы анықтаманың түпнұсқасы мен көшірмесі;

      3) мүгедектер және бала кезінен мүгедектер, мүгедек балалар үшін – мүгедектігі туралы анықтаманың түпнұсқасы мен көшірмесі немесе даму мүмкіндіктері шектеулі балалар үшін – психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның медициналық қорытындысының көшірмесі;".

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин