Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 13 қарашадағы № 746 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
"2. Кіріспе" деген бөлімде:
2.1-кіші бөлімінің 28) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"28) кредитор – жергілікті атқарушы орган (сенім білдірілген адам (агент) арқылы), микроқаржы ұйымы/екінші деңгейдегі банктер/кредиттік серіктестіктер/"АШҚҚҚ" АҚ;";
"5. "Еңбек" бағдарламасының негізгі бағыттары, мақсаты мен міндеттеріне қол жеткізу жолдары, тиісті шаралар" деген бөлімде:
"5.2. Екінші бағыт: жаппай кәсіпкерлікті дамыту" деген кіші бөлімде:
"5.2.2. Кәсіпкерлік бастамаларды қолдау" деген тармақ мынадай мазмұндағы жиырма бірінші бөлікпен толықтырылсын:
"Жамбыл облысы халқының табысын арттыру жобасы шеңберінде жергілікті атқарушы орган бұдан бұрын берілген кредиттер/микрокредиттер бойынша соңғы қарыз алушылар қайтарған қаражат есебінен сенім білдірілген адам (агент) арқылы кредиттік келісімнің қолданысы мерзімінен аспайтын мерзімге жобаны іске асыру шарттарымен соңғы қарыз алушыларды қайта кредиттеуді/микрокредиттеуді жүзеге асырады.";
"5.3. Үшінші бағыт: халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту" деген кіші бөлімде:
"5.3.1. Жұмыспен қамтамасыз етуге жәрдемдесу" деген тармақ:
мынадай мазмұндағы сексен үшінші бөлікпен толықтырылсын:
"Алғашқы жұмыс орны" жобасы бойынша жұмысқа орналастырылған жеке тұлғалардың еңбекақысын қоса қаржыландыру және субсидиялау ЖАО-ның шешімі бойынша жүзеге асырылады.";
мынадай мазмұндағы тоқсан алтыншы бөлікпен толықтырылсын:
"Ұрпақтар келісімшарты" жобасы бойынша жұмысқа орналастырылған жеке тұлғалардың еңбекақысын қоса қаржыландыру және субсидиялау ЖАО шешімі бойынша жүзеге асырылады.";
"5.3.2. Еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру" деген тармақта:
он алтыншы бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
"Еңбек" бағдарламасына қатысушыларға және олардың отбасы мүшелеріне, сондай-ақ отбасылық жағдайына қарамастан жалғызбасты адамдарға бір рет отағасына және отбасының әрбір мүшесіне жетпіс АЕК мөлшерінде көшуге материалдық көмек беріледі.".
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
А. Мамин |