"Жол жүрісі қағидаларын, Көлік құралдарын пайдалануға рұқсат беру жөніндегі негізгі ережелерді, көлігі арнайы жарық және дыбыс сигналдарымен жабдықталуға және арнайы түсті-графикалық схемалар бойынша боялуға тиіс жедел және арнайы қызметтер тізбесін бекіт

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 28 сәуірдегі № 275 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 1 қыркүйектегі № 758 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 01.09.2023 № 758 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Жол жүрісі қағидаларын, Көлік құралдарын пайдалануға рұқсат беру жөніндегі негізгі ережелерді, көлігі арнайы жарық және дыбыс сигналдарымен жабдықталуға және арнайы түсті-графикалық схемалар бойынша боялуға тиіс жедел және арнайы қызметтер тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 13 қарашадағы № 1196 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Жол жүрісі қағидаларында:

      "2. Жүргізушілердің жалпы міндеттері" деген бөлімде:

      1-тармақтың 1) тармақшасында:

      екінші және үшінші абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "өзімен бірге жүргізушінің жеке басын куәландыратын құжаты болса, Қазақстан Республикасында берілгендерді қоспағанда, көлік құралын басқару құқығын беретін жүргізуші куәлігін не жүргізуші куәлігінің орнына берілген уақытша куәлікті;

      Қазақстан Республикасында берілгендерді қоспағанда, көлік құралын мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті не көлік құралына меншік құқығын куәландыратын құжатты;";

      4-тармақта:

      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) өзімен бірге жүргізушінің жеке басын куәландыратын құжаты болса, Қазақстан Республикасында берілгендерді қоспағанда, көлік құралын басқару құқығын беретін жүргізуші куәлігінсіз не жүргізуші куәлігінің орнына берілген уақытша куәліксіз көлік құралын басқаруға;";

      7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "7) масаң күйдегі, реакциясын және назар аударуын нашарлататын дәрілік препараттардың әсеріндегі, сырқат немесе шаршаңқы күйдегі адамдарға, сондай-ақ жүргізуге оқып-үйренушілерден басқа, өзімен бірге жүргізушінің жеке басын куәландыратын құжаты болса, Қазақстан Республикасында берілгендерді қоспағанда, өзімен бірге осы санаттағы көлік құралын басқару құқығын беретін жүргізуші куәлігі, жүргізуші куәлігінің орнына берілген уақытша куәлігі жоқ немесе жол (маршрут) парағында көрсетілмеген адамдарға не көлік құралын басқару құқығы жоқ немесе басқару құқығынан айырылған адамдарға көлік құралын басқаруға беруге;";

      "6. Арнаулы сигналдарды қолдану" деген бөлімнің 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Құрылыс, жөндеу немесе жинау жұмыстарын орындау кезінде іске қосылған қызғылт сары немесе сары түсті жарқылдауық маягі бар, жеке меншік күзет ұйымдарының жедел ден қою ұтқыр топтарының, жолдағы көліктік бақылау органдарының көшпелі бақылау-өткізу пункттерінің, инкассация қызметтерінің мамандандырылған көлік құралдарының, ұйымдасқан велосипедшілер топтарымен бірге жүретін, өсімдіктер және жануарлар дүниесін қорғау саласындағы құқық бұзушылықтарға жол бермеу жөніндегі қызметті атқаратын көлік құралдарының жүргізушілері жол жүрісі қауіпсіздігі қамтамасыз етілген жағдайда жол белгілері (2.2, 2.4 – 2.6, 3.11 – 3.14, 3.17.2, 3.20 белгілерінен басқа) мен таңбаларының, сондай-ақ Қағидалардың 9-бөлімі 4 – 8-тармақтарының және 16-бөлімі 1-тармағының талаптарын орындамауы мүмкін. Басқа көлік құралдарының жүргізушілері олардың жұмысына кедергі жасамауға тиіс.";

      "19. Сыртқы жарық беру аспаптарын және дыбыстық сигналдарды пайдалану" деген бөлімнің 11-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Қызғылт сары немесе сары түсті жарқылдауық маяк жолдарды салу, жөндеу немесе күтіп ұстау, зақымданған, бұзылған және өзге де көлік құралдарын тиеу және тасымалдау жөніндегі жұмыстарды орындау кезінде көлік құралдарында; ауыр салмақты, ірі габаритті жүктерді тасымалдауды жүзеге асырған кезде көлік құралдарында; ауыр салмақты, ірі габаритті және қауіпті жүктерді тасымалдауда бірге жүретін көлік құралдарында; ұйымдастырылған балалар топтарын тасымалдауға арналған автобустарда; күзетілетін объектілерге рұқсатсыз кірген кезде жеке меншік ұйымдары жедел ден қою ұтқыр топтарының көлік құралдарында; жолдарда қызмет өткеру кезінде көліктік бақылау органдары жылжымалы көліктік-бақылау пункттерінің көлік құралдарында; бағалы заттарды инкассациялау үшін маршрутқа шыққан кезде инкассация қызметтерінің мамандандырылған көлік құралдарында; ұйымдасқан велосипедшілер топтарымен бірге жүретін көлік құралдарында; өсімдіктер және жануарлар дүниесін қорғау саласындағы құқық бұзушылықтарға жол бермеу жөніндегі қызметті атқаратын көлік құралдарында іске қосылады.";

      көрсетілген қаулымен бекітілген көлігі арнайы жарық және дыбыс сигналдарымен жабдықталуға және арнайы түсті-графикалық схемалар бойынша боялуға тиіс жедел және арнайы қызметтер тізбесінде:

      мынадай мазмұндағы 16-тармақпен толықтырылсын:

      "16. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті бөлімшелерінің көлік құралдары.";

      ескертпенің 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Мемлекеттік күзет қызметінің, ұлттық қауіпсіздік органдарының, ішкі істер органдарының жедел қызметтерінің, экономикалық тергеу қызметінің, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің, Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы Арнайы прокурорлар департаментінің, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік фельдъегерлік қызметінің, Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті бөлімшелерінің көлік құралдарында арнайы түсті-графикалық бояулар, таным белгілері мен жазулары болмауы да мүмкін.".

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік
он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі А. Мамин