Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір мәселелері" туралы 2005 жылғы 6 сәуірдегі № 310 және "Халықаралық мақта жөніндегі консультативтік комитетпен ынтымақтастықтың кейбір мәселелері туралы" 2008 ж

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 19 наурыздағы № 159 қаулысы.

      19.03.2021 редакциясында

      Жарияланған: ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі, 29.03.2021 ж.


      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 19 наурыздағы № 159 қаулысы



      Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір мәселелері" туралы 2005 жылғы 6 сәуірдегі № 310 және "Халықаралық мақта жөніндегі консультативтік комитетпен ынтымақтастықтың кейбір мәселелері туралы" 2008 жылғы 3 сәуірдегі № 316 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

            ЗҚАИ-ның ескертпесі!

            Қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі № 310 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 14, 168-құжат):

      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі туралы ережеде:

      16-тармақта:

      мынадай мазмұндағы 62-1), 62-2), 62-3) және 95-5) тармақшалармен толықтырылсын:

      "62-1) астық нарығы жөніндегі операторды айқындайды;

      62-2) астықтың резервтік қорын басқару жөніндегі қағидаларды әзірлейді және бекітеді;

      62-3) астық нарығы жөніндегі оператордың астықтың резервтік қорын сақтау бойынша шығыстарын өтейді;";

      "95-5) мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру кезінде фото және бейнетүсірілімге арналған техникалық құралдарды пайдалану қағидаларын әзірлейді және бекітеді;";

      38), 88) және 91) тармақшалар алып тасталсын;

      170) тармақшаның тоғызыншы абзацы алып тасталсын;

      175), 176), 177), 178), 179), 180), 181), 182), 183), 184), 393), 394), 395), 396), 397), 398), 399), 400), 401), 402), 403), 404), 404-1) және 404-2) тармақшалар алып тасталсын;

      17-тармақтың 1-2) тармақшасы алып тасталсын;

      24-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "24. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің аппаратын Министр лауазымға тағайындайтын және лауазымнан босататын аппарат басшысы басқарады.";

      "Халықаралық мақта жөніндегі консультативтік комитетпен ынтымақтастықтың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 3 сәуірдегі № 316 қаулысында:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы" 1995 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы 9-бабының 15) тармақшасына, "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 4) тармақшасына, сондай-ақ 1972 жылғы 16 маусымда қабылданған (1987 жылғы қазандағы түзетулермен) Халықаралық мақта жөніндегі консультативтік комитеттің нормалары мен қағидаларына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:".

      2. Осы қаулы 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-тармақтың оныншы, он бірінші және он екінші абзацтарын қоспағанда, қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.


      Қазақстан Республикасының

      Премьер-Министрі А. Мамин