Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 17 маусымдағы № 17 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" 2019 жыл

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 9 наурыздағы № 128 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1) "Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 17 маусымдағы № 17 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 5 шілдедегі № 479 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2019 ж., № 26-27, 236-құжат):

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі туралы ережеде:

      16-тармақта:

      орталық аппараттың функцияларында:

      мынадай мазмұндағы 76-1), 76-2) 76-3), 76-4), 76-5 және 76-6) тармақшалармен толықтырылсын:

      "76-1) қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату арқылы өндірілген электр энергиясына шекті аукциондық бағаларды әзірлейді және бекітеді;

      76-2) энергетикалық кәдеге жаратуға жатпайтын қалдықтардың тізбесін әзірлейді және бекітеді;

      76-3) қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату объектілерін пайдалануға қойылатын талаптарды әзірлейді және бекітеді;

      76-4) қалдықтарды энергетикалық кәдеге жаратуды пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдардың тізбесін қалыптастыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      76-5) аукциондық бағаларды индекстеу тәртібін қамтитын қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату арқылы өндірілген электр энергиясына шекті аукциондық бағаларды айқындау қағидаларын әзірлейді;

      76-6) қалдықтарды энергетикалық кәдеге жаратуды пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдардың тізбесін әзірлейді және бекітеді;";

      105) және 106) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "105) индустриялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп Қазақстан Республикасында экологиялық таза автомобиль көлік құралдарының (4 және одан жоғары экологиялық сыныпқа сәйкес келетін; электр қозғалтқыштары бар) және олардың құрамдастарының, сондай-ақ техникалық регламенттерде айқындалған экологиялық талаптарға сәйкес келетін өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы техникасының өндірісін ынталандыру қағидаларын бекітеді;

      106) индустриялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп Қазақстан Республикасында экологиялық қауіпсіз (жанбайтын және (немесе) өрт қауіптілігі төмен және түтін мен газды аз бөлетін), қалдықтары Қазақстан Республикасының аумағында қайта өңделетін кәбілді-өткізгіш өнімнің өндірісін ынталандыру қағидаларын бекітеді;";

      2) "Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:

      иелік ету және пайдалану құқығы салалық министрліктерге, өзге де мемлекеттік органдарға берілетін республикалық меншік ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тізбесінде:

      "Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігіне" деген бөлімде:

      реттік нөмірі 400-1-жол алып тасталсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин