"Өңірлерді дамытудың 2020 – 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 27 желтоқсандағы № 990 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 4 наурыздағы № 120 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 23 қыркүйектегі № 733 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 23.09.2022 № 733 қаулысымен.

      1. Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      "Өңірлерді дамытудың 2020 – 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 27 желтоқсандағы № 990 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Өңірлерді дамытудың 2020 – 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында:

      "Мемлекеттік бағдарламаның қойылған мақсаттарына қол жеткізудің негізгі бағыттары, жолдары және тиісті шаралар" деген 5-бөлімнің жиырма жетінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Соңғы 20-25 жылда ауыл тұрғындарының (әсіресе жастардың) ірі және үлкен қалаларға, ФҚА құрамындағы өзге елді мекендерге қарқынды ішкі көші-қоны байқалады. Шетелден келген қандастар да ФҚА-да тұруға ұмтылады. Осыған байланысты барлық бағдарламалық құжаттарда "адамдар инфрақұрылымға" моделін енгізу қажет, бұл жаңа инфрақұрылымдық объектілерді Мемлекеттік бағдарламада белгіленген ұзақ мерзімді кезеңге перспективалы елді мекендерде ғана озыңқы салуды білдіреді.".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин