Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешiмдерiне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) "Қазақстан Республикасынан шығатын тауарларға қатысты Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің өтемақы шарасын қолдануы алдында тергеп-тексеру жүргізілген жағдайда, Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының өзара іс-қимыл жасасу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 9 қыркүйектегі № 668 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2019 ж., № 40, 344-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасынан шығатын тауарларға қатысты Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің өтемақы шарасын қолдануы алдында тергеп-тексеру жүргізілген жағдайда, Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының өзара іс-қимыл жасасу қағидаларында:
2-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) кәсіпкерлік субъектілері – кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын азаматтар, қандастар және мемлекеттік емес коммерциялық заңды тұлғалар (жеке кәсіпкерлік субъектілері), мемлекеттік кәсіпорындар (мемлекеттік кәсіпкерлік субъектілері);";
2) Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 03.08.2023 № 641 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 03.08.2023 № 641 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
А. Мамин |