Қазақстан Республикасы Үкіметінің Адам саудасына байланысты қылмыстардың профилактикасы, алдын алу және оларға қарсы күрес жөнiндегi 2021 – 2023 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 24 ақпандағы № 94 қаулысы.

      Адам саудасына байланысты қылмыстардың профилактикасы, алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі жұмысты қамтамасыз ету және үйлестіру мақсатында, сондай-ақ Біріккен Ұлттар Ұйымының Трансұлттық ұйымдасқан қылмысқа қарсы конвенциясын толықтыратын Адамдарды, әсіресе, әйелдер мен балалар саудасының алдын алу мен жолын кесу және ол үшін жазалау туралы хаттамаға сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің Адам саудасына байланысты қылмыстардың профилактикасы, алдын алу және оларға қарсы күрес жөніндегі 2021 – 2023 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары (бұдан әрі – Жоспар) бекітілсін.

      2. Облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдері бір ай мерзімде Адам саудасына байланысты қылмыстардың профилактикасы, алдын алу және оларға қарсы күрес жөнiндегi 2021 – 2023 жылдарға арналған өңірлік жоспарларды әзірлесін және бекітсін.

      3. Орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдар, ұйымдар (келісу бойынша), облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдері:

      1) Жоспарда көзделген іс-шаралардың уақтылы іске асырылуын қамтамасыз етсін;

      2) жыл сайын Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігіне 2022 жылғы 20 қаңтардан кешіктірмей, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігіне 2023 – 2024 жылдардағы 20 қаңтардан кешіктірмей Жоспарда көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы ақпарат берсін.

      Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 17.03.2023 № 236 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      4. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігі 2022 жылы, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі 2023 – 2024 жылдары Қазақстан Республикасының Үкіметіне жыл сайын, 10 ақпаннан кешіктірмей Жоспардың орындалуы туралы жиынтық ақпарат берсін.

      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі А. Мамин

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2020 жылғы 24 ақпандағы
№ 94 қаулысымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Адам саудасына байланысты қылмыстардың профилактикасы, алдын алу және оларға қарсы күрес жөнiндегi 2021 – 2023 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары

      Ескерту. Жоспарға өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 17.03.2023 № 236 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Р/с№ Іс-шара Аяқталу нысаны Орындау үшін жауаптылар Орындау мерзімі Болжанатын шығыстар
(мың теңге)
Қаржы-ландыру көзі


1

2

3

4

5

6

7

 
1. Адам саудасына қарсы іс-қимыл жөніндегі ұйымдастырушылық-практикалық іс-шаралар
 

1

ВАК жұмысын, сондай-ақ облыстардың, Нұр-Cұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының әкімдіктері жанында жұмыс істейтін адамдарды заңсыз әкетуге, әкелуге және оның саудасына қарсы күрес мәселелері жөніндегі өңірлік комиссиялардың жұмысын ұйымдастыруды қамтамасыз ету

комиссия отырыстарының хаттамалары

Еңбекмині
(2021 жыл),
ІІМ
(2022 – 2023 жылдар),
облыстардың және
Астана, Алматы, Шымкент қалаларының әкімдіктері

жыл сайын
жарты жылда
бір рет

талап етілмейді

2

Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінің тұжырымдамасына (Әлеуметтік қамсыздандыру кодексі) адам саудасының құрбандарына - Қазақстан Республикасының аумағында уақытша жүрген шетелдіктерге арнайы әлеуметтік қызметтер көрсетуді көздейтін нормаларды енгізу мәселесін пысықтау

тұжырымдама жобасы

Еңбекмині, ІІМ, Қаржымині, ДСМ, БҒМ, АҚК (келісу бойынша),
облыстардың және Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының әкімдіктері

2021 жылғы
1 шілде

талап етілмейді

3

Ұлттық заңнаманы, практикалық қызметті талдау, халықаралық тәжірибені зерделеу, соның ішінде Палермо хаттамасына сәйкес Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 128-бабында "адам саудасының" анықтамасын және құқық қорғау органдарымен ынтымақтастықты пайымдауына адам саудасының шетелдік құрбандарына 30 күндік мерзім беру туралы мәселесін қарастыру

ВАК жұмыс органына ақпарат

ІІМ, Еңбекмині, СІМ, БП (келісу бойынша), АҚК (келісу бойынша)
ХҚҰ (келісу бойынша)

2021 жылғы
1 шілде

талап етілмейді

4

"Қазақстан Республикасында адам саудасына қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасын әзірлеу бойынша ұсыныстар енгізу (Грузия мен Әзербайжан халықаралық тәжірибесі бойынша)

Үкіметке ұсыныстар

Еңбекмині, ІІМ, ХКҰ (келісу бойынша),
АҚК (келісу бойынша)

2021 жылғы
1 шілде

талап етілмейді

5

Адам саудасына қарсы күрес жөніндегі бөлімшелердің қаржыландырылуы мен ресурстарын ұлғайту жөніндегі мәселені қарау

Қаржыминіне ұсыныстар

ІІМ,
облыстардың және Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының әкімдіктері

2021 жылғы
1 шілде

талап етілмейді

6

Адамды саудалаушылардың қылмыстық кірістерін анықтауға, бақылауға және оны алып қоюға қаржылық мониторинг жасайтын уәкілетті органдардың қатысуы, сондай-ақ осы органдардың аталған жұмыстағы құзыретті құқық қорғау органдарымен өзара
іс-қимылының тиімділігін арттыру

ВАК жұмыс органына ақпарат

Қаржымині, ІІМ, Еңбекмині,
БП
(келісу бойынша)

жыл сайын
10 желтоқсанға дейін

талап етілмейді

7

Адам саудасының қылмыстарынан жәбірленушілерге зиянды өтеу мен Жәбірленушілерге өтемақы қорынан өтемақыларды төлеу тиімділігін талдауды жүргізу

талдау нәтижелері

Қаржымині, ІІМ, БП
(келісу бойынша)

жыл сайын,
10 желтоқсанға дейін

талап етілмейді

8

Кешенді, бірлескен және (немесе) келісілген ведомствоаралық профилактикалық және жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу:

ВАК жұмыс органына ақпарат


жыл сайын,
10 желтоқсанға дейін

талап етілмейді

8.1

адам саудасына, адамның органдарын және (немесе) тіндерін сатуға байланысты, соның ішінде трансұлттық қылмыстық әрекетке қарсы іс-қимыл бойынша;

ІІМ

8.2

заңсыз көші-қон және адам саудасы арналарын жабу бойынша, оның ішінде шекара маңы ынтымақтастығы шеңберінде;

ІІМ, ҰҚК
(келісу бойынша)

8.3
 

мақта алқаптарында, темекі плантациялары мен құрылыс және тағы басқа да объектілерде мәжбүрлі еңбек етудің алдын алу бойынша;

ІІМ, Еңбекмині, ОМ, БП
(келісу бойынша),
облыстардың және Астана, Алматы, Шымкент қалаларының әкімдіктері

8.4

адамдарды саудалаушылардан қылмыстық жолмен алынған, оның ішінде мемлекеттік шекаралар арқылы өткізілетін кірістерді анықтау, бақылау, алып қою (тәркілеу) бойынша;

ІІМ, Қаржымині, ҰҚК
(келісу бойынша), БП
(келісу бойынша)

8.5

жаңа туған/жас балалардың саудасымен байланысты қылмыстардың алдын алу, анықтау және олардың жолын кесу бойынша

ІІМ, ДСМ, ОМ, БП
(келісу бойынша)
 

9

Балалардың құқықтары мен мүдделерін бұзуды, сондай-ақ олардың құжаттарын бұрмалау мүмкіндігін болдырмау мақсатында балаларды, оның ішінде шетел азаматтарының асырап алу мәселелері бойынша ҚР қолданыстағы заңнамасы нормаларының сақталуы бойынша тексерулер жүргізу

ВАК жұмыс органына ақпарат

ОМ, Әділетмині,
БП
(келісу бойынша), Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары жөніндегі уәкіл
(келісу бойынша), СІМ,
облыстардың және Астана, Алматы, Шымкент қалаларының әкімдіктері

жыл сайын,
10 желтоқсанға дейін

талап етілмейді

10

ТМД органдарының отырыстарына адам саудасына және заңсыз көші-қонға қарсы іс-қимыл бойынша бірлескен кешенді және/немесе келісілген ведомствоаралық профилактикалық, жедел-іздестіру іс-шараларын өткізуде тәжірибе алмасу мақсатында қатысу

отырыстарға қатысу

ІІМ, Еңбекмині, СІМ, БП
(келісу бойынша),
ҰҚК
(келісу бойынша)

жыл сайын,
жарты жылда
бір рет

СІМ 005
"Шетелдік іссапарлар" бюджеттік бағдарламасы бойынша көзделген қаражат есебінен және шегінде

РБ

11

Өңірлерде адам саудасының алдын алу және еңбекке жегу құрбандарын анықтау бойынша қызметті мобильді топтардың жүзеге асыруы

ВАК жұмыс органына ақпарат

ІІМ, БП
(келісу бойынша), Еңбекмині, облыстардың және Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының әкімдіктері, ХКҰ (келісу бойынша)

2021 жылғы
1 шілде

Қазақстандағы АҚШ Елшілігінің қаржылық қолдауымен жүзеге асырылатын "Адам саудасы құрбандарын сәйкестендіруді жақсарту, Қазақстандағы адам саудасы саласындағы қылмыстар үшін тергеу және сот қудалауы жолымен адам саудасына қарсы іс-қимыл жөніндегі шараларды күшейту" ХКҰ жобасының қаражаты есебінен
 
 

ХКҰ қаражаты
 

12

Балалар еңбегін пайдалануға жол бермеу мақсатында мемлекеттік бақылау жүргізу

ВАК жұмыс органына тексеру туралы есептер

Еңбекмині,
облыстардың және Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының әкімдіктері

2021 жылғы
10 маусым

талап етілмейді

13

Адам саудасы құрбандарына үкіметтік емес ұйымдар (ҮЕҰ) арқылы арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету

ВАК жұмыс органына ақпарат

Еңбекмині, ІІМ,
облыстардың және Астана, Алматы, Шымкент қалаларының әкімдіктері

жыл сайын,
10 желтоқсанға дейін

Еңбекмині 058 "Республикалық деңгейде халыққа әлеуметтік қорғау және көмек көрсету, сондай-ақ әлеуметтік қорғау жүйесін жетілдіру және инфрақұрылым-ды дамыту" бюджеттік бағдарламасы бойынша көзделген қаражат есебінен және шегінде

РБ

14

Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкілдіктері мен консулдық мекемелерінің шетелде қалған адам саудасы құрбандарын анықтау, оларға уақтылы және тиісті көмек көрсету, олардың қауіпсіздігін, құқықтарын, бостандықтары мен мүдделерін, Отанына тезірек қайтуын қамтамасыз ету бойынша шет елдермен өзара іс-қимыл жасасу және тәжірибе алмасу жөніндегі жұмысын жалғастыру
 

кездесулер, кеңестер хаттамалары

СІМ

жыл сайын,
10 желтоқсанға дейін

СІМ 001
"Сыртқы саяси қызметті үйлестіру жөніндегі қызметтер" бюджеттік бағдарламасы бойынша көзделген қаражат есебінен және шегінде

РБ

15

Адам саудасына қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша "сенім телефондары", "қызу желілер" жұмысын ұйымдастыру

статистикалық деректер

Еңбекмині, ЦДИАӨМ, ІІМ, АҚДМ,
облыстардың және Астана, Алматы, Шымкент қалаларының әкімдіктері

жыл сайын,
10 желтоқсанға дейін

Еңбекмині 027
"Азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қамсыздандыру және оларды төлемдер бойынша сүйемелдеу" бюджеттік бағдарламасы бойынша көзделген қаражат есебінен және шегінде,
Winrock International ұйымының қаражаты есебінен

РБ, Winrock International ұйымының қаражаты

16

Адам саудасының құрбандарына арнайы әлеуметтік қызметтер көрсетуге арналған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстарды орналастыруға 3 жылға дейінгі мерзімге осы бағыттағы тәжірибесі бар ҮЕҰ-мен ұзақ мерзімді шарттар жасасу

мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастыру жөніндегі шарттар

облыстардың және Астана, Алматы, Шымкент қалаларының әкімдіктері

жыл сайын,
10 ақпанға дейін

Еңбекмині 058 "Республикалық деңгейде халыққа әлеуметтік қорғау және көмек көрсету, сондай-ақ әлеуметтік қорғау жүйесін жетілдіру және инфрақұрылымды дамыту" бюджеттік бағдарламасы бойынша көзделген қаражат есебінен және шегінде

РБ

17

Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы
Н.Ә. Назарбаевтың 2014 жылғы
29 желтоқсандағы № 32-47.327 және 2016 жылғы 2 желтоқсандағы № 32-43.309 қарарларымен мақұлданған Қазақстан Республикасында адам саудасына қарсы іс-қимыл саласында адам құқықтарын қорғау мәселелеріне арналған арнайы баяндамаларындағы ұсынымдарының орындалуына мониторинг жасау

ұсынымдардың орындалуын талдау

Еңбекмині, ІІМ, ДСМ, ОМ, Қаржымині, БП (келісу бойынша), облыстардың және Астана, Алматы, Шымкент қалаларының әкімдіктері, ҮЕҰ (келісу бойынша)

жыл сайын,
10 желтоқсанға дейін

талап етілмейді

 
2. ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің құзыретті органдарымен, халықаралық және ҮЕҰ-мен ынтымақтастық
 

18

Адам саудасы құрбандарының өтініштерін қараудың уақтылығы мен заңдылығын, сондай-ақ оларды шығу мемлекетіне ерікті және қауіпсіз түрде жіберу рәсімін орындаудың негіздемесі мен тәртібін не осындай адамдардың болатын жері, мерзімдері және жағдайлары туралы мәселенің өзге де заңды шешімінің сақталуын бақылауды жүзеге асыру
 

ВАК жұмыс органына тексеру туралы есептер

ІІМ, БП
(келісу бойынша),
СІМ

жыл сайын,
10 желтоқсанға дейін

талап етілмейді

19

Адам саудасына қарсы іс-қимылмен айналысатын ҮЕҰ және халықаралық ұйымдармен және орталықтармен, олардың тиісті мамандандырылған құрылымдарымен ынтымақтастықты қолдау және дамыту

кездесулер, кеңестер хаттамалары, тренингтер

Еңбекмині, ІІМ,
АҚДМ, СІМ, МСМ, ОМ, Әділетмині, АҚҰО
(келісу бойынша),
ЖС
(келісу бойынша), БП
(келісу бойынша),
облыстардың және Астана, Алматы, Шымкент қалаларының әкімдіктері

жыл сайын,
10 желтоқсанға дейін

талап етілмейді

-

20

Дипломаттар мен консулдық қызметкерлерге адам саудасына қарсы іс-қимыл туралы жыл сайын материалдар жолдау

ақпараттық материалдар

СІМ

жыл сайын,
10 желтоқсанға дейін

талап етілмейді

 
3. Адам саудасына қарсы іс-қимылдың ұйымдастырушылық-профилактикалық шаралары
 

21

БАҚ-тағы және Интернеттегі адам саудасына және балалар порнографиясына байланысты, сол сияқты осындай қызметтерге сұраныс тудыратын жарнамалық хабарландырулар мен ақпараттық материалдарға қатысты мониторинг жүргізу және құзыретті органдар арасында деректер алмасу

ВАК жұмыс органына ақпарат

АҚДМ, ІІМ, БП
(келісу бойынша),
облыстардың және Астана, Алматы, Шымкент қалаларының әкімдіктері

жыл сайын,
10 желтоқсанға дейін

талап етілмейді

22

Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының сақталуы бойынша ұйымдарда мемлекеттік еңбек инспекторларының құқық қорғау органдарымен бірлесіп, жүйелі түрде мониторинг пен жоспардан тыс тексерулерді жүзеге асыруы

ВАК жұмыс органына ақпарат

Еңбекмині, ІІМ, БП
(келісу бойынша),
облыстардың және Астана, Алматы, Шымкент қалаларының әкімдіктері

жыл сайын,
10 желтоқсанға дейін

талап етілмейді

23

Мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарының адам саудасына ықпал ететін шешімдерді қабылдауына және қызметті жүзеге асыруына қатыстылығы фактілері бойынша ақпаратпен, оның ішінде прокурорлық қадағалауды жүзеге асыру барысында алынған ақпаратпен алмасу

ВАК жұмыс органына ақпарат

БП
(келісу бойынша),
ІІМ, СҚА
(келісу бойынша),
Қаржымині, ҰҚК (келісу бойынша)

жыл сайын,
10 желтоқсанға дейін

талап етілмейді

24

Адам саудасына, оның ішінде балаларды саудалауға қарсы іс-қимыл жасауға бағытталған мәдени-ағарту және ақпараттық-насихат іс-шараларын, тұрғындар арасында түсіндіру жұмысын ұйымдастыру және өткізу

ақпараттық науқандар,
акциялар,
флешмобтар

облыстардың және Астана Алматы, Шымкент қалаларының әкімдіктері,
Еңбекмині, ІІМ, ОМ, ДСМ, АҚДМ,
Winrock International ұйымы (келісу бойынша)

жыл сайын,
10 желтоқсанға дейін

Winrock International ұйымының қаражаты есебінен

Winrock International ұйымының қаражаты

25

Адам саудасына қарсы күрестегі құзыретті органдардың және ҮЕҰ қызметін бұқаралық ақпарат құралдарында (БАҚ) жария ету

БАҚ-та мақалалар, сөз сөйлеу, баяндамалар, баспасөз релиздері

Еңбекмині, ІІМ, АҚДМ, ОМ, БП
(келісу бойынша), облыстардың және Астана, Алматы, Шымкент қалаларының әкімдіктері

жыл сайын,
10 желтоқсанға дейін

талап етілмейді

26

Адам саудасының проблемалары туралы, оның ішінде ҮЕҰ дайындаған материалдарды Қазақстан Республикасының аумағына (әуежайлар, вокзалдар, авто және таксопарктер, қоғамдық тамақтану объектілері, қоғамдық дәретханаларды және т. б. қоса алғанда) кіру/шығу өткізу пункттерінде (сенім телефондары, жедел желілер көрсетілген тақтайшалар, брошюралар, карточкалар, буклеттер) орналастыру

тақтайшалар, брошюралар, карточкалар, буклеттер

Еңбекмині, ҰҚК (келісу бойынша), ІІМ, облыстардың және Астана, Алматы, Шымкент қалаларының әкімдіктері, ХКҰ (келісу бойынша), Winrock International ұйымы (келісу бойынша)

жыл сайын,
10 желтоқсанға дейін

Қазақстандағы АҚШ Елшілігінің қаржылық қолдауымен жүзеге асырылатын "Адам саудасы құрбандарын сәйкестендіруді жақсарту, Қазақстандағы адам саудасы саласындағы қылмыстар үшін тергеу және соттық қудалау жолымен адам саудасына қарсы іс-қимыл жөніндегі шараларды күшейту" ХКҰ жобасының қаражаты есебінен,
Winrock International ұйымының қаражаты есебінен

ХКҰ және Winrock International ұйымының
қаражаты
 

 
4. Ақпараттық және ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету
 

27

ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің құқық қорғау және сот органдарымен жұмыста тәжірибе, заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілер, әдістемелік ұсыным, статистикалық және өзге де ақпарат, сондай-ақ адам саудасына қарсы күрес саласындағы тергеу-сот практикасы нәтижелерімен алмасу

кездесулер, кеңестер, тренингтер

ІІМ,
ЖС
(келісу бойынша)
БП
(келісу бойынша)

жыл сайын,
жарты жылда
бір рет

талап етілмейді

28

Мүдделі мемлекеттік органдармен және ұйымдармен, адам құқықтары жөніндегі уәкілдермен, омбудсмендермен, ҮЕҰ және халықаралық ұйымдармен бірлесіп, адам саудасына қарсы күрестің өзекті мәселелері бойынша ғылыми-практикалық семинарлар, дөңгелек үстелдер және тренингтер өткізу және оларға қатысу

дөңгелек үстелдер, семинарлар,
тренингтер

Еңбекмині, ІІМ, Адам құқықтары жөнiндегi уәкiл (келісу бойынша)

жыл сайын,
10 желтоқсанға дейін

талап етілмейді

29

Адам саудасының құрбандарын анықтау және оларды бағыттау үшін полиция қызметкерлеріне арналған әдістемелік ұсынымдар әзірлеу
 

ІІМ бұйрығы

ІІМ, ХКҰ (келісу бойынша)

2021 жылғы
1 шілде

Қазақстандағы АҚШ Елшілігінің қаржылық қолдауы арқылы жүзеге асырылатын ХКҰ "Адам саудасына қарсы іс-қимыл шараларын адам саудасы құрбандарын сәйкестендіруді жақсарту, Қазақстандағы адам саудасы аясындағы қылмыстарды тергеу мен сот қуғындауы арқылы күшейту" жобасының қаражаты есебінен

ХКҰ қаражаты
 

30

Құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне арналған адам саудасымен байланысты істер бойынша дәлелдемелер жинау мәселелері жөнінде одан әрі тренингтерді өткізуі мақсатында оқу-әдістемелік құрал әзірлеу
 

оқу-әдістемелік материалдар

ІІМ,
ІІМ Б.Бейсенов атындағы Қарағанды академиясы (келісу бойынша), БҒМ,
БП
(келісу бойынша), ХКҰ (келісу бойынша)
 
 

2021 жылғы
1 маусым
 
 

Қазақстандағы АҚШ Елшілігінің қаржылық қолдауы арқылы жүзеге асырылатын ХКҰ "Адам саудасына қарсы іс-қимыл шараларын адам саудасы құрбандарын сәйкестендіруді жақсарту, Қазақстандағы адам саудасы аясындағы қылмыстарды тергеу мен сот қуғындауы арқылы күшейту" жобасының қаражаты есебінен

ХКҰ қаражаты
 

 
5. Кадрлық қамтамасыз ету
 

31

ІІМ Б. Бейсенов атындағы Қарағанды академиясының Заңсыз көші-қонға және адам саудасына қарсы күрес мамандарын даярлау жөніндегі оқу орталығында ішкі істер органдары қызметкерлерінің біліктілігін арттыру

оқыту курстары, семинарлар

ІІМ,
ІІМ Б.Бейсенов атындағы Қарағанды академиясы (келісу бойынша)
 

жыл сайын,
тоқсанына бір рет

ІІМ 079 "ІІМ кадрларын оқыту, біліктілігін арттыру және қайта даярлау" бюджеттік бағдарламасы бойынша көзделген қаражат есебінен және шегінде

РБ

32

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдарының академиясы базасында адам саудасына байланысты қылмыстар бойынша қылмыстық істерді қадағалауды және сотта мемлекеттік айыптауды қолдауды жүзеге асыру әдістемесін оқытуды енгізу арқылы прокуратура органдары қызметкерлерінің біліктілігін арттыру

оқыту курстары, семинарлар

БП
(келісу бойынша), Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдарының академиясы (келісу бойынша)

жыл сайын,
тоқсанына бір рет

БП 018 "Құқық қорғау органдарының қызметкерлері кәсіби деңгейін арттыру және жоғары білімнен кейінгі білім беру" бюджеттік бағдарламасы бойынша көзделген қаражат есебінен және шегінде;
Нұр-Сұлтан қаласындағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисінің "Көші-қон бағдарларындағы адам саудасына қарсы тұру. Адам саудасына қарсы тұру саласындағы симуляциялық оқыту" жобасының қаражаты есебінен

РБ,
Нұр-Сұлтандағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисі жобасының қаражаты

33

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы Сот төрелігі академиясының базасында адам саудасына байланысты қылмыстық істерді қарау бойынша судьялардың біліктілігін арттыру

оқыту курстары, семинарлар

ЖС
(келісу бойынша), Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот төрелігі академиясы (келісу бойынша)

жыл сайын,
тоқсанына бір рет

ЖС 017 "Сот кадрларының жоғары оқу орынынан кейінгі білімін ұйымдастыру, қайта даярлау және біліктілігін арттыру" бюджеттік бағдарламасы бойынша көзделген қаражат есебінен және шегінде

РБ

34

Мемлекеттік еңбек инспекторлары үшін мәжбүрлі еңбекке жегудің профилактикасы және алдын алу бойынша біліктілікті арттыру

оқыту курстары, семинарлар

облыстардың және Астана, Алматы, Шымкент қалаларының әкімдіктері, Еңбекмині
 

жыл сайын,
тоқсанына бір рет

талап етілмейді

-

35

Дипломатиялық және консулдық персоналға бейнетренингтер және адам саудасына қарсы күрес бойынша бітімгершілерге тренингтер өткізу

бейнетренингтер, тренингтер

ІІМ, СІМ, Қорғанысмині, ІІМ Б.Бейсенов атындағы Қарағанды академиясы (келісу бойынша)

жыл сайын,
тоқсанына бір рет

талап етілмейді

-

 
6. Ұйымдастырушылық-құқықтық іс-шаралар
 

36

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Адам саудасына байланысты қылмыстың профилактикасы, алдын алу және оған қарсы күрес жөнiндегi 2024 – 2026 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының жобасын дайындау және мүдделі мемлекеттік органдарға келісуге жіберу

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасы

ІІМ,
мүдделі мемлекеттік органдар

2023 жыл

талап етілмейді

      Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы

      АҚДМ – Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі

      АҚК – Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссия

      АҚШ – Америка Құрама Штаттары

      АҚҰО – Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық

      Әділетмині – Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі

      БАҚ – бұқаралық ақпарат құралдары

      БҒМ – Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

      БП – Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы

      БҰҰ – Біріккен Ұлттар Ұйымы

      БҰҰ ДБ – Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасы

      ВАК – Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Адамдарды заңсыз әкетуге, әкелуге және сатуға қарсы күрес мәселелерi жөнiндегi ведомствоаралық комиссия

      ДСМ – Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі

      Еңбекмині – Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

      ЕҚЫҰ – Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы

      ЖС – Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты

      ЖБ – жергілікті бюджет

      Қаржымині – Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі

      Қорғанысмині – Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі

      МСМ – Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі

      РБ – республикалық бюджет

      СҚА – Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі

      СІМ – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі

      ТМД – Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы

      ҮЕҰ – үкіметтік емес ұйымдар

      ҰҚК – Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті

      ҰЭМ – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі

      ХКҰ – көші-қон жөніндегі халықаралық ұйымның Қазақстан Республикасындағы өкілдігі, БҰҰ-ның көші-қон жөніндегі агенттігі

      ЦДИАӨМ – Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

      ІІМ – Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі

      Winrock International ұйымы – Winrock International ұйымы іске асырып жатқан АҚШ-тың Халықаралық даму жөніндегі агенттігінің "Орталық Азиядағы қауіпсіз көші-қон" жобасы

      ОМ – Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі