Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешiмдерiне мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
1) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 03.06.2022 № 361 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.2) "Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1165 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 83-84, 607-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесі мынадай мазмұндағы 9-тармақпен толықтырылсын:
"9. "ЮНЕСКО аясындағы Орталық Азия өңірлік гляциологиялық орталығы (2-санат)" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (бұдан әрі – Орталық), Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің "География және су қауіпсіздігі институты" акционерлік қоғамы (бұдан әрі – акционерлік қоғам) 2012 жылғы 29 мамырда Астанада жасалған, 2017 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңымен ратификацияланған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Білім, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі Біріккен Ұлттар Ұйымы (ЮНЕСКО) арасындағы Қазақстан Республикасында Орталық Азия өңірлік гляциологиялық орталығын құру (2-санат) туралы келісімге сәйкес қызметінің негізгі мәні бойынша сатып алатын тауарлар, жұмыстар және көрсетілетін қызметтер:
1) акционерлік қоғам мен Орталықтың жұмыс істеуі үшін қажетті тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер: арнайы киім, шығыс материалдары, жанар-жағармай материалдары, стационарларды қамтамасыз етуге арналған отын мен көмір, жету қиын биік таулы жерлерде жұмыс істеуге арналған экспедициялық және арнайы керек-жарақтар;
2) ұйымдастыру техникасы, компьютерлер, өлшеу аспаптары, метеорологиялық жабдық пен аспаптар, зертханалық жабдық, пилотсыз ұшу аппараттары (дрон), экспедициялық зерттеулерге қызмет көрсетуге арналған арнайы машиналар мен жүріп өту мүмкіндігі жоғары автокөлік техникасы;
3) техникалық қолдауымен ArcGIS (ESRI) үстелдік және серверлік бағдарламалары;
4) серверлік бағдарламалық қамтылымды өрістетуге арналған серверлер;
5) талшықты-оптикалық кәбілді, байланыс жабдығын орнату, әкімшілік ғимарат пен ғылыми стационарлар үшін құрылымдалған кәбілдік желіні монтаждау жөніндегі көрсетілетін қызметтер мен жұмыстар;
6) Орталық Азия өңірінің биік таулы аудандарында Орталықтың зерттеу бағдарламаларын қамтамасыз ету мақсатында үй-жайларды, жабдықтарды, техниканы, автокөлік құралдарын жалға алу;
7) әкімшілік ғимараттың және ғылыми стационарлардың қызметтік үй-жайларын офистік жиһазбен, жабдықпен, аспаптармен және шығыс материалдарымен жарақтандыру, үй-жайларды, өлшеу аспаптарын/жабдықтарды және автокөлік техникасын жөндеуге арналған пайдалану шығыстары;
8) ғылыми-ұйымдастырушылық сүйемелдеу: ғылыми мақалаларды жариялау, жинақтарды, монографияларды, атластарды, мерзімді журналдарды басып шығару, патенттеу және талдамалық материалдарды сатып алу;
9) Қазақстан Республикасының аумағындағы дүлей табиғи қауіптер: селдер, көшкіндер, су тасқыны және басқа да төтенше гидрометеорологиялық құбылыстар, су және экологиялық қауіпсіздік қатерлеріне байланысты ғылыми-қолданбалы жұмыстар;
10) Орталықтың әкімшілік ғимаратын және ғылыми стационарларды салу үшін қажетті тауарлар, жұмыстар және көрсетілетін қызметтер.".
Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 03.06.2022 № 361 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
А. Мамин |