Қазақстан Республикасында азаматтық қоғамды дамыту тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын (бірінші кезең: 2020 – 2025 жылдар) бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 29 желтоқсандағы № 917 қаулысы.


      "Қазақстан Республикасында азаматтық қоғамды дамыту тұжырымдамасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 27 тамыздағы № 390 Жарлығының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасында азаматтық қоғамды дамыту тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары (бірінші кезең: 2020 – 2025 жылдар) (бұдан әрі – Іс-шаралар жоспары) бекітілсін.

      2. Іс-шаралар жоспарының орындалуына жауапты орталық мемлекеттік органдар, облыстардың, Астана, Алматы, Шымкент қалаларының әкімдіктері мен ұйымдар (келісу бойынша):

      1) Іс-шаралар жоспарын іске асыру бойынша қажетті шараларды қабылдасын;

      2) жарты жылда бір рет, есепті жартыжылдықтан кейінгі айдың 10-күнінен кешіктірмей Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне Іс-шаралар жоспарының орындалу барысы туралы ақпарат берсін.

      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 17.03.2023 № 236 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      3. Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі жылына екі рет, 25 шілдеге және 25 қаңтарға қарай Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппаратына Іс-шаралар жоспарының орындалу барысы туралы жиынтық ақпарат беріп тұрсын.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 17.03.2023 № 236 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне жүктелсін.

      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2020 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 917 қаулысымен
бекітілген

Қазақстан Республикасындағы азаматтық қоғамды дамытудың тұжырымдамасын іске асыру бойынша іс-шаралар жоспары (бірінші кезең: 2020 – 2025 жылдар)

      Ескерту. Жоспарға өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 17.03.2023 № 236 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Р/с №

Іс-шараның атауы

Аяқталу нысаны

Жауапты орындаушылар

Орындау мерзімі

Болжамды шығыстар
(мың теңге)

Қаржыландыру көздері

      кестенің жалғасы




1

2

3

4

5

6

7

I. Азаматтық қоғамды дамытуды құқықтық реттеу құралдарын жетілдіру

1.

"Қоғамдық бақылау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасын әзірлеу

Қазақстан Республикасы Заңының жобасы

АҚДМ, мүдделі мемлекеттік органдар

2021 жылғы
маусым

талап етілмейді


2.

Заңнамаға қоғамдық кеңестер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу

Қазақстан Республикасы Заңының жобасы

АҚДМ, мүдделі мемлекеттік органдар

2020 жылғы
желтоқсан

талап етілмейді


3.

Заңнамаға ақпаратқа қол жеткізу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу

Қазақстан Республикасы Заңының жобасы

АҚДМ, мүдделі мемлекеттік органдар

2020 жылғы
желтоқсан

талап етілмейді


4.

Азаматтардың реформалар мен ұсыныстарға бастама жасауы үшін бірыңғай заңды онлайн-петиция институтын құру мақсатында нормативтік-құқықтық базаны әзірлеу

Қазақстан Республикасы Заңының жобасы

АҚДМ, мүдделі мемлекеттік органдар

2021 жылғы
маусым

талап етілмейді


5.

"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қайырымдылық және волонтерлік қызмет мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасын әзірлеу

Қазақстан Республикасы Заңының жобасы

АҚДМ, мүдделі мемлекеттік органдар

2022 жыл

талап етілмейді


6.

"Қазақстан Республикасының заңнамасына коммерциялық емес ұйымдар қызметінің мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасын әзірлеу

Қазақстан Республикасы Заңының жобасы

АҚДМ, мүдделі мемлекеттік органдар

2023 жыл

талап етілмейді


7.

ҮЕҰ-ға арналған гранттар беру қағидаларына өзгерістер енгізу

бұйрық

АҚДМ

2021 жыл

талап етілмейді


8.

ҮЕҰ-ға арналған сыйлықақылар беру қағидаларына өзгерістер енгізу

бұйрық

АҚДМ

2021 жыл

талап етілмейді


II. Азаматтық белсенділікті қолдау және дамыту

9.

Елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына волонтерлік қызметтің қосқан үлесін бағалау әдістемесін әзірлеу

ұсынымдар

АҚДМ

2022 жыл

талап етілмейді


10.

Салалық волонтерлікті дамытуға бағытталған әлеуметтік жобаларды іске асыру

АҚДМ-ға ақпарат

АҚДМ, мүдделі мемлекеттік органдар, облыстардың, Астана, Алматы, Шымкент қалаларының әкімдіктері

2021 – 2023 жылдар ішінде

2021 жыл – 69 580
2022 жыл – 21 175
2023 жыл – 21 175
 

РБ 004
"Азаматтық қоғам институттары мен мемлекеттің өзара қарым-қатынасын нығайтуды қамтамасыз ету"

11.

"Жыл волонтері" халықаралық сыйлығын өткізу

сыйлық номинанттарының тізімі

АҚДМ, облыстардың, Астана, Алматы, Шымкент қалаларының әкімдіктері

жыл сайын
 

талап етілмейді


12.

"Жомарт жүрек" сыйлығы шеңберінде қайырымдылық жасаушыларға, меценаттарға, волонтерлерге құрмет көрсету

сыйлық номинанттарының тізімі

АҚДМ, облыстардың, Астана, Алматы, Шымкент қалаларының әкімдіктері

жыл сайын
 

талап етілмейді


13.

ҮЕҰ арналған өңірлік ресурстық орталықтардың қызметін ұйымдастыру

АҚДМ-ға ақпарат

облыстардың, Астана, Алматы, Шымкент қалаларының әкімдіктері

жыл сайын
 

көзделген қаражат шегінде

ЖБ

14.

Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы қайырымдылықты дамыту мәселелері жөніндегі кеңестің отырысында қайырымдылық саласының өзекті мәселелерін қарау және талқылау

Кеңес хаттамасы

АҚДМ, мүдделі мемлекеттік органдар, облыстардың, Астана, Алматы, Шымкент қалаларының әкімдіктері

жыл сайын
 

талап етілмейді


15.

Азаматтардың шешім қабылдауға қатысуына бағытталған әлеуметтік жобаны іске асыру

қорытынды
есептер

АҚДМ, мүдделі мемлекеттік органдар, облыстардың, Астана, Алматы, Шымкент қалаларының әкімдіктері

2021 – 2023 жылдар ішінде

2021 жыл – 9 079
2022 жыл – 9 079
2023 жыл – 9 079
 

РБ 004
"Азаматтық қоғам институттары мен мемлекеттің өзара қарым-қатынасын нығайтуды қамтамасыз ету"

16.

"Асар" үшжақты әріптестік платформасын дамыту (мемлекет, бизнес, ҮЕҰ)

форум
ұсынымдары

АҚДМ, мүдделі мемлекеттік органдар, облыстардың, Астана, Алматы, Шымкент қалаларының әкімдіктері

2021 – 2023 жылдар ішінде

2021 жыл – 8 392
2022 жыл – 8 392
2023 жыл – 8 392
 

РБ 004
"Азаматтық қоғам институттары мен мемлекеттің өзара қарым-қатынасын нығайтуды қамтамасыз ету"

17.

Азаматтық қоғамның әлеуетін арттыру мәселелері бойынша ЖОО-лардың ҮЕҰ-мен өзара іс-қимыл тетіктерін дамыту

АҚДМ-ға ақпарат

ҒЖБМ, АҚДМ, мүдделі мемлекеттік органдар, облыстардың, Астана, Алматы, Шымкент қалаларының әкімдіктері, ҮЕҰ (келісу бойынша)

2021 – 2025 жылдар ішінде

талап етілмейді


III. Азаматтар мен азаматтық қоғам институттарының шешімдер қабылдау процесіне және мемлекеттік істерді басқаруға қатысу деңгейін арттыру

18.

Қоғамдық бақылауды ұйымдастыру және жүргізу тәртібін әзірлеу және бекіту және азаматтардың реформалар мен ұсыныстарға бастама жасауы үшін бірыңғай онлайн-петиция институтын құру тетіктерін әзірлеу

бұйрық,
АҚДМ-ға ақпарат

АҚДМ
 

2022 жыл

талап етілмейді


19.

Нормативтік-құқықтық актілердің жобаларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жүргізу

АҚДМ-ға ақпарат

СЖҚА, мүдделі мемлекеттік органдар, облыстардың, Астана, Алматы, Шымкент қалаларының әкімдіктері

2021 – 2023 жылдар ішінде

2021 жыл – 2 954
2022 жыл – 4 149
2023 жыл – 4 149
 

РБ 015
"Нормативтік құқықтық актілердің жобаларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптама жүргізу"

20.

Қазақстан Республикасындағы қоғамдық кеңестердің қызметі туралы кешенді баяндама дайындау

баяндама

АҚДМ

2021 – 2023 жылдар ішінде

2021 жыл – 7 307
2022 жыл – 7 307
2023 жыл – 7 307
 

РБ 004
"Азаматтық қоғам институттары мен мемлекеттің өзара қарым-қатынасын нығайтуды қамтамасыз ету"

21.

ҮЕҰ, сарапшылар қауымдастығының сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға қатысуын кеңейту

ұсынымдар

АҚДМ, СЖҚА, мүдделі
органдар

2021 жыл

2021 жыл – 4026
 

РБ 004
"Азаматтық қоғам институттары мен мемлекеттің өзара қарым-қатынасын нығайтуды қамтамасыз ету"

22.

Уәкілетті орган жанындағы ҮЕҰ-мен өзара іс-қимыл жөніндегі үйлестіру кеңесінің қызметін ұйымдастыру

отырыс
хаттамасы

АҚДМ

жартыжылдық бойынша, 2020 – 2025 жылдар ішінде

талап етілмейді


23.

ҮЕҰ өзара іс-қимыл жөніндегі өңірлік кеңестердің қызметін жандандыру

ұсынымдар

облыстардың, Астана, Алматы, Шымкент қалаларының әкімдіктері

жыл сайын

талап етілмейді


24.

ҮЕҰ-мен бірлесіп, өңірлерде жергілікті өзін-өзі басқаруды іске асыру қағидаттарын, тетіктерін түсіндіру бойынша ақпараттық науқандар өткізу

АҚДМ-ға ақпарат

облыстардың, Астана, Алматы, Шымкент қалаларының әкімдіктері

жыл сайын
 
 
 
 

талап етілмейді


25.

Ластауыштардың шығарындылары мен тасымалдарының мемлекеттік тіркелімін интернет-ресурста орналастыру арқылы халықтың қоршаған ортаға эмиссиялар туралы ақпаратқа қол жеткізуін қамтамасыз ету

тіркелім

ЭГТРМ

2021 – 2022 жылдар ішінде

2021 жыл – 9 402
2022 жыл – 9 447
 

РБ 037
"Қоршаған орта сапасын тұрақтандыру және жақсарту"

26.

Қоршаған ортаның жай-күйі туралы және Қазақстан Республикасының табиғи ресурстарын пайдалану туралы ұлттық баяндаманы мемлекеттік және орыс тілдерінде дайындау

ұлттық баяндама

ЭГТРМ

2021 – 2022 жылдар ішінде

2021 жыл – 18 095
2022 жыл – 18 223
 

РБ 037
"Қоршаған орта сапасын тұрақтандыру және жақсарту"

27.

"Экологиялық ақпарат беру" мемлекеттік қызметін көрсету

мемлекеттік көрсетілетін қызмет

ЭГТРМ

2021 – 2022 жылдар ішінде

2021 жыл – 3 282
2022 жыл – 3 273
 

РБ 037
"Қоршаған орта сапасын тұрақтандыру және жақсарту"

28.

Жергілікті қоғамдастықтың мүдделері мен қажеттіліктерін бағалау негізінде ауылдық/қалалық аумақтарды инклюзивті жоспарлау тәсілдерін енгізу

ұсынымдар

облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының әкімдіктері

2021 – 2022 жылдар ішінде

көзделген қаражат шегінде

ЖБ

IV. Азаматтық қоғам институттарының әлеуетін нығайту

29.

"ҮЕҰ академиясы" жобасын іске асыру

ұсынымдар, қорытынды
есептер

АҚДМ

2021 – 2023 жылдар ішінде

2021 жыл – 15 483
2022 жыл – 15 483
2023 жыл – 15 483
 

РБ 004
"Азаматтық қоғам институттары мен мемлекеттің өзара қарым-қатынасын нығайтуды қамтамасыз ету"

30.

Қазақстанның Азаматтық форумын ұйымдастыру және өткізу

ұсынымдар

АҚДМ, мүдделі
мемлекеттік органдар

2022 жыл
 

2022 жыл – 43 476
 

РБ 004 "Азаматтық қоғам институттары мен мемлекеттің өзара қарым-қатынасын нығайтуды қамтамасыз ету"

31.

Өңірлік Азаматтық форумдарды ұйымдастыру және өткізу

ұсынымдар

облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының әкімдіктері

2022 жыл

көзделген қаражат шегінде

ЖБ

32.

Қоршаған ортаны қорғау мәселелері бойынша ҮЕҰ-мен, Орхус орталықтарымен, мемлекеттік органдармен, табиғат пайдаланушылармен кеңес

кеңес

ЭТРМ, мүдделі мемлекеттік органдар

2021 – 2023 жылдар ішінде

2021 жыл – 390
2022 жыл – 390
2023 жыл – 390
 

РБ 037 "Қоршаған орта сапасын тұрақтандыру және жақсарту"

V. Қазақстандағы БҰҰ-ның орнықты даму мақсаттарын имплементациялауға азаматтық қоғамды тарту

33.

Азаматтық қоғам ұйымдарының қатысуымен ОДМ-ді іске асырудың қоғамдық мониторингін ұйымдастыру

АҚДМ-ға ақпарат

АҚДМ, мүдделі
мемлекеттік органдар

2021 – 2025 жылдар ішінде

талап етілмейді


      Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:

      АҚДМ – Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі

      ЖОО – жоғары оқу орны

      ОДМ – орнықты даму мақсаттары

      СЖҚА – Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі

      ҮЕҰ – үкіметтік емес ұйымдар

      ҒЖБМ – Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі

      ЭТРМ – Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі.