Халықаралық автомобиль тасымалдарын қадағалаудың ақпараттық жүйесінің ұлттық операторын айқындау туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 3 желтоқсандағы № 819 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 12 қаңтардағы № 17 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 12.01.2023 № 17 қаулысымен.

      "Автомобиль көлігі туралы" 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 14-1-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Silk Way monitoring" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі халықаралық автомобиль тасымалдарын қадағалаудың ақпараттық жүйесінің ұлттық операторы болып айқындалсын.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин