"Қазақстан Республикасындағы әскери-көлік міндеттілігі туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 19 шілдедегі № 747 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 20 қарашадағы № 785 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 14 қыркүйектегі № 799 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 14.09.2023 № 799 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасындағы әскери-көлік міндеттілігі туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 19 шілдедегі № 747 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 30, 388-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "Жұмылдыру, соғыс жағдайы кезеңінде және соғыс уақытында Қазақстан Республикасының аумағындағы әскери-көліктік міндеттілік қағидаларын бекіту туралы";

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы" 2005 жылғы 7 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 7-бабының 14) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:";

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы әскери-көлік міндеттілігі туралы ереже осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2020 жылғы 20 қарашадағы
№ 785 қаулысына
қосымша
  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2005 жылғы19 шілдедегі
№ 747 қаулысымен
бекітілген

Жұмылдыру, соғыс жағдайы кезеңінде және соғыс уақытында Қазақстан Республикасының аумағындағы әскери-көліктік міндеттілік қағидалары

      1. Осы Жұмылдыру, соғыс жағдайы кезеңінде және соғыс уақытында Қазақстан Республикасының аумағындағы әскери-көліктік міндеттілік қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) жұмылдыру, соғыс жағдайы кезеңінде және соғыс уақытында көліктің барлық түрлерін дайындау және Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарына, арнаулы мемлекеттік органдарына жеткізу тәртібін айқындайды.

      2. Әскери-көліктік міндеттілік жұмылдыру дайындығы мен жұмылдырудың элементі болып табылады, көлікті есепке алу, алдын ала дайындау, заңды және жеке тұлғалардың беруі, сондай-ақ көлікпен жұмыстарды орындау мен қызметтер көрсету жөніндегі іс-шараларды жүргізуді қамтиды.

      3. Әскери-көліктік міндеттілік Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарын, арнаулы мемлекеттік органдарын жұмылдыру, соғыс жағдайы кезеңінде және соғыс уақытында көліктің барлық түрлерімен, оның ішінде мотоциклдермен, тракторлармен, тіркемелермен, жол-құрылыс және көтергіш-көлік машиналарымен және механизмдермен (бұдан әрі – көлік құралдары), сондай-ақ жегілетін және жүк артатын көлікпен қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында белгіленеді.

      4. Әскери-көліктік міндеттілік заңнамада көзделген негіздерде көлік құралдарын иеленетін жеке және заңды тұлғаларға, сондай-ақ көлік құралдарының жұмысын қамтамасыз ететін өзге де ұйымдарға қолданылады.

      Әскери-көліктік міндеттілік шет мемлекеттердің дипломатиялық өкілдіктері мен консулдық мекемелеріне, артықшылықтары мен иммунитеттері бар шетелдік және халықаралық ұйымдарға, сондай-ақ шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарға қолданылмайды.

      5. Осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес тізбе бойынша көлік құралдары Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарына, арнаулы мемлекеттік органдарына жеткізілмейді.

      6. Әскери-көліктік міндеттілікті жеке және заңды тұлғалар:

      1) жұмылдыру жарияланғанға, соғыс жағдайы және соғыс уақыты енгізілгенге дейін – Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарына, арнаулы мемлекеттік органдарына жеткізуге арналған көлік құралдарын тіркеу, тіркеуден шығару, қайта тіркеу, техникалық пайдалану және көліктік бақылау жөніндегі іс-шараларды жүргізу;

      2) жұмылдыру, соғыс жағдайы кезеңінде және соғыс уақытында – жұмылдыру тапсырыстарына сәйкес Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарына, арнаулы мемлекеттік органдарына техникалық ақаусыз және жасақталған көлік құралдарын жеткізу арқылы атқарады.

      7. Аса жеңіл авиацияның жеке әуе кемелерін, спорт кемелерін, жеңіл автомобильдерді (жүріп өту мүмкіндігі жоғары автомобильдерден басқа)және мотороллерлерді қоспағанда, мемлекеттік тіркеуді және техникалық қарап тексеруден өтуін есепке алуды жүргізетін уәкілетті органдар жүзеге асыратын көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу, тіркеуден шығару және қайта тіркеу, сондай-ақ оларды техникалық қарап тексеруден өткізуді орталық мемлекеттік органдар көлік құралын, сондай-ақ көлік құралдарының техникалық қарап тексеруден өту нәтижелерін тіркеген, тіркеуден шығарған және қайта тіркеген кезде ақпараттық жүйелермен өзара іс-қимыл жасау арқылы Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігін хабардар ете отырып жүргізеді.

      Ақпараттық жүйелермен өзара іс-қимыл жасалмайтын болса, көлік құралдарын мемлекеттік тіркеуді және олардың техникалық қарап тексеруден өтуін есепке алуды жүзеге асыратын уәкілетті органдар осы Қағидаларға 2, 3, 4 және 5-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті әскери басқару органдарына мәліметтер жібереді.

      8. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарына жеке тұлғалардағы және заңды тұлғалардың балансындағы көлік құралдары 50 %-тен асырмай (екі және одан да көп көлік құралы болса) немесе жеке тұлғаның көлік құралының бір бірлігі (көлік құралының бір бөлігі ғана болса) жеткізілуге жатады.

      9. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарына, арнаулы мемлекеттік органдарына берілетін көлік құралдарының түрлері мен саны:

      1) Қазақстан Республикасының жұмылдыру жоспарында;

      2) тиісті жергілікті атқарушы органның қаулысымен бекітілетін аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бойынша облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың аумағында көлік құралдарының жұмылдыру тапсырмасын (алу лимитін) бөлу есебінде;

      3) тиісті жергілікті атқарушы органның қаулысымен бекітілетін көлік құралдарының иелері бойынша ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) аумағында көлік құралдарының жұмылдыру тапсырысын (алу лимитін) бөлу есебінде айқындалады.

      10. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарына, арнаулы мемлекеттік органдарына көлік құралдарын жеткізу үшін мыналар негіз болып табылады:

      1) осы Қағидалардың 9-тармағының 3) тармақшасында көзделген жағдайда тиісті жергілікті атқарушы органның қаулысы негізінде бір тараптан жергілікті атқарушы орган және екінші тараптан жұмылдыру тапсырысын орындаушы (бұдан әрі – орындаушы) арасында жасалған жұмылдыру тапсырысын орындауға арналған шарт;

      2) жұмылдыру, соғыс жағдайы кезеңінде және соғыс уақытында орындаушыға табыс етілетін аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімінің көлік құралдарын жеткізуге арналған өкімі (бұдан әрі – өкім).

      Осы Қағидалардың 13-тармағында көзделген жағдайда тиісті жергілікті атқарушы органның қаулысы негізінде бір тараптан мемлекеттік орган және орындаушы арасында жасалатын жұмылдыру тапсырысын орындауға арналған шарт Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа да әскерлерімен әскери құралымдарына, арнаулы мемлекеттік органдарына уақытша пайдалану үшін көлік құралдарын беруге негіз болып табылады.

      Бейбіт уақытта жеке тұлғалармен көлік құралдарын жеткізуге шарт жасалмайды.

      11. Көлік құралдарының жұмылдыру тапсырмасын (тапсырысын)(алу лимитін) бөлу есебін тиісті жергілікті әскери басқару органдары әзірлейді.

      Жұмылдыру тапсырысын (алу лимитін) бөлу есептерін әзірлеу кезінде көлік құралдарының талап етілетін түрлері болмаған жағдайда оларды ауыстыру, оның ішінде Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі бекітетін рұқсат етілген ауыстыру ведомосына сәйкес таяу және алыс шет елдерде шығарылған көлік құралдарымен ауыстыру жүргізіледі.

      12. Жұмылдыру тапсырыстарын орындауға шарттар жасау тәртібі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айқындалады.

      Жұмылдыру тапсырысын орындауға арналған шартқа қосымша осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жасалады.

      Жұмылдыру тапсырыстарын орындауға арналған шарттарды нақтылау жарты жылда бір реттен сиретпей жүргізіледі.

      13. Жұмылдыру тапсырысын орындауға жасалған шарттарға сәйкес мыналар уақытша пайдалануға беріледі:

      1) әуе, теміржол, теңіз және ішкі су көлігі, сондай-ақ оның жұмысын қамтамасыз ететін мүлік – көлік саласындағы уәкілетті органға;

      2) магистральдық құбыржол көлігі және оның жұмысын қамтамасыз ететін мүлік – энергетика саласындағы уәкілетті органға.

      14. Көліктік инфрақұрылым объектілерін, сондай-ақ олардың жұмысын қамтамасыз ететін мүлікті жұмылдыру, соғыс жағдайы кезеңінде және соғыс уақытында Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері, басқа да әскерлері мен әскери құралымдары, арнаулы мемлекеттік органдары олардың иелерімен бірлесіп пайдаланады.

      15. Автомобиль, жегілетін және жүк артатын көлікті, оның ішінде мотоциклдерді, тракторларды, тіркемелерді, жол-құрылыс және көтергіш-көлік машиналары мен механизмдерді, сондай-ақ олардың жұмысын қамтамасыз ететін мүлікті Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқада әскерлері мен әскери құралымдарына, арнаулы мемлекеттік органдарына жергілікті атқарушы органдар ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті әскери басқару органы арқылы жеткізеді.

      16. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарына, арнаулы мемлекеттік органдарына жеткізуге арналған көлік құралдарын дайындауды орындаушылар жүзеге асырады, олар мынадай іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз етеді:

      1) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарына, арнаулы мемлекеттік органдарына жеткізуге арналған көлік құралдарын техникалық ақаусыз және жабдықталған күйде ұстау;

      2) қолданыстағы заңнамаға сәйкес көлік құралдарының міндетті техникалық қарап тексеруден өтуі;

      3) көлік құралдарын есепке алу және техникалық бақылау жөніндегі техникалық және өзге де құжаттаманы жүргізу.

      17. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарына, арнаулы мемлекеттік органдарына жеткізілетін көлік құралдарына қару-жарақ орнатуды және қажетті қосымша жабдықтауды оларды қабылдағаннан кейін жабдықталатын әскери бөлімдер (мекемелер) жүргізеді.

      18. Аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімінің көлік құралын жеткізуге арналған өкімін осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті әскери басқару органдары әзірлейді.

      19. Жұмылдыру, соғыс жағдайы кезеңінде және соғыс уақытында тиісті көлік құралын пайдалану жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес техникалық ақаусыз және жасақталған көлік құралдары ұсынылады.

      20. Жұмылдыру, соғыс жағдайы кезеңінде және соғыс уақытында Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарына, арнаулы мемлекеттік органдарына жеткізу үшін жоспарланған көлік құралдарын қосымша жабдықтауға арналған қосалқы бөлшектермен керек-жарақтарды, арнайы жабдықты жинақтауды, ұстауды осы көлік құралдарын жеткізу жоспарланған әскери бөлімдер (мекемелер) жүзеге асырады.

      21. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметі Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы негізінде заңды тұлғалардың көлік құралдарының техникалық жай-күйін және Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарына, арнаулы мемлекеттік органдарына жеткізуге әзірлігін тексеру үшін оларды жұмылдыру тапсырмасына сәйкес оқу-жаттығуларға немесе әскери жиындарға тартады.

      22. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органы қабылданған қаулы негізінде заңды тұлғалардың көлік құралдарын аумақтық қорғаныс міндеттері ауқымында оқу-жаттығуларға немесе әскери жиындарға тартады.

      23. Көлік құралдарын оқу-жаттығуларға немесе әскери жиындарға тартқан кезде олар өткізілетін жердегі орталық немесе жергілікті атқарушы органның уәкілетті лауазымды адамы бір тараптан және екінші тараптан орындаушылар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көлік құралдарын жалдау (уақытша жалдау) шарттарын жасасады.

      Оқу-жаттығуларды немесе әскери жиындарды өткізу кезеңіне көлік құралын жалдау (уақытша жалдау) шарты олар басталғанға дейін бес жұмыс күнінен кешіктірілмей жасалады.

      Жалдау (уақытша жалдау) шарты орындаушының көлік құралын басқару және техникалық пайдалану бойынша көрсетілетін қызметтерді ұсынуымен не ұсынуынсыз жасалады.

      24. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарына, арнаулы мемлекеттік органдарына жеткізуге арналған көлік құралдарын дайындауды бақылау Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

  Жұмылдыру, соғыс жағдайы
кезеңінде және соғыс уақытында Қазақстан Республикасының
аумағындағы әскери-көліктік
міндеттілік қағидаларына
1-қосымша

Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарына, арнаулы мемлекеттік органдарына беруге жатпайтын көлік құралдарының тізбесі

      1. Жедел медициналық көмек, қан құю станцияларының көлік құралдары, арнайы жабдықталған жедел жәрдем машиналары.

      2. Пошталық көлік құралдары.

      3. Инкассаторлық көлік құралдары.

      4. Ветеринариялық көмектің көлік құралдары.

      5. Сүт тасуға арналған арнайы көлік құралдары.

      6. Қалалық электр көлігі және трамвай-троллейбус шаруашылықтарының техникалық көмек көлік құралдары.

      7. Зауытішілік көлік құралдары.

  Жұмылдыру, соғыс жағдайы
кезеңінде және соғыс уақытында Қазақстан Республикасының
аумағындағы әскери-көліктік
міндеттілік қағидаларына
2-қосымша
  Нысан

Жеке және заңды тұлғалардың көлік құралдарын тіркеу (тіркеуден шығару, қайта тіркеу) туралы мәліметтер (20___ жылғы "__" _______жағдай бойынша)

Р/с №

Мемлекеттік органның атауы

Заңды тұлғаның атауы (жеке тұлғаның Т.А.Ә.)

Заңды мекенжайы, телефоны, факсы

Басшының Т.А.Ә.

Тіркелген (қайта тіркелген) күні мен орны

1

2

3

4

5

6

Көлік құралының түрі

Көлік құралының маркасы

Шығарылған жылы

Мемлекеттік (тіркеу) нөмірі

Шанақ нөмірі

7

8

9

10

11

Рұқсат етілген жүк көтергіштігі (кг)

Тіркеуден шығару туралы белгі

Жүрісі

Күні

Тіркеуден шығару себебі (құжатқа сілтеме жасай отырып)

12

13

14

15

  Жұмылдыру, соғыс жағдайы
кезеңінде және соғыс уақытында Қазақстан Республикасының
аумағындағы әскери-көліктік
міндеттілік қағидаларына
3-қосымша
  Нысан

Жеке және заңды тұлғалардың теңіз, ішкі су көлігін тіркеу (тіркеуден шығару, қайта тіркеу) туралы мәліметтер (20___ жылғы "__" _______жағдай бойынша)

Р/с №

Кеме иесінің атауы, оның заңды мекенжайы, телефоны, факсы, тіркелген орны

Кеменің атауы және нөмірі

Кеме түрі (өздігінен жүретіні немесе жүрмейтіні көрсетіледі)

Кеменің мақсаты (жолаушыларды, жүктерді тасымалдау немесе басқа мақсаттар үшін)

Жобаның нөмірі

Салынған жылы және орны

1

2

3

4

5

6

7

Корпус материалы

Негізгі машиналар (түрі, саны, қуаты)

Кеменің габариттік метрлік өлшемдері

Толық жүктелген кезде шөгуі

Бос күйде шөгуі

Қондырмасымен бірге үлкен биіктігі (бос күйде шөгуінен)

Ұзындығы

Ені

8

9

10

11

12

13

14

Жүк көтергіштігі, тонна

Жолаушылар сыйымдылығы, адам

Жүзу разряды

Қозғаушы түрі (бұрандалар саны)

Рульдік құрылғы (қолмен, механикалық, электрлік, гидравликалық)

15

16

17

18

19

Құтқару шлюпкалары (саны, жалпы сыйымдылығы)

Жүрістің ең жоғарғы жылдамдығы, (тораптар, км/сағ)

Кеменің тіркеу нөмірі (кемеге берілген куәліктің нөмірі және күні)

Өзгерістер туралы белгі

Күні

Қандай өзгерістер енгізілді (құжатқа сілтеме жасай отырып)

20

21

22

23

24

Тіркеуден шығару туралы белгі

Күні

Тіркеуден шығару себебі (құжатқа сілтеме жасай отырып)

25

26

  Жұмылдыру, соғыс жағдайы
кезеңінде және соғыс уақытында Қазақстан Республикасының
аумағындағы әскери-көліктік
міндеттілік қағидаларына
4-қосымша
  Нысан

Жеке және заңды тұлғалардың көлік құралдарының мемлекеттік техникалық қарап тексеруден өтуі туралы мәліметтер (20___ жылғы "___" _______жағдай бойынша)

Р/с №

Мемлекеттік органның атауы

Заңды тұлғаның атауы (жеке тұлғаның Т.А.Ә.)

Заңды мекенжайы, телефоны, факсы

Басшының Т.А.Ә.

Көлік құралының түрі

1

2

3

4

5

6

Көлік құралының маркасы

Шығарылған жылы

Мемлекеттік (тіркеу) нөмірі

Шанақ нөмірі

7

8

9

10

Техникалық паспорттың нөмірі, қашан және кім берді

Техникалық қарап тексеруден (куәландырудан) өткені туралы белгі

Жүрісі

Күні

Нәтижесі (ақаусыз, ақаулы)

11

12

13

14

  Жұмылдыру, соғыс жағдайы
кезеңінде және соғыс уақытында Қазақстан Республикасының
аумағындағы әскери-көліктік
міндеттілік қағидаларына
5-қосымша
  Нысан

Жеке және заңды тұлғалардың теңіз және ішкі су көлігінің техникалық қарап тексеруден (куәландырудан) өтуі туралы мәліметтер (20___ жылғы "__" _______жағдай бойынша)

Р/с №

Тіркеу нөмірі (жаңа)

Заңды тұлғаның атауы (жеке тұлғаның Т.А.Ә.)

Заңды мекенжайы, телефоны, факсы

Басшының Т.А.Ә.

Кеменің атауы немесе нөмірі

1

2

3

4

5

6

Жобаның нөмірі

Салынған жылы

Жүк көтергіштігі, тонна

Жолаушылар сыйымдылығы, адам

7

8

9

10

Тіркеу нөмірі (ескі)

Техникалық қарап тексеруден (куәландырудан) өткені туралы белгі

Соңғы куәландыру мерзімі

Келесі куәландыру мерзімі

Күні

Нәтижесі (ақаусыз, ақаулы)

11

12

13

14

15

  Жұмылдыру, соғыс жағдайы
кезеңінде және соғыс уақытында
Қазақстан Республикасының аумағындағы әскери-көліктік міндеттілік қағидаларына
  6-қосымша
  Нысан
  ____________ шартқа
  қосымша

      Жұмылдыру жарияланғаннан немесе аудан (облыстық маңызы бар қала) жергілікті әскери басқару органының бастығынан өкім алынғаннан кейін көлік құралдарын көрсетілген пункттерге және мерзімдерде жеткізу:

      Үлгі:

Партиялар нөмірі

Көлік құралдары қандай мерзімнен кешіктірілмей жеткізілуге тиіс

Межелі пункті және кімнің қарамағына

Түрлері мен маркалары бойынша көлік құралдарының атауы

Көлік құралдарының саны

Жүргізуші, шанецтік құрал-сайман мен жанармай құю жабдығы жиынтықтарының саны

жеткізуге жатады

қабылданады

оның ішінде жеке құрамды тасымалдауға

1

2

3

4

5

6

7

8

Партия -760

жұмылдыру жарияланған сәттен бастап 12 сағаттан кешіктірмей

көлік құралдарын алдын ала жинау пункті
Абай қ. Капцевич көшесі, 243

жол-құрылыс техникасы:
бульдозер
ершікті тартқыш:
жүк автокөлігі (20 тоннаға дейін)
ауыр жүк таситын тіркеме:

 
1
1
1

 
1
1


 
1
1

Көлік құралдары жеткізілгеннен кейін иесіне қайтарылуға жатады

Партия –"ФТО"

қосымша өкім бойынша

көлік құралдарын алдын ала жинау пункті
Абай қ. Капцевич көшесі, 243

бензин сорғысы
ыдыс:
200 литрлік бөшкелер
20 литрлік бидон

1
6
2

1
6
2


-
-
-

Партия – "ҚІД ерекше резерві"

қосымша өкім бойынша

көлік құралдарын алдын ала жинау пункті
Абай қ. Капцевич көшесі, 243

арнайы:
бензовоз (кемінде 3,5 м3)
автобус (кемінде 35 отыратын орын)

 
2
3

 
1
2


 
1
2

Партия –"Лимиттен қалдық"

қосымша өкім бойынша

көлік құралдарын алдын ала жинау пункті
Абай қ. Капцевич көшесі, 243

арнайы:
техникалық қызмет көрсету автомобилі

1

1


1

Партия -988

жұмылдыру жарияланған сәттен бастап 18 сағаттан кешіктірмей

қорғаныс істері жөніндегі басқарма
Абай қ. Капцевич көшесі, 243

автобус: (кемінде 35 отыратын орын)

3

2

2

2

      Осы қосымша_________ жылғы_________шарттың ажырамас бөлігі болып табылады.

  Жұмылдыру, соғыс жағдайы кезеңінде және соғыс уақытында Қазақстан Республикасының аумағындағы әскери-көліктік міндеттілік қағидаларына
  7-қосымша
  Нысан

Аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімінің көлік құралдарын жеткізуге өкімі

      Партия № ______________ № ______________ учаске № __________ маршрут

      ҚІБ(Б) Кімге: _____________________________________________ мөртаңбасы

      (орындаушының Т.А.Ә (заңды тұлғаның атауы) )

      Мекенжайы: ________________________________________

      Телефоны:__________________________________________

      1. ___________ жылғы ___________ шартқа сәйкес Сіз өкімді алған сәттен бастап сағ.________ мекенжайы бойынша____________ (жазбаша) _________________төмендегі көлік құралдарын жеткізуге тиіссіз:

      Үлгі:

Түрлері мен маркалары бойынша көлік құралдарының атауы

Көлік құралдарының саны

Жүргізуші, шанецтік құрал-сайман мен жанармай құю жабдығы жиынтықтарының саны

Белгілер үшін

беруге жатады

қабылданады

оның ішінде жеке құрамды тасымалдауға

1

2

3

4

5

6

Жол-құрылыс техникасы:
Бульдозер
Ершікті тартқыш:
Ауыр жүк таситын тіркеме
20 тонналық және одан жоғары:

 
1
1

 
1
1

 
-
-

 
1


1

Жол-құрылыс техникасы жеткізілгеннен кейін иесіне қайтарылуға тиіс

      ________________________________ Кесу

      сызығы___________________________________

      Қолхат Партия № ________ ________________________________________

      (орындаушының Т.А.Ә (заңды тұлғаның атауы)

      Көлік құралдарын беруге өкімді 20__жылғы "__" _____ ________ сағ. _____алдым _______________ (қолы, тегі)

      (артқы жағы)

      2. Егер көлік құралдарын көрсетілген мекенжай бойынша жеткізу мүмкін болмаса, онда олар мынадай мекенжай бойынша жеткізілуге тиіс________________________________

      _________________________________________________________________________

      (көлік құралдары жеткізілетін екінші мекенжай толық)

      3. Көлік құралдары кестеге сәйкес, техникалық ақаусыз, тиісті жүргізуші және шанецтік құрал-саймандар, жанармай құю жабдығы жиынтықтарымен, техникалық паспорттарымен (арнайы бөлікке арналған формулярлармен) бірге және көрсетілген мекенжайларға дейін жүру есебінен отын құйылып жеткізілуге тиіс.

      4. Арнайы автомобильдер мен жылжымалы жөндеу шеберханалары тиісті жабдығымен, керек-жарақтарымен және құрал-сайманымен, ал жеке құрамды тасымалдауға арналған жүк автомобильдері орындықтарымен және оларды бекітуге арналған металл бөлшектерімен, сондай-ақ баспалдақ-сатыларымен бірге жеткізілуге тиіс.

      5. Көлік құралдарын беруге өкімді бұзған, сапалы және толық орындамаған кінәлілер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауаптылықта болады.

      Әкімдіктің Әкім ________________________________________ МО (қолы, Т.А.Ә)

      ҚІБ(Б) Қорғаныс істері жөніндегі басқарма (бөлім) бастығы МО

      _______________________________________

      (әскери атағы, қолы, Т.А.Ә)

      20___ жылғы "_____" _________