"Өсімдіктер мен жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген түрлерiнiң тiзбесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 31 қазандағы № 1034 қаулысына толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 9 қарашадағы № 746 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Өсімдіктер мен жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген түрлерiнiң тiзбесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 31 қазандағы № 1034 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 40, 444-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген түрлерiнiң тiзбесiнде:

      "Сүт қоректiлер класы Mammalia Класс – Млекопитающие" деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 128-1-жолмен толықтырылсын:

      "

128-1

Каспий итбалығы

Pusa caspica

Каспийский тюлень

  ".

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин