Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің кейбір республикалық мемлекеттік кәсіпорындарының мәселелері

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 21 қазандағы № 690 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің "Жалпы генетика және цитология институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны оған Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің "Биологиялық бақылау, сертификаттау және клиника алдындағы зерттеулер орталық зертханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнын және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің "Адам және жануарлар физиологиясы институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнын қосу жолымен қайта ұйымдастырылсын.

      2. Осы қаулының 1-тармағында көзделген іс-шаралар орындалғаннан кейін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің "Жалпы генетика және цитология институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының атауы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің "Генетика және физиология институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – кәсіпорын) болып өзгертілсін.

      3. Кәсіпорын қызметінің негізгі нысанасы ғылыми зерттеулер, ғылыми қызмет нәтижелерін коммерцияландыру саласындағы қызметті жүзеге асыру болып айқындалсын.

      4. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне кәсіпорынның жарғысына тиісті өзгерістерді бекітуге енгізсін;

      2) кәсіпорынды "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамында мемлекеттік қайта тіркеуді қамтамасыз етсін;

      3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

      5. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.

      6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2020 жылғы 21 қазандағы
№ 681 қаулысымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер

      1. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 19.08.2022 № 581 қаулысымен.

      2. "Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 21 шілдедегі № 700 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 27, 290-құжат):

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесiнде:

      "1. Республикалық мемлекеттік кәсіпорындар" деген бөлімде:

      реттік нөмірі 16-9-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "16-9. Генетика және физиология институты";

      реттік нөмірлері 16-10, 16-14-жолдар алып тасталсын.

      3. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 03.06.2022 № 361 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.