"Мемлекеттік қызметшілерді даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 15 наурыздағы № 125 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 2 қазандағы № 636 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Мемлекеттік қызметшілерді даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 15 наурыздағы № 125 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2018 ж., № 16, 67-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мемлекеттік қызметшілерді даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру қағидаларын, мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыруды жүзеге асыратын білім беру ұйымдарына қойылатын талаптарды бекіту туралы";

      кіріспе және 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы 34-бабының 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік қызметшілерді даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру қағидалары, мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыруды жүзеге асыратын білім беру ұйымдарына қойылатын талаптар бекітілсін.";

      көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік қызметшілерді даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру қағидаларында:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мемлекеттік қызметшілерді даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру қағидалары, мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыруды жүзеге асыратын білім беру ұйымдарына қойылатын талаптар";

      1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Мемлекеттік қызметшілерді даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру қағидалары, мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыруды жүзеге асыратын білім беру ұйымдарына қойылатын талаптар (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 34-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленді және осы Қағидаларда көзделген білім беру ұйымдарында мемлекеттік қызметшілерді жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша даярлау, қосымша білім беру бағдарламалары бойынша қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыруды жүзеге асыратын білім беру ұйымдарына қойылатын талаптарды айқындайды.

      2. Мемлекеттік қызметшілерді даярлау мемлекеттік органның жолдамасы бойынша мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында (бұдан әрі – Мемлекеттік басқару академиясы) және Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот төрелігі академиясында (бұдан әрі – Сот төрелігі академиясы) жүзеге асырылады.

      Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша оқу мерзімі және оқуға түсу тәртібі білім беру ұйымдары бекіткен оқуға қабылдау қағидаларында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес айқындалады.

      Мемлекеттік қызметшілер жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша мемлекеттік тапсырыс шеңберінде оқуға құқылы.

      Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша мемлекеттік білім беру тапсырысы шеңберінде оқуға арналған конкурсқа қатысуға құжаттарды тапсыру сәтінде оқу және кейіннен жұмыспен өтеу жиынтық мерзімі заңнамада белгіленген зейнеткерлік жастан аспайтын, сондай-ақ мемлекеттік органда тұрақты штаттық лауазымды атқаратын мемлекеттік қызметшілер жіберіледі.

      Мемлекеттік орган мемлекеттік қызметшіні мемлекеттік тапсырыс шеңберінде жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша оқуға жіберген жағдайда, оған жалақысы сақталмайтын демалыс беріледі және оның жұмыс орны (лауазымы) сақталады.

      Мемлекеттік қызметші мемлекеттік органның жолдамасы бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша мемлекеттік тапсырыс шеңберінде оқуды аяқтауға, оның ішінде жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің тиісті бағдарламасы бойынша дәреже алуға міндеттеме алады.

      Оқуды сәтті аяқтаған мемлекеттік қызметшілерге жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің кәсіптік білім беру бағдарламасын толық меңгергенін растайтын құжат беріледі.";

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Мемлекеттік басқару академиясында "Б" корпусының "А", "В" санаттары тобындағы, С-1, С-2, С-3, С-4, С-5, С-О-1, С-О-2, D-1, D-2, D-3 (құрылымдық бөлімшенің басшысы), D-O-1, Е-1 санаттарындағы, сондай-ақ Нұр-Сұлтан қаласында орналасқан жергілікті атқарушы органдардың, орталық атқарушы және орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінің мемлекеттік қызметшілері қайта даярлаудан өтеді.

      Мемлекеттік басқару академиясының филиалдарында D-3 (құрылымдық бөлімшенің басшысын қоспағанда), D-4, D-5,С-О-3, С-О-4, С-О-5, С-О-6, C-R-1, C-R-2, C-R-3, C-R-4, C-R-5, D-O-2, D-O-3, D-О-4, D-О-5, D-О-6, Е-2, E-3, E-4, E-5, E-R-1, E-R-2, E-R-3, E-R-4, E-R-5, E-G-1,E-G-2, E-G-3, E-G-4 санаттарының мемлекеттік қызметшілері қайта даярлаудан өтеді.";

      мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:

      "4-1. Саяси қызметшілер үшін "Жаңа формацияның басшысы" бағдарламасы және басшы лауазымдарға тағайындалған кезде арнайы қайта даярлау курстары бойынша оқыту Мемлекеттік басқару академиясында және дербес білім беру ұйымдарында жүргізіледі. "Жаңа формацияның басшысы" бағдарламасын Мемлекеттік басқару академиясы дербес білім беру ұйымымен бірлесіп әзірлейді.

      Арнайы қайта даярлау курстарына Мемлекеттік басқару академиясы дербес білім беру ұйымымен бірлесіп "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілері, сондай-ақ мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігімен келісу бойынша айқындайтын мемлекеттік қызметшілердің өзге де санаттары үшін әзірлеген арнайы оқу бағдарламалары мен оқыту әдістері кіреді.";

      6 және 7-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметіне алғаш кірген мемлекеттік қызметшілер қайта даярлаудан күндізгі, онлайн (интернеттен қосылу, вебинарлар арқылы нақты уақыт режимінде), қашықтан және/немесе біріктірілген (күндізгі-қашықтан) нысанда өтеді.

      Бұрын құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдарда қызмет атқарған адамдар, сондай-ақ әскери қызметте болудың шекті жасына жеткеннен кейін қызметтен шығарылған әскери қызметшілер қайта даярлаудан босатылады.

      7. "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік басшы лауазымына алғаш тағайындалған мемлекеттік қызметшілер қайта даярлаудан күндізгі және/немесе онлайн (интернеттен қосылу, вебинарлар арқылы нақты уақыт режимінде) нысанда өтеді.

      Алдыңғы қызмет салаларында квазимемлекеттік секторларда және/немесе азаматтық, әскери және құқық қорғау қызметінде басшы лауазымдарда кемінде 1 (бір) жыл жұмыс өтілі бар адамдар қайта даярлаудан босатылады.";

      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Мемлекеттік саяси қызметшілердің біліктілігін арттыру Мемлекеттік басқару академиясында және дербес білім беру ұйымдарында жүзеге асырылады.

      "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің біліктілігін арттыруы – Мемлекеттік басқару академиясында, "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің біліктілігін арттыру Мемлекеттік басқару академиясында және оның филиалдарында жүзеге асырылады.

      "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің біліктілігін арттыру мемлекеттік орган қызметінің бейініне сәйкес мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыруды жүзеге асыратын білім беру ұйымдарында жүзеге асырылуы мүмкін.";

      мынадай мазмұндағы 11-1-тармақпен толықтырылсын:

      "11-1. Персоналды басқару қызметі мемлекеттік орган қызметінің бейініне сәйкес мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыруды жүзеге асыратын білім беру ұйымдарында мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру бойынша жұмысты ұйымдастырады.

      Мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыруды жүзеге асыратын білім беру ұйымдары білім беру қызметін регламенттейтін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген талаптарға сәйкес келуге тиіс.

      Мемлекеттік қызметшілерді кәсіптік даярлаудың тиісті сапасын қамтамасыз ету мақсатында "Б" корпусы әкімшілік қызметшілерінің біліктілігін арттыру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына кадрлық, оқу-әдістемелік және материалдық-техникалық қамтамасыз ету бойынша мынадай біліктілік талаптары қойылады:

      1) біліктілікті арттыру бойынша сабақтарды ғылым докторы немесе кандидаты ғылыми дәрежесі, философия докторы немесе магистрі академиялық дәрежесі бар және кәсіптік қызметте практикалық тәжірибесі бар және/немесе семинар тақырыбына сәйкес келетін салада кемінде соңғы 3 жыл тренингтер өткізіп жүрген адамдардың өткізуі;

      2) біліктілікті арттыру бойынша сабақтардың дәріскерлердің кемінде 40 % ұйымның штаттық қызметкерлері қатарынан тарта отырып жүргізілуі;

      3) біліктілікті арттыру семинарларының оқу бағдарламалары мазмұнының тапсырыс беруші мемлекеттік орган қызметінің ерекшелігіне, сондай-ақ Мемлекеттік сатып алу туралы шартқа техникалық ерекшелікте айқындалған талаптарға сәйкес келуі;

      4) меншік құқығында не жалдау шарттары бойынша тыңдаушылар контингентінің көлеміне, санитариялық-техникалық нормалар мен қағидаларға сәйкес келетін аудиториялық қордың болуы;

      5) меншік құқығында біліктілікті арттыру семинарлары бағдарламаларының тыңдаушылары контингентінің көлеміне сәйкес келетін интернет желісіне қолжетімділікпен қатар, кітапхана қорының, компьютерлік және интерактивті жабдықтардың болуы.

      Мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыруды жүзеге асыратын білім беру ұйымдары білім беру қызметтерін көрсету кезінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган бекіткен мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру құнын есептеу әдістемесін басшылыққа алады.

      Мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру бойынша білім беру қызметтерін ұсынатын ұйымдардың тізбесін мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның жанындағы үйлестіру кеңесі айқындайды.";

      13-тармақ алып тасталсын;

      14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "14. Мемлекеттік басқару академиясында "Б" корпусының "А", "В" санаттары топтарындағы, C-1, C-2, C-3, C-4, C-5, C-О-1, C-О-2, D-1, D-2, D-3 (құрылымдық бөлімшенің басшысы), D-О-1, D-О-2, Е-1 санаттарындағы, сондай-ақ Нұр-Сұлтан қаласында орналасқан жергілікті атқарушы органдардың, орталық атқарушы және орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінің мемлекеттік қызметшілері біліктілігін арттырудан өтеді.

      Мемлекеттік басқару академиясының филиалдарында "Б" корпусының D-3 (құрылымдық бөлімшенің басшысын қоспағанда), D-4, D-5, C-О-3, C-О-4, C-О-5, C-О-6, С-R-1, С-R-2, С-R-3, С-R-4, С-R-5, D-О-3, D-4, D-О-4, D-О-5, D-О-6, Е-2, Е-3, Е-4, Е-5, Е-R-1, Е-R-2, Е-R-3, Е-R-4, Е-R-5, Е-G-1, Е-G-2, Е-G-3, Е-G-4 санаттарындағы мемлекеттік қызметшілері біліктілігін арттырудан өтеді. Осы санаттағы қызметшілер мемлекеттік орган қызметінің бейіні бойынша мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыруды жүзеге асыратын білім беру ұйымдарында біліктілігін арттырудан өте алады.

      Сот жүйесінің қызметкерлері Сот төрелігі академиясында да біліктілікті арттырудан өте алады.";

      24-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "24. Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік қызметші жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша оқуды аяқтағаннан кейін мемлекеттік қызметте кемінде үш жыл еңбек қызметін жүзеге асырады, бұл ретте ол тікелей оқуды аяқтағаннан кейін кемінде бір жыл өзін оқуға жіберген мемлекеттік органда еңбек қызметін жүзеге асырады.

      Мемлекеттік қызметшінің әлеуметтік демалыста болған кезеңі, оның жүктілігі және босануы бойынша немесе бала үш жасқа толғанға дейін оның күтімі бойынша демалыста болуын қоспағанда, жұмыспен өтеу мерзіміне есептелмейді.

      Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша оқуды аяқтаған соң өзін оқуға жіберген мемлекеттік органда тікелей оқуды аяқтағаннан кейін кемінде үш ай еңбек қызметін жүзеге асырған мемлекеттік қызметші конкурстың қорытындысы бойынша басқа мемлекеттік органда жоғары тұрған лауазымға орналасқан жағдайда, оның ішінде ауыстыру және/немесе Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Жастар кадр резерві жөніндегі ұлттық комиссия шешімі бойынша Президенттік жастар кадр резервіне өту тәртібімен осы мемлекеттік органда жұмыспен өтеуін жалғастыра алады.";

      28-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "28. Мемлекеттік қызметшіні оқуға жіберген мемлекеттік орган қайта ұйымдастырылған жағдайда жұмыспен өтеу Заңның 56-бабының 6-10 тармақтарын ескере отырып, қайта ұйымдастырылған мемлекеттік органда жүзеге асырылады.";

      30-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Жоғарыда көрсетілген міндеттемелерді орындамау мемлекеттік қызметшінің өзін оқытуға бөлінген бюджет қаражатын және оқумен байланысты шығындарды мемлекетке өтеуіне әкеп соғады.";

      мынадай мазмұндағы 30-1-тармақпен толықтырылсын:

      "30-1. Мемлекеттік қызметші міндеттемелерді орындамаған жағдайда Мемлекеттік басқару академиясы, Сот төрелігі академиясы оның оқуына бөлінген қаражатты Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өндіріп алу бойынша шаралар қабылдайды.";

      31-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "31. Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган даярлауды, қайта даярлауды және біліктілікті арттыруды өткізуге арналған шығыстарды Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасының талаптарына сәйкес жоспарлайды.".

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин