"Қазақстан Республикасы азаматтарының Армения Республикасында тіркелген жекелеген көлік құралдарын Қазақстан Республикасына әкелуі мен пайдалануының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 20 мамырдағы № 306 қаулысына өзгері

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 2 қыркүйектегі № 553 қаулысы

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы қаулы 01.09.2020 ж. қолданысқа енгізіледі

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасы азаматтарының Армения Республикасында тіркелген жекелеген көлік құралдарын Қазақстан Республикасына әкелуі мен пайдалануының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 20 мамырдағы № 306 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:

      1-тармақтың 1-абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі 2021 жылғы 1 наурызға дейін заңнамада белгіленген тәртіппен мынадай шаралар қабылдасын:".

      2. Осы қаулы 2020 жылғы 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин