Өнеркәсіпті дамыту қорын құру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 18 тамыздағы № 521 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамымен (келісу бойынша) бірлесіп, Өнеркәсіпті дамыту қорын құруды қамтамасыз етсін.

      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Р.В. Склярға жүктелсін.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.


      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин