"Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың резервтерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 2

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 13 тамыздағы № 511 қаулысы. Қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізілді және 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап өз қолданысын тоқтатты - ҚР Үкіметінің 13.08.2020 № 511 қаулысымен.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 01.01.2021 бастап өз қолданысын тоқтатты - ҚР Үкіметінің 13.08.2020 № 511 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың резервтерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 25 сәуірдегі № 325 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 27-28, 168-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың резервтерін пайдалану қағидаларында:

      24-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "24-1. Тиісті өндірістік практика (GMP) талаптары мен стандарттарына сәйкес келетін иммундық-биологиялық препараттарды шығаратын биофармацевтикалық зауытты жобалауға және салуға, сондай-ақ Covid-19 емдеу бойынша модульдық аурухана салуға Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат бөлінген жағдайда өтінішхат жобалау-сметалық құжаттама ұсынылмай, жиынтық есеп-қисаптармен қоса ұсынылады.".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап өз қолданысын тоқтатады.

      Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі А. Мамин