"Әскери қызметшілердің, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдары, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлерінің, сондай-ақ арнайы атақтарға, сыныптық шендерге ие болу және нысанды киім киіп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 29 шiлдедегi № 478 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 29 тамыздағы № 733 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 29.08.2023 № 733 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Әскери қызметшілердің, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдары, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлерінің, сондай-ақ арнайы атақтарға, сыныптық шендерге ие болу және нысанды киім киіп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдардың еңбек сіңірген жылдарын есептеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы № 129 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 9, 84-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Әскери қызметшілердің, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдары, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлерінің, сондай-ақ арнайы атақтарға, сыныптық шендерге ие болу және нысанды киім киіп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдардың еңбек сіңірген жылдарын есептеу қағидаларында:

      4-тармақтың 4) тармақшасы мынадай мазмұндағы отыз тоғызыншы абзацпен толықтырсын:

      "жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыратын органдардың штаттық жасырын қызметкерлеріне мемлекеттік органдарының бірінші басшылары айқындайтын шарттарда бөлімшелер, лауазымдар тізбелері бойынша;".

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин