"Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысына тол

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 шiлдедегi № 471 қаулысы.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 87-88, 631-құжат) мынадай толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген 13-қосымшада:

      реттік нөмірі 2-жол мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:

      "

7)

COVID-19 коронавирусына қарсы күрес шеңберіндегі эпидемияға қарсы іс-шараларға тартылған жұмыскерлерге


1-тәуекел тобы – 20 ЕТЖМ мөлшерінде,
2-тәуекел тобы – 10 ЕТЖМ,
3-тәуекел тобы – 5 ЕТЖМ.

Үстемеақы белгілеу тәртібін денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган айқындайды

  ";

      мынадай мазмұндағы ескертпемен толықтырылсын:

      "Ескертпе: аббревиатураның толық жазылуы:

      ЕТЖМ – заңнамада белгіленген ең төменгі айлық жалақы мөлшері.".

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2020 жылғы 1 сәуірден бастап туындаған құқықтық қарым-қатынастарға қолданылады.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин