ЗҚАИ-ның ескертпесі
Осы қаулы 2020 жылғы 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізіледі
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Техникалық-экономикалық негіздеме әзірлеу талап етілмейтін бюджеттік инвестициялық жобалардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 29 желтоқсандағы № 2225 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 3, 23-құжат; 2014 ж., № 51, 512-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген техникалық-экономикалық негіздеме әзірлеу талап етілмейтін жобалардың тізбесінде:
2-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) 3000 оқушыны қоса алғанға дейінгі жалпы білім беретін мектептер мен интернат мекемелерін салу;".
2. Осы қаулы 2020 жылғы 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
А. Мамин |