Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Түзеу педагогикасының ұлттық ғылыми-практикалық орталығы" республикалық мемлекеттік мекемесін қайта атау туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 маусымдағы № 384 қаулысы.

      "Мемлекеттік мүлік туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Түзеу педагогикасының ұлттық ғылыми-практикалық орталығы" республикалық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Арнайы және инклюзивті білім беруді дамытудың ұлттық ғылыми-практикалық орталығы" республикалық мемлекеттік мекемесі болып қайта аталсын.

      2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

      3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:

      1) Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 19.08.2022 № 581 қаулысымен.

      2) "Министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 15 сәуірдегі № 339 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелеріндегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерінде:

      6-бөлімде:

      мына:

      "

10)

Түзеу педагогикасының ұлттық ғылыми-практикалық орталығы:

165

  "

      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

10)

Арнайы және инклюзивті білім беруді дамытудың ұлттық ғылыми-практикалық орталығы

165

  ".

      Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 19.08.2022 № 581 қаулысымен.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин