Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Техникалық-экономикалық негіздеме әзірлеу талап етілмейтін бюджеттік инвестициялық жобалардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 29 желтоқсандағы № 2225 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 3, 23-құжат; 2014 ж., № 51, 512-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген техникалық-экономикалық негіздеме әзірлеу талап етілмейтін жобалардың тізбесінде:
3-тармақ мынадай мазмұндағы 94) тармақшамен толықтырылсын:
"94) иммундық-биологиялық препараттарды өндіру жөніндегі объектілерді салу және реконструкциялау.".
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
А. Мамин |