"Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың резервтерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 2

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 5 мамырдағы № 265 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың резервтерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 25 сәуірдегі № 325 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 27-28, 68-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың резервтерін пайдалану қағидаларында:

      25-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "25. Қазақстан Республикасының немесе оның әкімшілік-аумақтық бірлігінің саяси, экономикалық және әлеуметтік тұрақтылығына, сондай-ақ адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін жағдайларды жою мақсатында жүргізілген, көлік құралдарын тартумен байланысты орталық мемлекеттік органның шығыстары және/немесе орталық мемлекеттік органның өзінің теңгеріміндегі көлік құралдарын өзге мемлекеттік органға беру бойынша шеккен шығыстары кейіннен Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде заңнамада белгіленген тәртіппен шұғыл шығындарға арналған резервтің қаражатынан өтеледі.

      Сондай-ақ мемлекеттің мүдделерін қорғау шеңберінде халықаралық даулар бойынша кредиторлық берешек шұғыл шығындарға арналған резервтің қаражаты есебінен өтелуі мүмкін.".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин