"Әскери қызметшiлердің, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдары, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлерiнің, сондай-ақ арнайы атақтарға, сыныптық шендерге ие болу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 сәуірдегі № 211 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 29 тамыздағы № 733 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 29.08.2023 № 733 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Әскери қызметшiлердің, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдары, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлерiнің, сондай-ақ арнайы атақтарға, сыныптық шендерге ие болу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдардың еңбек сiңiрген жылдарын есептеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы № 129 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 9, 84-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Әскери қызметшiлердің, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдары, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлерiне, сондай-ақ арнаулы атақтарға, сыныптық шендерге ие болу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдардың еңбек сiңiрген жылдарын есептеу қағидаларында:

      2-тармақ мынадай мазмұндағы 7-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "7-1) құқық қорғау органдарының білім беру ұйымдарында алғашқы кәсіптік даярлықтан өту мерзімі ол аяқталған және адамды құқық қорғау органында лауазымға тағайындаған жағдайда;".

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин