"Арнайы экономикалық аймақтардың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 24 қарашадағы № 772 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 6 сәуірдегі № 177 қаулысы

      "Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы" 2019 жылғы 3 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Арнайы экономикалық аймақтардың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 24 қарашадағы № 772 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      1) кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы" 2019 жылғы 3 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 2 тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:";

      2) көрсетілген қаулымен бекітілген "Астана-Технополис" арнайы экономикалық аймағы туралы ережеде:

      1-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "АЭА-ның аумағы 653,92 гектарды құрайды және Қазақстан Республикасы аумағының ажырамас бөлiгi болып табылады.";

      2-тармақтың 3) тармақшасындағы "жәрдем көрсету мақсаттарында құрылады." деген сөздер "жәрдем көрсету;" деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:

      "4) әлеуметтік салаға, денсаулық сақтау саласына инвестициялар тарту арқылы Нұр-Сұлтан қаласын жедел дамыту мақсаттарында құрылады.";

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. АЭА-ның қызметі Қазақстан Республикасының Конституциясымен, "Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен, осы Ережемен және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерімен реттеледі.";

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. АЭА-ны басқару "Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.";

      "Астана – Технополис" арнайы экономикалық аймағының жоспары осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      3) "Астана – Технополис" арнайы экономикалық аймағының жұмыс істеуінің нысаналы индикаторлары осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      4) көрсетілген қаулымен бекітілген "Астана – жаңа қала" арнайы экономикалық аймағы туралы ережеде:

      4-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. АЭА қызметі Қазақстан Республикасының Конституциясымен, "Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы" 2019 жылғы 3 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңымен және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасымен реттеледі.";

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. АЭА-ны басқару "Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы" 2019 жылғы 3 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі А. Мамин

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2020 жылғы 6 сәуірдегі
№ 177 қаулысына
1-қосымша
  "Астана-Технополис" арнайы
экономикалық аймағы туралы
ережеге қосымша

"Астана-Технополис" арнайы экономикалық аймағы шекарасының жоспары



  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2020 жылғы 6 сәуірдегі
№ 177 қаулысына
2-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2017 жылғы 24 қарашадағы
№ 772 қаулысымен
бекітілген

"Астана-Технополис" арнайы экономикалық аймағының жұмыс істеуінің нысаналы индикаторлары

Р/с № Мақсаттар, міндеттер және көрсеткіштер Өлшем бірлігі 2022 жылға қарай нысаналы индикаторға қол жеткізу 2027 жылға қарай нысаналы индикаторға қол жеткізу 2032 жылға қарай нысаналы индикаторға қол жеткізу 2037 жылға қарай нысаналы индикаторға қол жеткізу 2042 жылға қарай нысаналы индикаторға қол жеткізу
1 2 3 4 5 6 7 8

1

Инвестициялардың жалпы көлемі, оның ішінде:

млрд. теңге

5,2

40

100

200

300

1.1

шетелдік инвестициялар көлемі

млрд. теңге

1,7

8

20

40

60

1.2

отандық инвестициялар көлемі

млрд. теңге

3,5

32

80

160

240

2

АЭА аумағында тауарларды және көрсетілетін қызметтерді (жұмыстарды) өндіру көлемі

млрд. теңге

1,6

100

150

250

400

3

Қатысушылар (компаниялар) саны

бірлік

12

38

62

75

85

4

Қосалқы қызмет түрлерін жүзеге асыратын адамдардың саны

адам

7

13

35

47

53

5

АЭА аумағында құрылатын жұмыс орындарының саны

адам

1000

3000

4500

6000

6000

6

АЭА аумағындағы өндірістің жалпы көлеміндегі қазақстандық қамту үлесі

%

15%

20%

25%

30%

35%

7

Кәсіпорындардың инновациялық белсенділік деңгейі

%

3,7

4,8

6,2

8

10

      * көрсеткіштер өсу нәтижесімен көрсетіледі