"Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлігінiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1111 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 2 сәуірдегі № 163 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 581 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 19.08.2022 № 581 қаулысымен.
      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлігінiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1111 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 40, 522-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлігі туралы ережеде:

      16-тармақта:

      орталық аппараттың функцияларында:

      16-2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "16-2) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын әзірлеу және бекіту;";

      20-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "20-1) мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсiптiк, орта білімнен кейінгі ұйымдарды, сондай-ақ арнайы бiлiм беру ұйымдарын жабдықтармен және жиһазбен жарақтандыру нормаларын әзiрлеудi ұйымдастыру және бекіту;";

      30) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "30) тиісті саланың уәкілетті органдарымен келісу бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында кәсіптік қызметті жүзеге асыратын педагогтерді қоспағанда, педагог лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту;";

      31-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "31-1) мемлекеттік орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының басшыларын конкурстық орналастыру қағидаларын әзірлеу және бекіту;";

      33) тармақша алып тасталсын;

      34) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "34) педагогтерді қайта даярлау мен олардың біліктілігін арттыруды ұйымдастыру;";

      39-1) тармақша алып тасталсын;

      45) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "45) мәдениет және өнер, дене шынықтыру және спорт мамандықтары бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын, сондай-ақ жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқуға рұқсат беру қағидаларын әзірлеу және бекіту;";

      61-14) және 61-15) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "61-14) педагогтердің біліктілігін арттыру курстарын ұйымдастыру және өткізу, сондай-ақ педагогтің қызметін курстан кейінгі қолдау қағидаларын бекіту;

      61-15) педагогтердің біліктілігін арттыру курстарының білім беру бағдарламаларын әзірлеу, келісу және бекіту қағидаларын бекіту;";

      61-27) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "61-27) мәдениет және өнер, дене шынықтыру және спорт мамандықтары бойынша сырттай және кешкі оқу, сондай-ақ экстернат нысандарында білім алуға жол берілетін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің мамандықтары мен біліктіліктерінің тізбесін бекіту;";

      65) және 66) тармақшалар алып тасталсын;

      70) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "70) білім беру ұйымын басқарудың алқалы органдарын сайлау тәртібін қоса алғанда, жұмысты ұйымдастырудың үлгілік қағидаларын бекіту;";

      80) тармақша алып тасталсын;

      82) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "82) даму мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған арнаулы білім беру ұйымдарының білім беру қызметін регламенттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін әзірлеу және бекіту;";

      87) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "87) білім беру және балалардың құқықтарын қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарын әзірлеу және бекіту;";

      87-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "87-1) арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсынатын субъектінің меншік нысанына қарамастан, әлеуметтік жұмыскерлерге қойылатын біліктілік талаптары мен оларды аттестаттау қағидаларын әзірлеу және халықты әлеуметтік қорғау және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органдармен келісу бойынша бекіту;";

      88) тармақша алып тасталсын;

      94) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "94) жеке және заңды тұлғалармен, халықты әлеуметтік қорғау және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органдармен және басқа да мемлекеттік органдармен арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді ұсыну мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасауды жүзеге асыру;";

      96) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "96) біліктілікті қашықтықтан арттыруды қамтамасыз ету қағидаларын әзірлеуді ұйымдастыру және бекіту;";

      97) тармақша алып тасталсын;

      101) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "101) білім беру ұйымдарында эксперимент режимінде іске асырылатын білім беру бағдарламаларын әзірлеу, сынақтан өткізу және енгізу қағидаларын әзірлеу және бекіту;";

      105-2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "105-2) рұқсат беру талаптары мен оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін бекіту туралы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу, рұқсаттар және хабарламалар саласындағы уәкілетті органмен және ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен келісу және оларды бекіту;";

      108) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "108) білім беру саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты іске асыру;";

      110) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "110) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру жобаларына сараптама ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекіту;";

      112) тармақша алып тасталсын;

      114) және 115) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "114) бiлiм беру жүйесінің сапасын сырттай және iшкi бағалау үшін статистикалық және талдамалық бағалау көрсеткіштерінің кешені көмегімен білім беру мониторингін жүзеге асыру;

      115) жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарына (ғылыми жарыстарға) қатысушылар құрамын қалыптастыру қағидаларын әзірлеу және бекіту;";

      119) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "119) заңнамада белгіленген тәртіппен жергілікті атқарушы органдардың білім беруді басқару органдарына, білім беру ұйымдарына, денсаулық сақтау және халықты әлеуметтік қорғау ұйымдарына, жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдарға, мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған арнаулы білім беру ұйымдарына, балалардың білім алуға құқығын қамтамасыз ету, тамақтануды, жеткізуді, демалуды, сауықтыруды және бос уақытты ұйымдастыру бойынша білім беру ұйымдарына бара отырып, профилактикалық бақылау жүргізудің жартыжылдық тізімін бекіту;";

      121) тармақша алып тасталсын;

      130) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "130) мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және бекіту;";

      141) және 142) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "141) бала асырап алу жөніндегі агенттіктер жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды Қазақстан Республикасы азаматтарының отбасыларына орналастыруға жәрдем көрсету жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу қағидаларын бекіту;";

      142) жетім балаларды және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды есепке алуды ұйымдастыру және олар туралы ақпаратқа қол жеткізу қағидаларын бекіту;";

      мынадай мазмұндағы 155), 156), 157), 158), 159), 160), 161), 162), 163), 164) 165) және 166) тармақшалармен толықтырылсын:

      "155) орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары педагогтерінің жүргізуі үшін міндетті құжаттардың тізбесін және олардың нысандарын бекіту;

      156) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) білім беруді басқару органдарының бірінші басшыларын лауазымға тағайындауды және лауазымнан босатуды келісу;

      157) жекеменшік білім беру ұйымдарында орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын, оқуға ата-ана төлемақысының шекті мөлшерін бекiту;

      158) әкімшілік-аумақтық бірлікті басқару схемаларын қалыптастыру кезінде қолданылатын білім беруді басқару органдары (облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың білім басқармалары, сондай-ақ оларға есеп беретін және олардың бақылауындағы, аудандарда, қалаларда немесе облыстық және республикалық маңызы бар қалалардағы, астанадағы аудандарда орналасатын білім бөлімдері) арасында функцияларды бөлуді бекіту;

      159) педагогтік әдепті бекіту;

      160) педагог лауазымдарының тізбесін бекіту;

      161) мемлекеттік ұйымдар педагогтерінің жалақысын есептеу қағидаларын бекіту;

      162) педагогтік қайта даярлау тәртібін бекіту;

      163) педагогтің жұмыс уақыты мен демалыс уақыты режимінің ерекшеліктерін айқындау қағидаларын бекіту;

      164) тәлімгерлікті ұйымдастыру тәртібін және тәлімгерлікті жүзеге асыратын педагогтерге қойылатын талаптарды бекіту;

      165) педагогтерге біліктілік санаттарын беру (растау) қағидаларын бекіту;

      166) Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын, жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды өз отбасына тәрбиелеуге қабылдауға тілек білдірген Қазақстан Республикасының азаматтарын психологиялық даярлау бағдарламасының мазмұнына қойылатын талаптарды, оларды психологиялық даярлау жөніндегі қызметті ұйымдастыру тәртібін және осындай даярлықтан өткені туралы сертификаттың нысанын бекіту;";

      ведомстволардың функцияларында:

      11) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "11) білім беру ұйымдарынан шығатын ресми құжаттарды апостильдеу рәсімін жүзеге асыру;";

      24) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "24) мемлекеттік бюджет есебінен іске асырылатын іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулердің ғылыми, ғылыми-техникалық жобалары мен бағдарламаларын әзірлеуді және олардың қалыптастыру, орындау және аяқтау сатыларында іске асырылуын жүзеге асыруды ұйымдастыру;";

      34) және 35) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "34) ғылыми зерттеулерді және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды мемлекеттік-жекешелік әріптестік негізінде ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын әзірлеу;

      35) уәкілетті органның және салалық уәкілетті органдардың ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды және ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет туралы есептерді мемлекеттік есепке алуға ұсынуын бақылауды жүзеге асыру;";

      39) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "39) ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет саласын салааралық үйлестіруді жүзеге асыру және оған басшылық ету;";

      43) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "43) өз құзыреті шеңберінде мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу жөнінде ұсыныстар енгізу, көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасына ішкі бақылау жүргізу;";

      мынадай мазмұндағы 78), 79), 80), 81) және 82) тармақшалармен толықтырылсын:

      "78) орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары педагогтерінің жүргізуі үшін міндетті құжаттардың тізбесін және олардың нысандарын әзірлеу;

      79) педагогтердің біліктілігін арттыру курстарының білім беру бағдарламаларын әзірлеу, келісу және бекіту қағидаларын әзірлеу;

      80) әкімшілік-аумақтық бірлікті басқару схемаларын қалыптастыру кезінде қолданылатын білім беруді басқару органдары (облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың білім басқармалары, сондай-ақ оларға есеп беретін және олардың бақылауындағы, аудандарда, қалаларда немесе облыстық және республикалық маңызы бар қалалардағы, астанадағы аудандарда орналасатын білім бөлімдері) арасында функцияларды бөлуді әзірлеу;

      81) жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды Қазақстан Республикасы азаматтарының отбасыларына орналастыруға жәрдем көрсету жөніндегі ұйымды аккредиттеуді жүргізу;

      82) жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды Қазақстан Республикасы азаматтарының отбасыларына орналастыруға жәрдем көрсету жөніндегі ұйымды аккредиттеу туралы немесе аккредиттеуден бас тарту туралы шешімдерді, жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды Қазақстан Республикасы азаматтарының отбасыларына орналастыруға жәрдем көрсету жөніндегі ұйымдардың қызметін ұзарту (ұзартудан бас тарту), тоқтата тұру, жаңарту және тоқтата тұру туралы дәлелді шешімдерді беру;".

      2. Осы қаулы 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-тармақтың алпыс алтыншы және тоқсаныншы абзацтарын қоспағанда, қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин