Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 23.11.2023 № 1022 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1."Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті базалық, гранттық және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 25 мамырдағы № 575 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 40, 500-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті базалық, гранттық және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру қағидасында:
58-тармақ алып тасталсын;
көрсетілген Қағидаға 5-қосымшаның 5-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) 1-кестеге сәйкес зерттеу тобының құрамы. Жобаға жартылай жүктемемен қатысатын зерттеу тобының мүшелері үшін олардың жоба бойынша жұмысқа жұмсайтын сағаттарының саны көрсетіледі;".
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
А. Мамин |