"Ұлттық ғылыми кеңестердің құрамын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 12 шілдедегі № 785 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 27 наурыздағы № 144 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 23 тамыздағы № 716 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 23.08.2023 № 716 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.


      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Ұлттық ғылыми кеңестердің құрамын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 12 шілдедегі № 785 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Ұлттық ғылыми кеңестердің құрамында:

      "Мәңгілік ел" ғылыми негіздері (XXI ғасырдағы білім беру, гуманитарлық ғылымдар саласындағы іргелі және қолданбалы зерттеулер)" деген бөлімде:

      реттік нөмірі 25-жол алып тасталсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин