Тауарларды таңбалау мен олардың қадағалануының бірыңғай операторын айқындау туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 3 наурыздағы № 95 қаулысы.

      "Сауда қызметін реттеу туралы" 2004 жылғы 12 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 11-2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақтелеком" акционерлік қоғамы тауарларды таңбалау мен олардың қадағалануының бірыңғай операторы болып айқындалсын.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин