"Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң кейбiр мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі № 310 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 14 ақпандағы № 55 қаулысы

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң кейбiр мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі № 310 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 14, 168-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі туралы ережеде:

      16-тармақта:

      29) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "29) екі немесе одан көп облыс аумағындағы (облыстардың аумағында карантиндік объектінің жергілікті таралу жағдайларын қоспағанда) карантиндік аймақтарда өсімдіктер карантинін жүргізу тәртібін әзірлейді және бекітеді;";

      30) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "30) карантиндік фитосанитариялық талаптарды әзірлейді және бекітеді;";

      мынадай мазмұндағы 33-1) және 33-2) тармақшалармен толықтырылсын:

      "33-1) жеке және заңды тұлғаларға жеміс дақылдарының бактериялық күйігін жұқтырған жойылған жеміс-жидек дақылдарын отырғызу мен өсіруге жұмсаған шығындарын өтеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      33-2) фитосанитариялық тәуекелге талдау жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;";

      мынадай мазмұндағы 34-1) және 34-2) тармақшалармен толықтырылсын:

      "34-1) таралу ошақтарын оқшаулау мен жою жөніндегі іс-шаралар бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын карантиндік объектілер мен бөтен текті түрлердің тізбесін әзірлейді және бекітеді;

      34-2) қарсы күрес бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын зиянды организмдердің тізбесін және фитосанитариялық іс-шаралар жүргізу тәртібін әзірлейді және бекітеді;";

      35) және 36) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "35) өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шараларды жүргізу үшін пестицидтердің қорын құру және сақтау тәртібін әзірлейді және бекітеді;

      36) бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша өсімдіктер карантині саласында мемлекеттік бақылау мен қадағалауды тікелей жүзеге асыратын ведомствоның және фитосанитариялық бақылау бекеттерімен бірге аумақтық бөлімшелерінің лауазымды адамдарын нысанды киiммен (погонсыз), сондай-ақ материалдық құралдармен, фото- және бейнетіркеуге арналған техникалық құралдармен қамтамасыз етудің заттай нормаларын әзірлейді және бекітеді;";

      38) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "38) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы автомобиль өткізу пункттерінде мемлекеттік карантиндік фитосанитариялық бақылау мен қадағалауды өсімдіктер карантині саласындағы уәкілетті орган ведомствосының мемлекеттік кірістер органдарына іссапарға жіберілген өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторлары өсімдіктер карантині саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен жүзеге асырады;";

      68) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "68) мынадай:

      пестицидтер өндіру (формуляциялау);

      пестицидтер өткізу;

      пестицидтерді аэрозольдық және фумигациялық тәсілдермен қолдану жөніндегі қызметтің кіші түрлеріне қойылатын біліктілік талаптарын әзірлейді және бекітеді;";

      70) және 71) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "70) өсімдіктерді қорғау құралдарының (пестицидтердің) қауіпсіздігі туралы техникалық регламенттердi әзірлейді және бекітеді;

      71) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органмен келісу бойынша пестицидтерді тіркеу (ұсақмөлдекті және өндірістік) сынақтарынан өткізу және оларды мемлекеттік тіркеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;";

      76) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "76) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органмен келісу бойынша пестицидтерді зарарсыздандыру тәртібін, сондай-ақ арнайы сақтау орындарын (көмінділерді) тиісінше жай-күйде ұстау шаттарын айқындайды;";

      88) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "88) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы автомобиль өткізу пункттерінде мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау мен қадағалауды ветеринария саласындағы уәкілетті орган ведомствосының мемлекеттік кірістер органдарына іссапарға жіберілген мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлары ветеринария саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен жүзеге асырады;";

      мынадай мазмұндағы 95-1), 95-2), 95-3) және 95-4) тармақшалармен толықтырылсын:

      "95-1) ветеринария саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттама нысанын, сондай-ақ оны толтыру және шығару тәртібін әзірлейді және бекітеді;

      95-2) ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органдар қызметінің тиімділігін бағалау үшін ветеринария саласындағы нысаналы индикаторларды есептеу әдістемесін әзірлейді және бекітеді;

      95-3) микроорганизмдердің штамдарын депонирлеу, Микроорганизмдердің депонирленген штамдарының ұлттық коллекциясын жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      95-4) мал қорымдарының (биотермиялық шұңқырлардың) тізілімін жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;";

      109) тармақша алып тасталсын;

      119) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "119) ветеринариялық препараттарды, азықтық қоспаларды байқаудан және тіркеу сынақтарынан өткізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;";

      126) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "126) ветеринариялық бақылау бекеттерінде мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру тәртiбiн әзірлейді және бекітеді;";

      128) тармақша алып тасталсын;

      131) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "131) ветеринариялық-санитариялық бақылау мен қадағалауға жататын тамақ өнімінің қауіпсіздігі саласындағы ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидалар мен нормативтерді, нормативтік құжаттарды, ветеринариялық-санитариялық бақылау мен қадағалауға жататын тамақ өнімінің қауіпсіздігі саласындағы техникалық регламенттерді әзірлейді және бекітеді;";

      134) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "134) бiрегей және элиталық тұқымдар, бiрiншi, екiншi және үшiншi репродукция тұқымдарын өндiрушiлердi, тұқым өткізушілерді аттестаттау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;";

      138) тармақша алып тасталсын;

      147) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "147) агроөнеркәсіптік кешенді ғылыми қамтамасыз ету және кадрлар даярлау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру, оның ішінде ведомстволық бағынысты жоғары оқу орындарын, ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-эксперименттік ұйымдарды дамыту жөніндегі іс-шараларды ұйымдастырады;";

      мынадай мазмұндағы 155-1), 155-2) және 155-3) тармақшалармен толықтырылсын:

      "155-1) ауыл шаруашылығы дақылдары егіс алаңдарының құрылымын әртараптандыру мәселесі жөніндегі келісімнің (меморандумның) үлгілік нысанын әзірлейді және бекітеді;

      155-2) ауыл шаруашылығы дақылдары егіс алаңдарының құрылымын әртараптандыру мәселесі жөнінде келісім (меморандум) жасайды;

      155-3) ауыл шаруашылығы жануарларын жаюдың үлгілік қағидаларын әзірлейді және бекітеді;";

      158) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "158) кепілдендірілген сатып алу бағасы мен сатып алу бағасы белгіленетін ауыл шаруашылығы өнімдерінің тізбесін әзірлейді және бекітеді;";

      164) тармақша алып тасталсын;

      165) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "165) "Агроөнеркәсіптік кешендегі үздік кәсіп иесі" конкурсын өткізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;";

      169) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "169) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағаларын тұрақтандыру тетіктерін іске асырудың үлгілік қағидаларын әзірлейді және бекітеді;";

      170) тармақшада:

      екінші абзац алып тасталсын;

      бесінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "өсiмдiк шаруашылығының өнімділігін және өнiм сапасын арттыру қағидаларын;";

      алтыншы, жетінші және тоғызыншы абзацтар алып тасталсын;

      он екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне кредит беру, сондай-ақ ауыл шаруашылығы жануарларын, техникасы мен технологиялық жабдығын сатып алуға лизинг кезінде сыйақы мөлшерлемелерін;";

      он үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мақта өндірумен айналысатын ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді;";

      он бесінші абзац алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы он алтыншы, он жетінші және он сегізінші абзацтармен толықтырылсын:

      "агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін қаржылық сауықтыру жөніндегі бағыт шеңберінде кредиттік және лизингтік міндеттемелер бойынша сыйақы мөлшерлемелерін;

      облигациялар бойынша купондық сыйақы қағидаларын;

      ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды әзірлеу және ендіру шығындарының құнын субсидиялау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;";

      мынадай мазмұндағы 170-1), 170-2) және 170-3) тармақшалармен толықтырылсын:

      "170-1) агроөнеркәсіптік кешендегі сақтандыру саласындағы операторды айқындайды;

      170-2) сақтандыру сыйлықақыларын субсидиялау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      170-3) сақтандыру өнімдерін әзірлеу және бекіту тәртібін айқындайды;";

      175) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "175) мақта қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызметке және техникалық реттеу жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен келісу бойынша аккредиттелген сынақ зертханаларына (орталықтарына) қойылатын біліктілік талаптарын әзірлейді және бекітеді;";

      181) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "181) шитті мақтаның сапасына сараптама жүргізу және шитті мақтаның сапасы туралы куәлік беру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;";

      мынадай мазмұндағы 193-1) және 193-2) тармақшалармен толықтырылсын:

      "193-1) агроөнеркәсіптік кешен үшін кадрлар даярлауды жүзеге асыратын, республикалық бюджеттен қаржыландырылатын білім беру ұйымдарында жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар мамандарды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын қалыптастыруға қатысады;

      193-2) агроөнеркәсіптік кешен үшін кадрлар даярлауды жүзеге асыратын, республикалық бюджеттен қаржыландырылатын білім беру ұйымдарында жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар мамандарды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысының бөлінуі мен орналастырылуын бекітеді;";

      201) тармақша алып тасталсын;мынадай мазмұндағы 224-2) тармақшамен толықтырылсын:

      "224-2) бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша:

      суармалы жерлердің мелиорациялық жай-күйіне мониторинг және бағалау жүргізуге арналған заттай нормаларды;

      суармалы жерлердің мелиорациялық жай-күйін бағалау жөніндегі жұмыстарды орындау кезінде пайдалану шығындарына арналған материалдар шығыстарының заттай нормаларын әзірлейді және бекітеді;";

      243) тармақша алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 358-3) және 358-4) тармақшалармен толықтырылсын:

      "358-3) суармалы жерлердің мелиорациялық жай-күйіне мониторинг және бағалау жүргізу кезінде республикалық мемлекеттік мекеменің ақылы қызмет түрлерін көрсету қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      358-4) суармалы жерлердің мелиорациялық жай-күйіне мониторинг және бағалау жүргізу кезінде республикалық мемлекеттік мекеме көрсететін ақылы қызмет түрлеріне арналған тарифтерді әзірлейді және бекітеді;";

      мынадай мазмұндағы 376-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "376-1) сұрып сынағын өткізу саласындағы мемлекеттік мекемелер өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын белгілейді;";

      384), 385), 386) және 387) тармақшалар алып тасталсын;

      406) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "406) биоотын өндірушілердің биоотын өндірісінің мониторингін жүзеге асыру үшін қажетті есептердің нысандары мен оларды облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органына ұсыну тәртібін әзiрлейдi және бекітеді;";

      409) тармақша алып тасталсын;

      418) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "418) өңірлендіру, аумақты аймақтарға, компартментке бөлу тәртібін айқындайды;";

      мынадай мазмұндағы 420-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "420-1) карантинді объектілер және (немесе) бөтен текті түрлер таралмаған немесе шектеулі таралған карантинге жатқызылған объектілерді, аймақтарды, орындарды, өндіріс учаскелерін айқындайды, импорттаушы елге растауды береді және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда көзделген жағдайларда импорттаушы елдің өкілдеріне инспекциялау жүргізу үшін қолжетімділікті қамтамасыз етеді;";

      421) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "421) мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және бекітеді;";

      422) тармақша алып тасталсын;

      434-26) және 434-27) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "434-26) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органмен және тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша органикалық өнім өндіру және оның айналымы қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      434-27) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органмен және тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша органикалық өнім өндіру кезінде қолданылатын рұқсат етілген құралдар тізімін әзірлейді және бекітеді;";

      434-39), 434-40) және 434-41) тармақшалар алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 434-46), 434-47), 434-48) және 434-49) тармақшалармен толықтырылсын:

      "434-46) тіркеушіні айқындау бойынша ашық конкурс өткізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      434-47) техникалық реттеу және метрология саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп мемлекеттік реттеуге жатқызылатын өлшемдер тізбесін бекітеді;

      434-48) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ұлттық, мемлекетаралық стандарттарды, ұлттық техникалық-экономикалық ақпарат сыныптауыштарын, стандарттау жөніндегі ұсынымдарды әзірлеу, өзгерістер енгізу, қайта қарау және күшін жою туралы ұсыныстарды дайындауды және уәкілетті органға енгізуді жүзеге асырады;

      434-49) уәкілетті органмен келісу бойынша ұлттық стандарттарды және ұлттық техникалық-экономикалық ақпарат сыныптауыштарын әзірлеуді жүзеге асырады;";

      17-тармақта:

      24) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "24) өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шараларды жүргізу үшін бюджет қаражаты есебінен сатып алынған пестицидтерді Қазақстан Республикасының аумағы бойынша бөледі;";

      26) және 27) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "26) Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шараларды жүргізу үшін пестицидтерді, оларды сақтау, тасымалдау, қолдану жөніндегі жұмыстар мен қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырады;

      27) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шараларды жүргізу үшін пестицидтер запасын құрады;";

      мынадай мазмұндағы 28-1) және 28-2) тармақшалармен толықтырылсын:

      "28-1) есепке алу нөмірлерін береді, қолданылуын тоқтата тұрады және кері қайтарып алады;

      28-2) мемлекеттік карантиндік фитосанитариялық бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру кезінде материалдық құралдарды, фото- және бейнетіркеуге арналған техникалық құралдарды пайдалану тәртібін әзірлейді және бекітеді;";

      31) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "31) карантиндік режимді енгізе отырып, карантиндік аймақты белгілеу немесе оны алып тастау туралы жергілікті атқарушы органдарға ұсыныстар енгізеді;";

      33) және 34) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "33) фитосанитариялық бақылау бекеттерінде әкелінетін, әкетілетін және транзиттік карантинге жатқызылған өнімге, көлік құралдарына және тасымалдауға арналған айлабұйымдарға (оның ішінде көлік құралдарының кабиналарына, салондарына, багаж және жүк бөлімшелеріне, контейнерлерге), жеке тұлғалардың қол жүгі мен багажына бастапқы карантиндік фитосанитариялық бақылауды және қадағалауды, қажет болған кезде үлгілерді іріктей отырып, карантиндік фитосанитариялық сараптама және (немесе) зертханалық сараптама жүргізеді, карантиндік фитосанитариялық бақылау және қадағалау актісін жасайды, ілеспе тауар-көлік құжаттарына мемлекеттік карантиндік фитосанитариялық бақылаудан және қадағалаудан өткені туралы белгіленген үлгідегі тиісті мөртабан басады;

      34) карантинге жатқызылған өнімнің межелі пунктінде көлік құралдарын және тасымалдауға арналған айлабұйымдарды (оның ішінде көлік құралдарының кабиналарын, салондарын, багаж және жүк бөлімшелерін, контейнерлерді), жеке тұлғалардың қол жүгі мен багажын қайталама карантиндік фитосанитариялық бақылауды және қадағалауды, үлгілерді іріктеуді, қажет болған кезде аумақтың фитосанитариялық сипаттамасын және оның шыққан жерін, межелі пунктін, сондай-ақ карантинді объектілер және (немесе) олар аз бөтен текті түрлер таралмаған немесе шектеулі таралған аймақтарды есепке ала отырып, карантиндік фитосанитариялық сараптама және (немесе) зертханалық сараптама жүргізеді, карантиндік фитосанитариялық бақылау және қадағалау актісін жасайды, ілеспе тауар-көлік құжаттарына мемлекеттік карантиндік фитосанитариялық бақылаудан және қадағалаудан өткені туралы белгіленген үлгідегі тиісті мөртабан басады;";

      35) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "35) әкетілетін карантинге жатқызылған өнімді тиеп-жөнелту орындарында тұрақты карантиндік тексеруді, қажет болғанда – үлгілерін алу арқылы карантиндік фитосанитариялық сараптаманы және (немесе) зертханалық сараптаманы және фитосанитариялық сертификаттауды жүргізеді;";

      37) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "37) Қазақстан Республикасының ішкі сауда объектілерінде және ұйымдарында карантинге жатқызылған өнімді тұрақты тексеруді, қажет болғанда үлгілерін алу арқылы оған карантиндік фитосанитариялық сараптаманы және (немесе) зертханалық сараптаманы жүргізеді және карантиндік құжаттарды қарайды;";

      66) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "66) Қазақстан Республикасының астық туралы заңнамасын бұзушылықтар анықталған жағдайда астық қабылдау кәсіпорындарына және жергілікті атқарушы органдарға нұсқамалар береді;";

      71) тармақша алып тасталсын;

      72), 73) және 73-1) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "72) пестицидтерді тіркеу (ұсақмөлдекті және өндірістік) сынақтарын және мемлекеттік тіркеуді ұйымдастырады;

      73) пестицидтерді мемлекеттік тіркеу және пестицидтерге тіркеу куәліктерін беруді жүзеге асырады;

      73-1) пестицидтер тізімін әзірлейді, бекітеді және жүргізеді;";

      75) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "75) Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен пестицидтерді мемлекеттік сатып алуды, оларды сақтау, тасымалдау, қолдану жөніндегі жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді жүргізеді;";

      75-1) тармақша алып тасталсын;

      77) және 78) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "77) бюджет қаражаты есебінен сатып алынған пестицидтерді фитосанитариялық мониторинг деректеріне және қалыптасқан фитосанитариялық жағдайға қарай Қазақстан Республикасының аумағы бойынша бөледі;

      78) пестицидтердің түрлері бойынша запас нормативтерін және оларды пайдалану тәртібін белгілейді;";

      80) және 81) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "80) Қазақстан Республикасының аумағында Қазақстан Республикасының өсімдіктерді қорғау туралы заңнамасы талаптарының сақталуына мемлекеттік фитосанитариялық бақылауды ұйымдастырады және жүзеге асырады;

      81) жеке және заңды тұлғаларға Қазақстан Республикасының өсімдіктерді қорғау туралы заңнамасын анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамалар шығарады және олардың орындалуын бақылайды;";

      85) және 86) тармақшалар алып тасталсын;

      126) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "126) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау мен қадағалауды, карантиндік фитосанитариялық бақылау мен қадағалауды, фитосанитариялық бақылауды жүзеге асырады;";

      129) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "129) мамандандырылған ұйымдардың агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне ақысыз негізде ұсынуға жататын ақпараттың және көрсетілетін қызметтердің тізбесін әзірлейді және бекітеді;";

      мынадай мазмұндағы 161-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "161-1) өңірлер бөлінісінде ветеринария саласындағы нысаналы индикаторлардың жоспарлы мәндерін бекітеді;";

      165) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "165) ветеринариялық препараттарды, жемшөп қоспаларын, аспаптарды, құрал-саймандарды бақылауды жүзеге асыру, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп қоспаларын байқаудан өткізуді, тіркеу сынақтарынан өткізуді ұйымдастыруды және олардың мемлекеттік тізілімдерін жүргізеді;";

      мынадай мазмұндағы 169-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "169-1) мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілеріне ветеринариялық-санитариялық қорытынды береді;";

      мынадай мазмұндағы 177-1), 177-2), 177-3), 177-4), 177-5), 177-6), 177-7) және 177-8) тармақшалармен толықтырылсын:

      "177-1) бюджеттік бағдарламалар бойынша сатып алынған ветеринариялық препараттарды тасымалдау (жеткізу) мен пайдалануды, мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;

      177-2) Қазақстан Республикасының аумағын басқа мемлекеттерден жануарлардың жұқпалы және экзотикалық ауруларының әкелiнуi мен таралуынан қорғау жөнiндегi ветеринариялық іс-шаралардың жүзеге асырылуына мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;

      177-3) Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасында белгіленген тәртіппен ветеринариялық есеп пен есептiлiк жүргiзедi және оларды тапсырады;

      177-4) ветеринариялық іс-шаралардың ұйымдастырылуына және орындалуына мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;

      177-5) мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілерінің қауіпсіздігіне, ветеринариялық-санитариялық жағдайға мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады; жануарлар ауруларының пайда болуы мен таралуы және жануарлардың азықтан улануы себептері мен жағдайларын ашып, анықтайды;

      177-6) тексерілетін субъектілердің Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасын сақтауына, сондай-ақ өздері бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын субъектілерге кедергісіз баруды қоса алғанда, техникалық регламенттерде белгіленген талаптарды орындауына бұзушыларға заңнамада көзделген шараларды қолдана отырып, мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;

      177-7) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендірудің ұйымдастырылуына және өткізілуіне, ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқордың жүргізілуіне және ондағы ақпараттың жаңартылып отыруына мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;

      177-8) Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды;";

      178) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "178) ветеринариялық бақылау бекеттерін ұйымдастырады;";

      184) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "184) ішкі сауда объектілерінде, жануарларды, жануарлардан алынатын өнім мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерінде, шекара және кеден пункттерінде (Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінде), сондай-ақ автомобиль қатынасы шегінде Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы тауарларды өткізудің өзге де орындарында және уәкілетті орган айқындаған өзге де орындарда, сондай-ақ жануарлар мен құстардың аса қауіпті аурулары бойынша карантиндік аймақтарда және қолайсыз пункттерде Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасының жануарлардың жұқпалы ауруларының белең алуына, таралуына жол бермеу, жануарлардан алынатын өнім мен шикізаттың ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету және Қазақстан Республикасының аумағын басқа мемлекеттерден жануарлардың жұқпалы және экзотикалық ауруларының әкелінуі мен таралуынан қорғау жөніндегі талаптарының сақталуы тұрғысынан мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау мен қадағалауды күн сайын жүзеге асырады;";

      мынадай мазмұндағы 188-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "188-1) карантиндік объектілер және (немесе) бөтен текті түрлер таралмаған немесе шектеулі таралған карантинге жатқызылған объектілерді, аймақтарды, орындарды, өндіріс учаскелерін айқындайды, импорттаушы елге растауды береді және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда көзделген жағдайларда импорттаушы елдің өкілдеріне инспекциялау жүргізу үшін қолжетімділікті қамтамасыз етеді;";

      мынадай мазмұндағы 198-1), 198-2) және 198-3) тармақшалармен толықтырылсын:

      "198-1) аумақты компартментке бөлу, өңірлендіру туралы шешім шығарады;

      198-2) жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнім мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөпті және жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарға есепке алу нөмірлерін береді және олардың тізілімін жүргізеді;

      198-3) мал қорымдарының (биотермиялық шұңқырлардың) тізілімін жүргізеді;";

      346) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "346) Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасының талаптарын сақтау тұрғысынан:

      жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерінде, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарда;

      ішкі сауда объектілерінде;

      ветеринария саласындағы кәсіпкерлік, оның ішінде лицензияланатын қызметті жүзеге асыратын тұлғаларда;

      мемлекеттік ветеринариялық ұйымдарда;

      ветеринариялық бақылау бекеттерінде;

      орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді тасымалдау (орнын ауыстыру), тиеу, түсіру кезінде;

      жануарлар ауруларының қоздырушыларын тарататын факторлар болуы мүмкін көлік құралдарының барлық түрлерінде, ыдыстың, буып-түю материалдарының барлық түрлері бойынша;

      мал айдалып өтетін жолдарда, маршруттарда, тасымалдау (орнын ауыстыру) маршруттары өтетін мал жайылымдары мен суаттардың аумақтарында;

      орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді өсіретін, сақтайтын, қайта өңдейтін, өткізетін немесе пайдаланатын, сондай-ақ ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың аумақтарында, өндірістік үй-жайларында және қызметіне;

      мал қорымдарын (биотермиялық шұңқырларды), орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді күтіп-ұстауға, өсіруге, пайдалануға, өндіруге, дайындауға (союға), сақтауға, қайта өңдеуге және өткізуге байланысты мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау мен қадағалау объектілерін орналастыру, салу, реконструкциялау және пайдалануға беру кезінде, сондай-ақ оларды тасымалдау (орнын ауыстыру) кезінде зоогигиеналық және ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптардың сақталуына;

      жергілікті атқарушы органдардың және олардың ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын бөлімшелерінің функцияларын орындауына мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;";

      346-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "346-1) шекара және кеден пункттерінде (Кеден одағының кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінде), сондай-ақ автомобиль қатынасы шегінде Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы тауарларды өткізудің өзге де орындарында және уәкілетті орган айқындаған өзге де орындарда мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау мен қадағалауды ұйымдастырады және жүзеге асырады;";

      360) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "360) екі немесе одан көп облыс аумағында (облыстардың аумағында карантинді объектінің жергілікті таралу жағдайларын қоспағанда) карантиндік режим енгізе отырып, карантиндік аймақты белгілеу немесе оның күшін жою туралы шешім қабылдайды;";

      мынадай мазмұндағы 360-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "360-1) Қазақстан Республикасының аумағын карантиндік объектілер мен бөтен текті түрлерден қорғау жөніндегі қағидаларға сәйкес уақытша карантиндік фитосанитариялық шараларды енгізеді және олардың күшін жояды;";

      361) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "361) ғылыми-зерттеу ұйымдарымен бірлесіп халықаралық нормалардың талаптары мен ұсынымдарды ескере отырып, фитосанитариялық тәуекелді бағалаудың ғылыми қағидаттары негізінде карантиндік фитосанитариялық шараларды әзірлейді;";

      392) тармақша алып тасталсын;

      415) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "415) Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының шешімдеріне сәйкес тіркеу (ұсақмөлдекті және өндірістік) сынақтарынан өткізу және (немесе) ғылыми зерттеулерді жүргізу үшін өсімдіктерді қорғаудың тіркелмеген құралдарының (пестицидтердің) үлгілерін әкелуге қорытынды (рұқсат беру құжатын) береді;";

      мынадай мазмұндағы 415-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "415-1) өсімдіктерді қорғау құралдарын (пестицидтерді) импорттауға лицензия береді;";

      Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің және оның ведомстволарының қарамағындағы аумақтық органдардың тізбесінде:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі ведомстволарының қарамағындағы аумақтық бөлімшелердің тізбесі, сондай-ақ облыстық аумақтық бөлімшелердің қарамағындағы аудандық (қалалық) аумақтық бөлімшелердің тізбесі";

      143-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "143. "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Бейімбет Майлин ауданының аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесі.";

      357-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "357. "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетiнiң Бейімбет Майлин ауданының аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесі.";

      Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің және оның ведомстволарының қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде:

      "Республикалық мемлекеттік кәсіпорындар" деген бөлімде:

      21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "21. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару комитетінің "Ауыл шаруашылығы аэрофотогеодезиялық іздестіру мемлекеттік институты (АШАІМИ)" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.".

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

      3. Осы қаулы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне агроөнеркәсіптік кешенді реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2019 жылғы 28 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес 2020 жылғы 6 мамырдан бастап қолданысқа енгізілетін Ереженің 16-тармағының 434-40) тармақшасын қоспағанда, қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин