"Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысына өзг

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 31 желтоқсандағы № 1046 қаулысы.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы қаулы 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі

      2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі 15-бабының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 87-88, 631-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулыға 8-қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы қаулы 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2019 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 1046 қаулысына
қосымша
  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2015 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 1193 қаулысына
8-қосымша

Дене шынықтыру және спорт саласындағы азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбек жағдайлары үшін қосымша ақылар мен үстемақылар

Р/с №

Қосымша ақылар мен үстемеақылардың атауы

Қосымша ақылар мен үстемеақылардың түрлері

Қосымша ақылар мен үстемеақылардың мөлшері

Ескертпе

1

2

3

4

5

1.


Жоғары сапалы оқу-жаттығу процесін тікелей қамтамасыз еткені үшін қосымша ақылар


қосымша ақыны төлеу тәртібі мен шарттарын лауазымдардың нақты тізбесі бойынша дене шынықтыру және спорт саласындағы орталық атқарушы орган белгілейді. Осы қосымша ақы ең жоғарғы көрсеткіш бойынша төленеді.


Олимпиадалық даярлау орталығының, балалар мен жасөспiрiмдер спорт мектептерiнiң, олимпиадалық резервтiң мамандандырылған балалар мен жасөспiрiмдер мектептерiнiң, балалар мен жасөспiрiмдер мамандандырылған спорт мектептерiнiң, спорт колледждерiнiң, спорттағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернаттардың, жоғары спорт шеберлiгі мектептерiнiң, мектеп-интернат-колледждерінің, Олимпиадалық резервтi даярлау орталығының, Дене мүмкіндіктері шектеулі адамдарға арналған спорттық даярлау орталығының, Ұлттық және ат спорты түрлері орталығының, Спортты дамыту дирекциясының, спорт клубтарының жұмыскерлеріне:




1)

Олимпиада, Паралимпиада ойындарына:
бірінші орынға
екінші орынға
үшінші орынға
төртінші орынға
бесінші орынға
алтыншы орынға


ЛА-дан 12 %
ЛА-дан 10 %
ЛА-дан 9 %
ЛА-дан 7 %
ЛА-дан 6 %
ЛА-дан 5 %


2)

жасөспірімдердің олимпиада ойындарында, әлем чемпионаттарында:
бірінші орынға
екінші орынға
үшінші орынға


 
ЛА-дан 8 %
ЛА-дан 6 %
ЛА-дан 4 %


3)

Сурдлимпиада ойындарында, Азия ойындарында, Азия Паралимпиада ойындарында, әлем кубоктарында:
бірінші орынға
екінші орынға
үшінші орынға


ЛА-дан 5 %
ЛА-дан 4 %
ЛА-да 3,5 %


4)

Азия чемпионаттарында, әлем кубогы, әлем чемпионаты кезеңдерінде (жастар мен жасөспірімдер арасында), Еуропа чемпионаттарында, Еуразиялық ойындарда және Дүниежүзілік Универсиадаларда:
бірінші орынға
екінші орынға
үшінші орынға


ЛА-дан 3 %
ЛА-дан 2,5 %
ЛА-дан 2 %


5)

Азия чемпионаттарында (жастар мен жасөспірімдер арасында), Азия кубогы, "Азия балалары" халықаралық спорттық ойындарында:
бірінші орынға
екінші орынға
үшінші орынға


ЛА-дан 2 %
ЛА-дан 1,5 %
ЛА-дан 1 %


6)

республика чемпионаттарында, Қазақстан Республикасы спартакиадаларында, жасөспірімдердің жастар ойындарында, Қазақстан Республикасының Паралимпиада ойындарында:
бірінші орынға
екінші орынға
үшінші орынға


ЛА-дан 1,5 %
ЛА-дан 1 %
ЛА-дан 0,5 %

республикалық жоғары спорт шеберлігі мектептерінен басқа

7)

республика чемпионаттарында (жастар мен жасөспірімдер арасында)


ЛА-дан 1 %

республикалық олимпиадаларға даярлау орталықтары, спорт колледждері және республикалық жоғары спорт шеберлігі мектептерінен басқа

2.


Спорттық жарыстардың чемпиондары мен жеңімпаздарын дайындау үшін қосымша ақы


көрсетілген қосымша ақыны төлеу тәртібі мен шарттарын дене шынықтыру және спорт саласындағы орталық атқарушы орган белгілейді.
Осы қосымша ақы ең жоғарғы көрсеткіш бойынша төленеді.


Олимпиадалық даярлау орталығының, балалар мен жасөспiрiмдер спорт мектептерінiң, олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар мен жасөспiрiмдер мектептерiнiң, мамандандырылған балалар мен жасөспiрiмдер спорт мектептерiнiң, спорт колледждерiнiң, спорттағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернаттардың, мектеп-интернат-колледждерінің, жоғары спорт шеберлiгі мектептерiнiң, Олимпиадалық резервті даярлау орталығының, Дене мүмкіндіктері шектеулі адамдарға арналған спорттық даярлау орталығының, Ұлттық және ат спорты түрлері орталығының, Спортты дамыту дирекциясының, спорт клубтарының жаттықтырушыларына, жаттықтырушы-оқытушыларына




1)

Олимпиада, Паралимпиада ойындарда:
бірінші орынға
екінші орынға
үшінші орынға
төртінші орынға
бесінші орынға
алтыншы орынға


ЛА-дан 100 %
ЛА-дан 90 %
ЛА-дан 80 %
ЛА-дан 70 %
ЛА-дан 60 %
ЛА-дан 50 %


2)

жасөспірімдердің Олимпиада ойындарында, әлем чемпионаттарында:
бірінші орынға
екінші орынға
үшінші орынға


ЛА-дан 60 %
ЛА-дан 50 %
ЛА-дан 40 %


3)

Сурдлимпиада ойындарында, Азия ойындарында, Азия Паралимпиада ойындарында, әлем кубоктарында:
бірінші орынға
екінші орынға
үшінші орынға


ЛА-дан 50 %
ЛА-дан 40 %
ЛА-дан 30 %


4)

Азия чемпионаттарында, әлем кубогы, әлем чемпионаты кезеңдерінде (жастар мен жасөспірімдер арасында), Еуропа чемпионаттарында, Еуразиялық ойындарда және Дүниежүзілік Универсиадаларда:
бірінші орынға
екінші орынға
үшінші орынға


ЛА-дан 40 %
ЛА-дан 30 %
ЛА-дан 20 %


5)

Азия чемпионаттарында (жастар мен жасөспірімдер арасында), Азия кубогы, "Азия балалары" халықаралық спорттық ойындарында:
бірінші орынға
екінші орынға
үшінші орынға


ЛА-дан 30 %
ЛА-дан 20 %
ЛА-дан 10 %


6)

республика чемпионаттарында, Қазақстан Республикасы Спартакиадаларында, жасөспірімдердің жастар ойындарында, Қазақстан Республикасы Паралимпиада ойындарында:
бірінші орынға
екінші орынға
үшінші орынға


ЛА-дан 15 %
ЛА-дан 10 %
ЛА-дан 5 %

Республикалық жоғары спорт шеберлігі мектептерінен басқа

7)

республика чемпионаттарында (жастар мен жасөспірімдер арасында)


ЛА-дан 10 %

республикалық олимпиадалық даярлау орталықтары, спорт колледждері және жоғары спорт шеберлігі мектептерінен басқа

3.


жоғары жетістіктер спортын және бұқаралық спортты оқу-әдістемелік материалдармен қамтамасыз еткені үшін қосымша ақы




Дене шынықтыру және спорт жөніндегі республикалық оқу-әдістемелік және талдау орталығының басқарушы және негізгі персоналына


ЛА-дан 10 %


4.


еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) және қауіпті (ерекше қауіпті) жұмыстармен айналысатын қызметкерлерге қосымша ақы


2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес және еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган бекіткен еңбек жағдайлары зиянды өндірістердің, цехтардың, кәсіптердің және лауазымдардың тізімі (тізбесі) негізінде


Мыналармен:
зиянды (уытты) химиялық заттармен;
шу шығаратын аппаратурамен жұмыс істегені үшін


БЛА-дан 100 %
БЛА-дан 60 %

спортшылардың допингке қарсы зертханасының қызметкерлеріне

5.


Спорттық атағы үшін үстемеақы


спорттық атақтар уәкілетті орталық атқарушы орган белгілеген тәртіппен беріледі

1)
2)

"Халықаралық дәрежедегі спорт шебері" "Спорт шебері"


БЛА-дан 30 %
БЛА-дан 15 %

осы үстемеақы ең жоғары көрсеткіш бойынша төленеді

6.


Спортшылардың биологиялық сынамаларында допингтің болуын анықтау үшін бірегей және жоғары технологиялық зерттеулердің орындалуын ұйымдастыру және қамтамасыз ету үшін қосымша ақы




Спортшылардың допингке қарсы зертханасының және Ұлттық допингке қарсы орталықтың басқару және негізгі персоналына


ЛА-дан 100 %


      Ескертпелер:

      1. Жұмыс уақытынан тыс кездерде спорттық жарыстар мен оқу-жаттығу жиындарында қызмет көрсеткені үшін медициналық қызметкерлерге еңбекақыны төлеу лауазымдық айлықақысын ескере отырып, нақты жұмыс істеген сағатына спорттық жарыстарды өткізетін ұйымдар төлейді.

      2. Спорт төрешілеріне спорттың ойын түрлерінен басқа спорттық жарыстарға бір күндік қызмет көрсеткені үшін және бір ойынға, алайда ұйымның спорттық іс-шараларының күнтізбелік жоспарлары бойынша өткізілетін спорттық ойын түрлері бойынша спорттық жарыс болатын күні екі ойыннан көп емес ойынға қызмет көрсеткені үшін:

      1) халықаралық санаттағы төрешіге БЛА-дан 15 %;

      2) жоғары санатты ұлттық спорт төрешісіне БЛА-дан 12 %;

      3) ұлттық спорт төрешісіне БЛА-дан 10 %;

      4) 1-санаттағы төрешіге БЛА-дан 8 %;

      5) спорт төрешісіне БЛА-дан 7 % төленеді.

      3. Спорттық ойын түрлері бойынша жоғары сапалы оқу-жаттығу процесін тікелей қамтамасыз еткені үшін және спорттық жарыстардың жеңімпаздары мен чемпиондарын даярлағаны үшін спорттың ойын түрлерінен жаттықтырушыларға, жаттықтырушы-оқытушыларға қосымша ақы төлеу тәртібі мен шарттарын дене шынықтыру және спорт саласындағы орталық атқарушы орган белгілейді.