"Мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітіліп берілген мемлекеттік мүлікті мемлекеттік меншіктің бір түрінен екіншісіне беру қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 маусымдағы № 616 қаулысына толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 25 желтоқсандағы № 976 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 11 шілдедегі № 550 қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 11.07.2023 № 550 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітіліп берілген мемлекеттік мүлікті мемлекеттік меншіктің бір түрінен екіншісіне беру қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 маусымдағы № 616 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 41, 521-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітіліп берілген мемлекеттік мүлікті мемлекеттік меншіктің бір түрінен екіншісіне беру қағидаларында:

      3-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Мемлекеттік мекемелер мен мемлекеттік кәсіпорындардың тұрғын үй қорынан тұрғын үй түріндегі мүлік мемлекеттік меншіктің бір түрінен екіншісіне берілген жағдайда, тұрғын үйді қабылдау-беру актісі мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті орган және жергілікті атқарушы орган шешім қабылдағаннан кейін күнтізбелік он бес күннен аспайтын мерзімде ресімделеді.".

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин