"Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1482 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 12 желтоқсандағы № 917 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1482 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасынан Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университеті Өкiлеттi Кеңесінің құрамы осы қаулыға қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі А. Мамин

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2019 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 917 қаулысына
қосымша
 
  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 1482 қаулысымен
бекітілген

Қазақстан Республикасынан Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрiк университетi Өкiлеттi Кеңесінің
ҚҰРАМЫ

      Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі

      Түркістан облысы әкімінің білім саласына жетекшілік ететін орынбасары

      Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Әлеуметтік сала бюджеті департаментінің директоры

      "Назарбаев Университеті" дербес білім беру ұйымының Жоғары білім беру мектебінің деканы (келісу бойынша)

      Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетінің ректоры (келісу бойынша).