"Қаржы академиясы" акционерлік қоғамының кейбір мәселелері туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 28 қазандағы № 890 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қаржы академиясы" акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Қоғам) акцияларының 100 (жүз) пайыз мөлшеріндегi мемлекеттік пакетін иелену және пайдалану құқығы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне берілсін.

      2. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Қоғамға қатысты уәкілетті орган болып айқындалсын.

      3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігімен бірлесіп Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.

      4. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.

      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2019 жылғы 28 қазандағы
№ 890 қаулысымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар

      1. "Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген иелік ету және пайдалану құқығы салалық министрліктерге, өзге де мемлекеттік органдарға берілетін республикалық меншік ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тізбесінде:

      "Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне" деген бөлімде:

      реттік нөмірі 217-13-жол алып тасталсын;

      "Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігіне" деген бөлім:

      мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 222-33-18-жолмен толықтырылсын:

      "222-33-18. "Қаржы академиясы" акционерлік қоғамы.".

      2. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 19.08.2022 № 581 қаулысымен.

      3. "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі № 387 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 22, 205-құжат):

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі туралы ережеде:

      Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің және оның ведомстволарының қарамағындағы ұйымдардың тізбесiнде:

      реттік нөмірі 4-жол алып тасталсын.

      4. "Жекешелендірудің 2016 – 2020 жылдарға арналған кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 1141 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 77-78-79, 588-құжат):

      көрсетілген қаулымен бекітілген жекешелендіруге жататын республикалық меншіктегі ұйымдардың тізбесінде:

      "Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі" деген бөлім:

      мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 60.11-жолмен толықтырылсын:

      "60.11. "Қаржы академиясы" акционерлік қоғамы.";

      "Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі" деген бөлімде:

      реттік нөмірі 66.1-жол алып тасталсын.