"Жобаларды индустрияландыру картасына және өңірлер кәсіпкерлігін қолдау карталарына енгізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 32 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 23 қазандағы № 786 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 20 маусымдағы № 409 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 20.06.2022 № 409 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. "Жобаларды индустрияландыру картасына және өңірлер кәсіпкерлігін қолдау карталарына енгізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 32 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2016 ж., № 7, 28-құжат) мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Жобаларды индустрияландыру картасына және өңірлер кәсіпкерлігін қолдау карталарына енгізу қағидаларында:

      7-тармақта:

      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) бәсекеге қабілеттілік – шығарылатын өнімнің, көрсетілетін жұмыстардың және (немесе) ұсынылатын қызметтердің төмен өзіндік құнынан, олардың сұранысынан және оларды өндірудің, көрсетудің немесе ұсынудың экономикалық орындылығынан көрінетін ұқсас, индустриялық-инновациялық жобалармен салыстырғандағы артықшылық;";

      мынадай мазмұндағы 4) және 5) тармақшалармен толықтырылсын:

      "4) еңбек өнімділігі – пайдаланылатын ресурстар бірлігіне есептегенде өнім шығаруды сипаттайтын, өндіріс көлемі мен еңбек ресурстары шығындарының арақатынасын білдіретін өндіріс тиімділігінің көрсеткіші;

      5) экспортқа бағдарланушылық - өндірістің өнім мен көрсетілетін қызметтер экспортына бағытталуы.".

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин