Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 7 қарашадағы № 1179 қаулысына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қызметiн ауыстырған және жоғарылаған кезде көтерме жәрдемақыға, көліктің жолақысы үшін және жеке мүлкін тасымалдағаны үшін шығындардың орнын толтыруға құқығы бар ішкі істер органдары қызметкерлері лауазымдарының тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 7 қарашадағы № 1179 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 68, 627-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген қызметiн ауыстырған және жоғарылаған кезде көтерме жәрдемақыға, көліктің жолақысы үшін және жеке мүлкін тасымалдағаны үшін шығындардың орнын толтыруға құқығы бар ішкі істер органдары қызметкерлері лауазымдарының тізбесі осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
А. Мамин |
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2019 жылғы 15 қазандағы № 768 қаулысына қосымша |
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 7 қарашадағы № 1179 қаулысымен бекітілген |
Қызметiн ауыстырған және жоғарылаған кезде көтерме жәрдемақыға, көліктің жолақысы үшін және жеке мүлкін тасымалдағаны үшін шығындардың орнын толтыруға құқығы бар ішкі істер органдары қызметкерлері лауазымдарының тізбесі (Төтенше жағдайлар комитетін қоспағанда)
1. Ішкі істер министрі.
2. Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары.
3. Ішкі істер министрінің орынбасары.
4. Комитет төрағасы.
5. Комитет төрағасының орынбасары.
6. Департамент бастығы.
7. Департамент бастығының орынбасары.
8. Дербес басқарма бастығы.
9. Дербес басқарма бастығының орынбасары.
10. Комитеттің басқарма бастығы.
11. Комитеттің басқарма бастығының орынбасары.
12. Комитеттің дербес бөлімінің бастығы.
13. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың, көліктегі полиция департаментінің бастығы.
14. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың, көліктегі полиция департаменті бастығының орынбасары.
15. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың, көліктегі полиция департаментінің қалалық, аудандық, желілік ішкі істер органдарының бастығы.
16. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың, көліктегі полиция департаментінің қалалық, аудандық, желілік ішкі істер органдары бастығының орынбасары.
17. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің бастығы.
18. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың қылмыстық-атқару жүйесі департаменті бастығының орынбасары.
19. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің мекеме бастығы.
20. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің мекеме бастығының орынбасары.