"Коммерциялық емес ұйымдар туралы" 2001 жылғы 16 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мыналар:
1) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетi" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қайта құру жолымен жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын "Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетi" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – қоғам);
2) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қайта құру жолымен жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын "Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институты" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – қоғам);
3) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетi" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қайта құру жолымен жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын "Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетi" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – қоғам);
4) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қайта құру жолымен жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын "І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – қоғам);
5) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетi" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны мен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Тараз мемлекеттік педагогикалық университеті" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны біріктіру және қайта құру жолымен жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын "М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – қоғам);
6) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қайта құру жолымен жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын "Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – қоғам);
7) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қайта құру жолымен жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын "Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – қоғам);
8) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қайта құру жолымен жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын "Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – қоғам);
9) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Павлодар мемлекеттік педагогикалық университеті" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қайта құру жолымен жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын "Павлодар педагогикалық университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – қоғам);
10) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қайта құру жолымен жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын "Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – қоғам);
11) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Халел Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қайта құру жолымен жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын "Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – қоғам);
12) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қайта құру жолымен жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын "Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – қоғам);
13) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қайта құру жолымен жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын "Торайғыров университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – қоғам);
14) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Қарағанды мемлекеттік индустриялық университеті" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қайта құру жолымен жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын "Қарағанды индустриялық университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – қоғам);
15) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетi" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны мен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Өмірзақ Сұлтанғазин атындағы Қостанай мемлекеттік педагогикалық университеті" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны біріктіру және қайта құру жолымен жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын "А. Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – қоғам);
16) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетi" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қайта құру жолымен жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын "Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетi" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – қоғам);
17) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Қарағанды мемлекеттік техникалық университетi" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қайта құру жолымен жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын "Қарағанды техникалық университетi" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – қоғам);
18) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "М. Әуезов атындағы Оңтүстiк Қазақстан мемлекеттік университетi" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қайта құру жолымен жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын "М. Әуезов атындағы Оңтүстiк Қазақстан университетi" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – қоғам);
19) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Рудный индустриялық институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қайта құру жолымен жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын "Рудный индустриялық институты" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – қоғам);
20) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Ш. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университеті" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қайта құру жолымен жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын "Ш. Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – қоғам);
21) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетi" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қайта құру жолымен жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын "Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университетi" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – қоғам);
22) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қайта құру жолымен жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын "Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – қоғам);
23) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетi" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны және оның "Жаңа химиялық технологиялар және материалдар ғылыми-зерттеу институты", "Математика және механика ғылыми зерттеу институты", "Биология және биотехнология мәселелері ғылыми-зерттеу институты", "Экология мәселелері ғылыми-зерттеу институты", "Физика-химиялық әдістерді талдау және зерттеу орталығы", "Эксперименттік және теориялық физика ғылыми-зерттеу институты", "Ғылыми-технологиялық парк" және "Ашық түрдегі ұлттық нанотехнологиялық зертхана" еншілес мемлекеттік кәсіпорындары біріктіру және қайта құру жолымен жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын "Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетi" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – қоғам);
24) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Д. Серiкбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетi" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қайта құру жолымен жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын "Д. Серiкбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетi" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – қоғам);
25) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетi" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қайта құру жолымен жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын "Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетi" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – қоғам) болып қайта ұйымдастырылсын.
2. Қоғамдар қызметінің негізгі нысанасы жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және қосымша білім беру саласында білім беру қызметтерін ұсыну болып айқындалсын.
3. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесе отырып, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) қоғамдардың жарғыларын бекітуді;
2) қоғамдардың әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
3) басқару органдары құрылғанға дейін қоғамдардың атынан мемлекеттік тіркеу, қаржы-шаруашылық қызметті жүзеге асыру және үшінші тұлғалар алдында оның мүдделерін білдіру үшін құжаттарға қол қоюға уәкілетті адамды сайлауды;
4) қоғамдар акцияларының мемлекеттік пакетіне иелік ету мен пайдалану құқықтарын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне беруді;
5) осы қаулыдан туындайтын өзге де шаралар қабылдауды қамтамасыз етсін.
4. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
5. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
А. Мамин |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 11 қазандағы № 752 қаулысымен бекітілген |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
1. "Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 13, 124-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген акцияларының мемлекеттік пакеттері мен қатысудың мемлекеттік үлестері республикалық меншікте қалатын акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктерінің тізбесі:
1) мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 13-14-жолмен:
"13-14. "Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университетi" коммерциялық емес акционерлік қоғамы.";
2) мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 21-193-жолмен:
"21-193. "Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы.";
3) мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 38-8-жолмен:
"38-8. "Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы.";
4) мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 123-153-жолмен:
"123-153. "Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы.";
5) мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 123-154-жолмен:
"123-154. "Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетi" коммерциялық емес акционерлік қоғамы.";
6) мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 123-155-жолмен:
"123-155. "Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетi" коммерциялық емес акционерлік қоғамы.";
7) мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 133-9-жолмен:
"133-9. "Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетi" коммерциялық емес акционерлік қоғамы.";
8) мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 145-8-жолмен:
"145-8. "Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы.";
9) мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 165-20-жолмен:
"165-20. "Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетi" коммерциялық емес акционерлік қоғамы.";
10) мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 165-21-жолмен:
"165-21. "Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы.".;
11) мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 165-22-жолмен:
"165-22. "Д. Серiкбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетi" коммерциялық емес акционерлік қоғамы.";
12) мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 180-8-жолмен:
"180-8. "М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы.";
13) мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 194-7-жолмен:
"194-7. Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы.";
14) мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 214-20-жолмен:
"214-20. "Қарағанды индустриялық университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы.".;
15) мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 214-21-жолмен:
"214-21. "Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетi" коммерциялық емес акционерлік қоғамы.";
16) мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 214-22-жолмен:
"214-22. "Қарағанды техникалық университетi" коммерциялық емес акционерлік қоғамы.";
17) мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 218-9-жолмен:
"218-9. "Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы.";
18) мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 229-13-жолмен:
"229-13. "Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институты" коммерциялық емес акционерлік қоғамы.";
19) мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 229-14-жолмен:
"229-14. "А. Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы.";
20) мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 229-15-жолмен:
"229-15. "Рудный индустриялық институты" коммерциялық емес акционерлік қоғамы.";
21) мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 236-10-жолмен:
"236-10. "Ш. Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы.";
22) мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 265-13-жолмен:
"265-13. "Павлодар педагогикалық университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы.";
23) мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 265-14-жолмен:
"265-14. "Торайғыров университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы.".;
24) мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 280-9-жолмен:
"280-9. "Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы.";
25) мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 306-жолмен:
"306. "М. Әуезов атындағы Оңтүстiк Қазақстан университетi" коммерциялық емес акционерлік қоғамы." толықтырылсын.
2. "Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген иелік ету және пайдалану құқығы салалық министрліктерге, өзге де мемлекеттік органдарға берілетін республикалық меншік ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тізбесінде:
"Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі" деген бөлім:
1) мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 222-33-18-жолмен:
"222-33-18 "Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетi" КеАҚ.";
2) мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 222-33-19-жолмен:
"222-33-19 "Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институты" КеАҚ.";
3) мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 222-33-20-жолмен:
"222-33-20 "Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетi" КеАҚ.";
4) мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 222-33-21-жолмен:
"222-33-21 "Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті" КеАҚ.";
5) мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 222-33-22-жолмен:
"222-33-22 "М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті" КеАҚ.";
6) мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 222-33-23-жолмен:
"222-33-23 "Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті" КеАҚ.";
7) мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 222-33-24-жолмен:
"222-33-24 "Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті" КеАҚ.";
8) мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 222-33-25-жолмен:
"222-33-25 "Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті" КеАҚ.";
9) мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 222-33-26-жолмен:
"222-33-26 "Павлодар педагогикалық университеті" КеАҚ.";
10) мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 222-33-27-жолмен:
"222-33-27 "Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті" КеАҚ.";
11) мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 222-33-28-жолмен:
"222-33-28 "Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университеті" КеАҚ.";
12) мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 222-33-29-жолмен:
"222-33-29 "Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті" КеАҚ.";
13) мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 222-33-30-жолмен:
"222-33-30. "Торайғыров университеті" КеАҚ.".;
14) мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 222-33-31-жолмен:
"222-33-31. "Қарағанды индустриялық университеті" КеАҚ.".;
15) мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 222-33-32-жолмен:
"222-33-32. "А. Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті" КеАҚ.";
16) мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 222-33-33-жолмен:
"222-33-33. "Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетi" КеАҚ.";
17) мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 222-33-34-жолмен:
"222-33-34. "Қарағанды техникалық университетi" КеАҚ.";
18) мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 222-33-36-жолмен:
"222-33-36. "М. Әуезов атындағы Оңтүстiк Қазақстан университетi" КеАҚ.";
19) мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 222-33-37-жолмен:
"222-33-37. "Рудный индустриялық институты" КеАҚ.";
20) мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 222-33-38-жолмен:
"222-33-38. "Ш. Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті" КеАҚ.";
21) мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 222-33-40-жолмен:
"222-33-40. "Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университетi" КеАҚ.";
22) мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 222-33-41-жолмен:
"222-33-41. "Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті" КеАҚ.";
23) мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 222-33-42-жолмен:
"222-33-42. "Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетi" КеАҚ.";
24) мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 222-33-43-жолмен:
"222-33-43. "Д. Серiкбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетi" КеАҚ.";
25) мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 222-33-44-жолмен:
"222-33-44. "Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетi" КеАҚ." толықтырылсын.
3. "Жекешелендіруге жатпайтын мемлекеттік жоғары оқу орындарының тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 6 шілдедегі № 1021 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., № 28, 339-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген жекешелендіруге жатпайтын мемлекеттік жоғары оқу орындарының тізбесінде:
реттік нөмірлері 12 және 23-жолдар алып тасталсын;
реттік нөмірі 1-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
1 | "Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы | Алматы қаласы |
"; |
реттік нөмірі 3-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
3 | "Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы | Алматы қаласы |
"; |
реттік нөмірі 7-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
7 | "Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетi" коммерциялық емес акционерлік қоғамы | Өскемен қаласы |
"; |
реттік нөмірі 10-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
10 | "Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы | Талдықорған қаласы |
"; |
реттік нөмірі 11-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
11 | "Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы | Атырау қаласы |
"; |
реттік нөмірі 13-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
13 | "Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетi" коммерциялық емес акционерлік қоғамы | Қарағанды қаласы |
"; |
реттік нөмірі 15-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
15 | "Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы | Қызылорда қаласы |
"; |
реттік нөмірі 17-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
17 | "Торайғыров университетi" коммерциялық емес акционерлік қоғамы | Павлодар қаласы |
"; |
реттік нөмірі 18-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
18 | "Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы | Петропавл қаласы |
"; |
реттік нөмірі 21-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
21 | "Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы | Орал қаласы |
"; |
реттік нөмірі 22-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
22 | "М. Әуезов атындағы Оңтүстiк Қазақстан университетi" коммерциялық емес акционерлік қоғамы | Шымкент қаласы |
"; |
реттік нөмірі 24-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
24 | "Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы | Нұр-Сұлтан қаласы |
"; |
реттік нөмірі 26-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
26 | "Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетi" коммерциялық емес акционерлік қоғамы | Алматы қаласы |
"; |
реттік нөмірі 32-1-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
32-1 | "Ш. Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы | Ақтау қаласы |
"; |
реттік нөмірі 32-2-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
32-2 | "Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетi" коммерциялық емес акционерлік қоғамы | Алматы қаласы |
"; |
реттік нөмірі 34-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
34 | "Қарағанды индустриялық университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы | Теміртау қаласы |
"; |
реттік нөмірі 35-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
35 | "Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетi" коммерциялық емес акционерлік қоғамы | Ақтөбе қаласы |
"; |
реттік нөмірі 36-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
36 | "Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы | Семей қаласы |
"; |
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 37-жолмен толықтырылсын:
"
37 | "Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институты" коммерциялық емес акционерлік қоғамы | Арқалық қаласы |
"; |
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 38-жолмен толықтырылсын:
"
38 | "М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы | Тараз қаласы |
"; |
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 39-жолмен толықтырылсын:
"
39 | "Павлодар педагогикалық университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы | Павлодар қаласы |
"; |
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 40-жолмен толықтырылсын:
"
40 | "А. Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы | Қостанай қаласы |
"; |
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 41-жолмен толықтырылсын:
"
41 | "Рудный индустриялық институты" коммерциялық емес акционерлік қоғамы | Рудный қаласы |
"; |
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 42-жолмен толықтырылсын:
"
42 | "Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университетi" коммерциялық емес акционерлік қоғамы | Көкшетау қаласы |
"; |
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 43-жолмен толықтырылсын:
"
43 | "Д. Серiкбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетi" коммерциялық емес акционерлік қоғамы | Өскемен қаласы |
"; |
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 44-жолмен толықтырылсын:
"
44 | "Қарағанды техникалық университетi" коммерциялық емес акционерлік қоғамы | Қарағанды қаласы |
". |
4. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 19.08.2022 № 581 қаулысымен.
5. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 03.06.2022 № 361 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 11 қазандағы № 752 қаулысына қосымша |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі
1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 6 қыркүйектегі № 984 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 29, 326-құжат).
2. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 6 қыркүйектегі № 984 қаулысына толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 17 қаңтардағы № 37 қаулысы.
3. "Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық мемлекеттік университеті" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 21 желтоқсандағы № 1258 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 47, 575-құжат).