Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Жолаушыларды, багажды, жүктер мен почта жөнелтiлiмдерiн тасымалдау жөнінде қызметтер көрсету үшiн халықаралық авиамаршруттарға арналған конкурс өткiзу және халықаралық авиамаршруттарға куәлiктер беру қағидаларын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 19 қарашадағы № 1221 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 2, 16-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Жолаушыларды, багажды, жүктер мен почта жөнелтiлiмдерiн тасымалдау жөнінде қызметтер көрсету үшiн халықаралық авиамаршруттарға арналған конкурс өткiзу және халықаралық авиамаршруттарға куәлiктер беру қағидаларында:
көрсетілген Қағидаларға 2-қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
А. Мамин |
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АВИАМАРШРУТҚА КУӘЛІК
_________________________________________________________________________
(заңды тұлғаның толық атауы)
жолаушыларды, багажды, жүктер мен почта жөнелтілімдерін тасымалдау (тасымалдау объектілері көрсетіледі) мақсатында
____________________________________ халықаралық авиамаршруты бойынша (халықаралық авиамаршрут атауы)
__________________________________________________________________________
иілігімен (аптасына рұқсат етілген рейстер саны)
тұрақты авиарейстерді орындау құқығы берілді.
Халықаралық авиамаршрутқа куәлік берген мемлекеттік орган
__________________________________________________________________________
(куәлікті берген мемлекеттік органның толық атауы)
_________________________________________________________________________
(уәкілетті органның лауазымды адамының немесе ол уәкілеттік берген адамның тегі, аты-жөні және қолы)
Куәлік берілген күн: 20___ жылғы "___" ___
Куәліктің қолданылу мерзімі: 20___ жылғы "___" ___ дейін
Куәліктің нөмірі ____________ № ____________
Нұр-Сұлтан қаласы