"Қатысу үлестерін республикалық меншікке қабылдау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 29 қыркүйектегі № 607 қбп қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
А. Мамин |
Қазақстан Республикасы | |
Үкіметінің | |
2019 жылғы 25 шілдедегі | |
№ 533 қаулысымен | |
бекітілген |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
1. "Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 13, 124-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген акцияларының мемлекеттік пакеттері мен қатысу үлестері республикалық меншікте қалатын акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде:
"Шығыс Қазақстан облысы" деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 165-18 және 165-19-жолдармен толықтырылсын:
"165-18. "АЭС Өскемен ГЭС" ЖШС
165-19. "АЭС Шүлбі ГЭС" ЖШС".
2. "Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген иелік ету және пайдалану құқығы салалық министрліктерге, өзге де мемлекеттік органдарға берілетін республикалық меншік ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тізбесінде:
"Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігіне" деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 20-14 және 20-15-жолдармен толықтырылсын:
"20-14. "АЭС Өскемен ГЭС" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
20-15. "АЭС Шүлбі ГЭС" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі".
3. "Ұлттық холдингтердің және (немесе) ұлттық компаниялардың не олардың аффилиирленген тұлғаларының, сондай-ақ мемлекет қатысатын өзге де заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына берілген және (немесе) олардың меншігінде тұрған стратегиялық объектілердің және мемлекетпен аффилиирленбеген заңды тұлғалардың, сондай-ақ жеке тұлғалардың меншігінде тұрған стратегиялық объектілердің тізбелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 30 маусымдағы № 651 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 31, 330-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген ұлттық холдингтердің және (немесе) ұлттық компаниялардың не олардың аффилиирленген тұлғаларының, сондай-ақ мемлекет қатысатын өзге де заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына берілген және (немесе) олардың меншігінде тұрған стратегиялық объектілердің тізбесінде:
"Меншігінде стратегиялық объектілер бар заңды тұлғалар акцияларының пакеттері (қатысу үлестері, пайлары)" деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 80 және 81-жолдармен толықтырылсын:
"
80. | "АЭС Өскемен ГЭС" ЖШС қатысу үлесінің 100 % |
81. | "АЭС Шүлбі ГЭС" ЖШС қатысу үлесінің 100 % |
"; |
"Су шаруашылығы құрылыстары" деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 5 және 6-жолдармен толықтырылсын:
"
5. | Шүлбі ГЭС-тің мүліктік кешені |
6. | Өскемен ГЭС-тің мүліктік кешені |
"; |
көрсетілген қаулымен бекітілген мемлекетпен аффилиирленбеген заңды тұлғалардың, сондай-ақ жеке тұлғалардың меншігінде тұрған стратегиялық объектілердің тізбесінде:
"Меншігінде стратегиялық объектілер бар заңды тұлғалар акцияларының пакеттері (қатысу үлестері, пайлары)" деген бөлімде:
реттік нөмірлері 11 және 12-жолдар алып тасталсын;
"Су шаруашылығы құрылыстары" деген бөлімде:
реттік нөмірлері 1 және 2-жолдар алып тасталсын.
4. "Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 994 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 55-56, 544-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі туралы ережеде:
Министрліктің қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде:
"Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі" деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 8 және 9-жолдармен толықтырылсын:
"8. "АЭС Өскемен ГЭС" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
9. "АЭС Шүлбі ГЭС" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.".