Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
А. Мамин |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 23 шілдедегі № 525 қаулысына қосымша |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі
1. "Мемлекеттік кәсіпорындардың тұрғын үй қорынан тұрғын үй берудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 қыркүйектегі № 1482 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 40, 391-құжат).
2. "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қала құрылысы кадастрын жүргізу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 11 желтоқсандағы № 2082 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 58, 507-құжат).
3. "Мемлекеттік кәсіпорындардың тұрғын үй қорынан тұрғын үй берудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 қыркүйектегі № 1482 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 мамырдағы № 707 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 54, 727-құжат).