"Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың резервтерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 2

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 10 шілдедегі № 492 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың резервтерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 25 сәуірдегі № 325 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 27-28, 168-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың резервтерін пайдалану қағидаларында:

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Қазақстан Республикасының аумағында әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған, сондай-ақ төтенше жағдайдың құқықтық режимін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар өткізілген жағдайда, төтенше жағдайдың тиісті түрі саласындағы орталық уәкілетті орган заңнамаға сәйкес бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға тиісті негіздемелермен және есеп-қисаптармен Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервтерінен ақша бөлу туралы өтінішхат ұсынады. Бұл ретте орын алған әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай өңірлік немесе жаһандық ауқымда не егер авария, зілзала немесе апаттың салдарынан төтенше жағдай аймағы 15000-нан астам адамның тыныс-тіршілік жағдайларын бұзып, бір қалалық елді мекеннің аумағын қамтыса, жергілікті ауқымда болуға тиіс.";

      13-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "13-1. Шығыстар тиісінше Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе жергілікті атқарушы органдардың қаулыларында көзделген әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою үшін іс-шараларға арналған төтенше резервтен қаржыландырылған кезде шығыстардың әрбір түрі бойынша бөлінген қаражаттың 50 %-ынан аспайтын мөлшерде (алдын ала) ақы төлеуге рұқсат етіледі.

      Көрсетілген шығыстарды одан әрі қаржыландыруды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің негіздейтін құжаттарды ұсынуына қарай бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдар жүзеге асырады.";

      22-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою кезінде халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен ақша бөлу үшін облыстардың, республикалық маңызы бар қалаларының, астананың әкімдері азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органға Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген төтенше жағдай аймағындағы халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз етудің ең аз нормаларына және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 7 қарашадағы № 890 бұйрығымен бекітілген Әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың, оларды оқшаулау және жою жөніндегі іс-шаралардың орын алғанын, төтенше жағдайдың құқықтық режимін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды өткізу қажеттілігін негіздейтін материалдарды, материалдық-техникалық, қаржылық және адами ресурстардың тиісті негіздемелерін ұсыну қағидаларына және тізбесіне сәйкес тиісті негіздеуші материалдары мен жиынтық есеп-қисаптары бар өтінішхат ұсынады.".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин